Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Наурызкөжеден фаст-фуд неге жасамаймыз?

Дата: 20 марта 2011 в 10:00

Наурызкөжеден фаст-фуд неге жасамаймыз?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі жақындаған сайын әр отбасы наурыз­көже жасауды міндетім деп санайды.

Тіпті көже жасау­ды білмейтін жас келін­дер үлкен кісілерден наурызкөжені қалай дайындаудың әдіс-тәсілін сұрас­тырып, тәжірибе алмасып жататын жайттар да кездеседі...

Тереңіне үңілсек, наурызкөженің қасие­ті мен құрылысы тым ерекше. Әйтсе де бойына айрықша қасиет жиған бұл асты дайындау оңай шаруа емес. Дәмі тіл үйіру үшін оған міндетті түрде сүр ет қосу керек. Сондай-ақ көжеге қосылатын басқа да дәмдерді нақпа-нақ дәл қоса білу де үлкен шеберлікті қажет етеді.

Жасыратыны жоқ, қазірде Наурыз мейрамдарында да­йындалып жүрген наурызкөженің белгілі бір технологиясы, құрамы, дәмі, стандарты көңілімізден шықпай да жатады. Көжені кім қалай естісе немесе бір жерден оқыса, біреуден үйренсе, солай жасап жүр.

Ал енді жылдар өте келе, осы ұлттық дәміміз­дің сапасы одан әрі төмендеп кетпесіне кім кепіл?! Не істеу керек?

Жалпы, қазірде, елде жаппай агро­өнім­дерімізді қолдау үрдісі жүріп жатыр. Бұл ретте агроөнім өндіретіндерге қар­жылай көмек беру, банктердің бетін ауыл­ға бұру, ауылшаруашылық өнімдерін шы­ғарушыларға субсидия, дотация бөлу тәрізді шаралар легі атқарылып-ақ келеді. Ендігі кезекте осы ұлттың шөлін басатын, халықтың денсаулығына оң әсерін тигізетін сусындарымызға да белгілі бір қолдау керек тәрізді. Бұл ретте мамандар «қымыз, шұбат өндіретіндер өз алдына, жаңағы наурызкөжені жасау үшін де бел­гілі бір жүйе қажет» деседі.

Мәселен, бұған қатыс­ты Қазақ ауылшаруашылық өнім­дерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу ин­ститутының ғалымдары «Бүгінде қымыз, шұбат, нау­рыз­көже, айран, қымыран тәрізді сусын­дарымыздың құнарлылығы, адам ағзасы­на тигізетін пайдасы әбден зерттеліп, нақ­тыланып болды. Ендігі кезекте біз осы су­сын­дарымыздың кеңінен таралуына мүм­кіндік жасауымыз қажет» дейді.

Мамандар бір ғана наурызкөженің кеңінен таралуы үшін мынадай жайттарға басымдық беруіміз керектігін алға тартады:

— наурызкөженің ішіне жеті түрлі ас қосылатындықтан, көжені жартылай да­йын өнім ретінде шығару керек. Ол үшін нау­рызкөжеге қосылатын дәмдердің басын біріктіріп, арнайы қапшықтарға салып, сыртына өнімнің құнарлылығы мен қасиеті жөнінде кеңінен мағлұмат берілуі қажет;

— наурызкөжені қымыз бен шұбат тәрізді арнайы құтыларға құйып, дүкен­дер­де сатылатын етіп жасаған абзал;

— көжені жасаудың технологиясын дамытып, оны арнайы заңмен бекітіп, көжеге қосылатын қоспаларды арнайы заңмен бекіткен абзал;

— наурызкөженің ағзаға пайдасы дәйім насихатталып отыруы тиіс.

Міне, мамандар болашақта Наурыз көженің жасалу технологиясында кемшіндік кетпеуі үшін, сондай-ақ халыққа кеңі­нен таралуы мақсатында осындай ұсыныс­тарға назар аударылғаны жөн деседі. Көжені баптау да бар, сақтау да бар.

Негізінен, мамандар наурызкөжені баптап қана қоймай, оны сақтаудың да бір­неше тетіктерін ойластыру қажеттігін алға тарта­ды.

Биология ғылы­мының канди­даты Жандос Айтбаев:

«Нау­рыз мерекесі бас­талысымын, нау­рыз­көжені жасау, оны дайындау науқаны басталады. Осындай сәтте көжені сақтау барысында санитарлық талаптар сақтала бермейді. Әсіресе қала­ның кез келген бұрышында көжені сатылымға шығара­тындарға қатаң ескерту болса жөн болар еді»

Жалпы, ғалымдардың пайымдауынша, наурызкөжені жартылай өнім ретінде да­йындап қана қоймай, көжені қатырып, одан арнайы таблеткалар шығарып сақ­тауға да болады.

Бұған қатысты сарап­шы-ғалым Мейрам ҚАБДРАХ­МАНҰЛЫ:

– Қазірде ауылшаруашылық өнім­дерін қайта өңдеу саласында жүрген мамандарымыз қымыз, шұбат тәрізді сусындарымызды құрғатып, қатырып, оны таблеткаға айналдыруға болатынын дәлелдеп жүр. Байып­тағанға, жаңа тех­но­логияның қуатымен жүзеге асатын бұл әдіс біз үшін өте тиімді. Бүгінде көп адам­дардың қымыз сатып алуға, наурызкөже жасауға, шұбат тұтынуға мүмкіндігі бола бермейді. Демек, осы өнімдерден арнайы таблет­калар жасап, оны дәрумендер іспетті етіп шығарсақ, құба-құп болар еді. Сондықтан болашақта осы өнімді шығарғысы келетін кәсіпорындардың құлағына алтын сырға делік, болашақта өнім құндылығын сақтау үшін өнімге қосылатын қоспалардан арнайы таблеткалар жасаса жөн болар еді.

Сөйтіп, мамандарымыздың дені нау­рызкөжеге қатысты жаңашылдыққа ұм­тылу қажеттігін, қуатты технологияны пайдалана отырып, бұл өнімнің өзіндік брендін қалыптастыру қажеттігін алға тартты.

Ойсалар

Наурызды қайсыбір ғалымдар «нәр уыз» деген сөзден шыққан деседі. Ал парсы тілінен алғанда наурыз – жаңа күн деген ұғымды білдіреді. Пайымдағанға, Наурыз мейрамының өзі жаңашылдыққа, жақсылыққа, бірлікке ұмтылудың басы іспетті.

Бұл мейрам халықтар арасындағы тығыз достықты нығайта түседі

Кезінде ата-бабаларымыз қыстан қысылып шыққан халыққа нақ осы наурызды пайдаланып, ақ ұсынып, барша жұртты жиып, елдің аузын аққа тигізіп, наурызкөжемен қалың елді ауқат­тандыруының астарында да үлкен мән жатқан жоқ па?

Аңғарғанға, Наурыз – татулықтың, береке-бірліктің, достастық­тың мейрамы.

Қазірде Шығыс халықтарының Наурызды тойлау үрдісіне де Батыстың дамушы елдері қызыға қарап, қайсыбірі «бұл мейрам халықтар арасындағы тығыз достықты нығайта түседі» деп өзіндік баға беріп жүр.

Ендеше, осы өзгелердің қызығушылығын арттырып, таңдай қақтырып отырған мерекені және осы мерекенің көрігін қыздыра түсетін құндылықтарды қажетінше әспеттеп, заманға сай жетілдіріп отыру керек екені даусыз.

По сообщению сайта Nur.kz