Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан президенттігінен үміткер Мэлс Елеусізов Оңтүстік Қазақстан облысында болды

Дата: 20 марта 2011 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан президенттігінен үміткер Мэлс Елеусізов Оңтүстік Қазақстан облысында болды

Қазақстан президенттігінен үміткер Мэлс Елеусізов Оңтүстік Қазақстан облысында болды

Мақтаарал ауданында болған кездесулер Шымкент қаласында жалғасын тапты. Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты Жастарды кәсіби бағдарлау орталығында өткен кездесуде Мэлс Хамзаұлы жиналғандарды сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстырды.

– Әдетте, жұртшылық мені таби­ғат­ты қорғаудан басқа ештеңе тол­ған­дырмайтындай көреді. Олай емес. Менің сайлауалды бағдарламамда та­би­ғат мәселесі екі-үш ауыз сөйлем­дер­мен шектеледі. Мен негізінен рес­пуб­ликамыздың әлеуметтік-экономи­ка­лық жағдайын бүгінгісінен әрі жақ­сар­ту жайын ойлаймын, – деді президенттікке кандидат.

Сөзін осылай сабақтаған үміткер алдымен ауылдың жағдайын көтеру, шағын және орта кәсіпкерлікті нығай­ту керектігін айтты.

Қазір дүние жү­зін­де азық-түлік тапшылығы қатты сезілуде. Біраз мемлекеттер аштыққа ұрын­ды.

Ал, жер асты байлығы орасан пайда әкеліп жатқан Қазақстан шикізаттан түсетін табыстарға алдана бермеуі керек.

Ел экономикасын көтеру, жұмыс­сыздықты азайту, зейнетақыны көтеру, индустриялық-инновациялық бағыт­та­ғы бағдарламаны жетілдіру жөнінде бүгінгі жасалып жатқан жұмыстарға тілектес екендігін жеткізген үміткер Кеңес Одағы кезінде жақсы жолға қой­ылған мүгедектер мәселесі бүгіндері сын көтермейтіндігін атап көрсетті.

Жемқорлық жегіқұртқа айналып келеді. Жемқорлық жайлаған жерде заң да жұмыс жасамайды, дәрменсіз. Судья­лар­ды халық сайлап қоюы қажет. Әйтпесе, олар кімнің қалтасы қалың, соған жұмыс жасап кете береді.

Халыққа өз ойымды бүкпесіз айтып жүрмін, таңдау өздеріңде

Қазақстан президенттігінен үміт­кер өзінің үш-төрт мәрте соттасқанда осыған көзі анық жеткендігін қосты.

Әрине, соңғы сөз табиғат мәсе­ле­сіне ойысты, Мақтааралдың күнкөрісі – мақта. Бірақ, көп су керек ететін дақыл улы химикат, тыңайтқышпен өсіріледі.

Аралдың түбіне жеткен мақтаны ауыстыратындай дақылдарды іздестіруіміз керек.

Мэлс Хамзаұлы алқаптарды аралап көргенін, тұзы бетіне шыққан топырақтың іркінді суды сіңіре алмай тозып бар жатқанын айтты.

– Бұл кездесулерде маған бүйрек бұратындардың молдығы сенімімді нығайтты, – деді ол. – Халыққа өз ойымды бүкпесіз айтып жүрмін. Таңдау өздеріңде.

По сообщению сайта Nur.kz

Читайте также