Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жапонияда радиациямен улану қауіпі балық шаруашылығын тоқыратты

Дата: 20 марта 2011 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жапонияда радиациямен улану қауіпі балық шаруашылығын тоқыратты

Жапониядағы атом электр станциясындағы апатты жағдай бүкіл ел мен көршілес мемлекеттерді алаңдатып отыр.

Кейінгі күндері Токиодағы балық сататын базарда бірең-сараң адамды көруге болады.
Әдетте демалыс күндері осы базар адамға толып тұратын.

Ел тұрғындары арасында теңіз сулары радиациямен уланған деген сыбыс тарап, енді олар балық жеуден қорқып жүр.

Ал балықшылар болса, осы қауіп тез арада сейілмей, кәсіптері тоқырауға ұшырайды деп алаңдауда.

Қытайда керісінше жұрт тұзды көптеп сатып алуда. Пекиндегі дүкендердің көбінде тұз жоғалып кеткен.

Радиация теңізге түскендіктен, енді теңізден өндірілетін тұз денсаулыққа қауіпті, сондықтан халық ескі тұзбен қамдануды ұйғарған.

Сонымен қатар йодпен қанықтырылған тұз радиацияың әсерін азайтады деген ақпарат та осыған әсер етті.

Ел тұрғындары арасында теңіз сулары радиациямен уланған деген сыбыс тарап, енді олар балық жеуден қорқып жүр

Қытай өкіметі теңіз радиациямен уланды деген қауесетке сенбеуге шақырады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, күн сайын жүріп жатқан тексерулер радиация деңгейнің қалыпты екенін көрсетіп отыр.

По сообщению сайта Nur.kz