Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алмамбет Әзизұлы. Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханов

Дата: 20 марта 2011 в 13:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысында 1866 жылы дүниеге келіп, қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт — азаттық Алаш қозғалысының жетекшісі деңгейіне дейін көтерілген зерек Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық сауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894ж. Санкт — Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Студент кезден-ақ оның саяси көзқарасы қалыптасты, кадеттер партиясының мүшесі болды.
Біз бір мақалада Әлекең жайлы бәрін айту мүмкін болмайтындықтан, осы жерде 1917 жылға ауысып кеткенді жөн көріп отырмыз.
Әлекең 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Бірақ, бұл жобаның да іске аспайтыны анықталды.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі.1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Солардың ішінде мемлекетті билеу түрі; қазақ облыстарында автономия; жер мәселесі; оқу мәселесін ерекше атауға болады. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекеті дербес пе жоқ әлде болашақ Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ, съезд нақты пікірге келе алмады. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды.
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығарумен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы программасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы; жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқытуы және т.б. деп атап көрсетіледі.
Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысымен 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған Екінші Жалпықазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе — кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Ә.Бөкейханов жасады. Съезд қазақ болыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Съезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Ақыры Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланды.
Съезде Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды.
Енді Әлекең жайлы зерттеу ісімен айналысып жүрген ғалым, тарихшыларға сөз берейік.
Жазушы, тарихшы Тұрсын Жұртбаев былай дейді:
Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы болды. Ең бірінші — Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер — Отан. Жерді сатқан Отанды сатқанмен бірдей. Екінші ұстанымы — Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. «Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс», — дейді Жұртбаев мырза.
Үшінші ұстанымы — Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге тиіс болған.
Төртінші ұстанымы — қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Яғни бұл идеологиялық ұстаным болатын.
Ал бесінші — ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қайраткерлерінің бұл ұстанымының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас империяға айналып шыға келуі дәлел болса керек».
Мәмбет Қойгелді, тарих ғылым­дарының докторы, алаштанушы:
«-Әлихан Бөкейханов кім? Егер Латын Америкасы үшін Симон Боливар қандай болса, Әлихан Бөкейханов қазақ үшін сондай тұлға. Егер Ататүрік қандай болса, Әлиханда қазақтың сондай тұлғасы. Егер Махатма Ганди Үндістан үшін қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай тұлға. Мiне, осындай дүниенi халықтың рухани өмiрiнiң құрамдас бөлiгiне айналдыруға келген кезде қазiргi ұрпақтың бұған интеллектуалдық деңгейi жетпей жатқанын мойындауымыз керек.
Алаш деген сөз — ұлт-азаттық қозғалысы және идеясы деген сөз. Яғни, бұл тар топтың әрекетi, тiршiлiгi емес, бұл — жалпыұлттық қозғалыс. Кез-келген саяси қозғалыстың алдына қоятын бiрiншi мақсаты — мемлекеттiң тәуелсiздiгi, дербестiгi. Сол мемлекеттiк тәуелсiздiк пен құрылым арқылы жердi сақтау, жер арқылы елдiң тәуелсiздiгiн, болашағын сақтау. Сондықтан, Алаш идеясы — мәңгi идея. Қазақ халқы, қазақ ұлты тiрi болатын болса, онда Алаш идеясы да тiрi болады.
Қазiргi қоғам Алаш идеясын 1917 — 1918 жылдарда қабылдағандай нелiктен сiңiре алмай отыр? Әрине, түсiнедi, құрметтейдi. Бiрақ, мұның бiр нәзiк қыры бар. Жетпiс жыл өмiр сүрген кеңестiк жүйе Алаш идеясын мүлде басқа бағытта насихаттады, басқа мағынада көрсеттi. Кеңестiк идеология «Алаш — ұлттық идея емес» деген ұстанымда болды. Яғни, Алашты ұлттық идеяға, ұлттың ұстанымына қарсы қойды.
... Әлекең «біздің, Ахаң екеуіміздің пікіріміз, мынау» дейді. «Кеңес үкіметіне қарағанда патша үкіметі жақсы екен, бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берді» дейді. Ал, кеңес үкіметі олардың басын жұтты.
Алашорданың барлық өкілде­рімен бірге Әлихан Бөкейханов та Мәскеудегі Бутырка түрмесіне жа­былып, көп ұзамай, атылды. Марқұмның бүгінге дейін қайда жерленгені белгісіз. Тарихшылар патша үкіметінен бастап, кеңес билігіне дейін осы «Қыр баласынан» тірі кезінде қаншалықты қорықса, өлгеннен кейін де соншалықты үрейленген дейді. Тек тәуелсіз ел атансақ та, Алаш арысын төбемізге көтере алмағанымыз өкінішті. Алаш Орда иедеясын насихаттау нашар. Кезінде кеңестік билік не істеді, көше атының бәрін большевиктерге берді. Коммунистерге ескерткіш қойды. Идеология солай жүргізілді. Ал енді қазір дербес мемлекет болған кезде, неге біз сондай әрекеттерге бармаймыз»?
М.Қойгелді Әлекеңнің қайда жерленгені белгісіз десе де, ол белгілі болды. Бұл жайында Алаш арыстарының ісін сәл де болса жалғастырушы, Әлекең мұрындық болған «Қазақ» газетін қайта тірілтуші әрі бас редакторы, жазушы Қоғабай СӘРСЕКЕЕВ былай дейді:
«Алаш арыстары Әлихан Бөкей­ханов пен Нығмет Нұрмақов тағдырдың жазмышымен 1937 жылдың 27 қыркүйегінде екеуі бір күнде, бір статьямен Москвада атылғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Бірақ қайда жерленді? Мұны бұрын ешкім дөп басып айта бермейтін. Сол жәйт енді белгілі болып отыр. Жерленген жері Москва түбіндегі атақты монастырь ауданы аталатын байырғы «Дон зираты» («Донское кладбище») екен.
Қызыл империяның қатал заңы сол тұста былай дейді: «Тело расстрелянного никому выдаче не подлежит, предается (земле) без всяких формальностей и ритуала, в полном одеянии, в коем был расстрелян, на месте приведения приговора или в каком-либо другом пустынном месте, таким образом, чтобы не было следа могилы, или отправляется в погребальный морг».
Тіпті болмағанда (атылған күнгі реестрге қарап отырып) қорым ішінде арыстарымызға белгі қойылса, Мәскеудегі Ә.Бөкейханов пен Н.Нұрмақов тұрған үйге тақта орнатса артық емес. Үкімет, Ресейдегі Қазақстан елшілігі ойласса болады. Біз келтіріп отырған деректер Москвада шыққан «Мемориал» қоғамының («Звенья» баспасы) «1935-1953 жылдар аралығында атылғандар тізімі» кітабында толық келтіріледі. Аталмыш жинақтағы «Москва-Центр» 1-я категория» деген тізімде 111 адамның аты-жөні келтірілген. Солардың қатарында 15-ші болып Әлихан Бөкейханов, ал 76-шы болып Нығмет Нұрмақовтың есімдері анық жазылған. Әрі 27 қыркүйек күнгі атылған тұтқындардың өртелмегені, жерге көмілгені айтылады. Демек, монастырьдің жерлеу мекемесінің өліктерді тіркеу жорналында шейіт болғандардың реттік анықтамалары бар деген сөз. Яғни, орны көрсетілуге тиісті»
Айгүл IСМАҚОВА, филология ғылымдарының докторы, профессор:
«Қазақтың қай ғалымының еңбегi ХХ ғасыр басында Оксфорд пен Сорбоннада жарияланды? Тек Әлихан Бөкейханұлының еңбегi ғана аталған әйгiлi ғылым ордасында жарық көрдi. Қазақтың қай ғалымы қазақтың тарихы туралы шет елде еңбек жариялады. Тек Әлихан Бөкейханұлының «Қазақ эпостары туралы» еңбегi мен мағлұматтары Оксфорд пен Сорбоннада жарияланды. 1971 жылы Оксфорд энциклопедиясына шыққан мағлұматта «Әлихан Бөкейхан — революционер, сондай-ақ, халық ауыз әдебиетінің зерттеушісі, қазақ эпосы мен фольклорын зерттеген тұңғыш ғалым» деп жазылған. Сорбонна университетінің жазбаларында да осыған саятын деректер кездеседі.
Алаш қайраткерлерiнiң қазақ мемлекеттiгiнiң мүддесi жолындағы әр еңбегi, әр қадамы, өкiнiшке орай, бүгiнде толық деңгейде бағаланбай келедi. Кез-келген істе ұлттық мүдде тұруы керек деген Әлихан Нұрмұхамедұлы Шәкәрімнің шежіресін жоғары бағалады, «Алаш» қалмақтың емес, қазақтың сөзі деп тұңғыш дәлелдеп шықты. Әлихан өзінен кейінгілерге оқулық жазуды тапсырып, 1922 жылы Мағжан Жұмабаев «Педагогиканы», 1923 жылы Жүсіпбек Аймауытов «Психологияны», Міржақып «Есеп құралын» жазды. Ең таңқаларлығы Әлиханда «Біз істемегенде кім істейді?» деген қағида болған. Қазақтың қай тұсы кенже қалып жатыр, сол бағытта жұмыс атқарған және бұл саяси көсем бола тұра жасалынған дүниелер. Әлиханды түсіну үшін қазақты сүйетін жүрек керек.
Қазақтың ұлттық, экономикалық-шаруашылық тарихының басында Әлихан Бөкейханұлы тұр. Петербордағы орман шаруашылығы университетiн үздiк бiтiрген ғалым ретiнде де Әлекең шаруашылық ғылымдарының да, қоғамдық және саяси ғылымдардың да басында тұрды және соны iс жүзiнде қалыптастырды. Және мақалалары мен баяндамаларын, екi тiлде бiрдей жазған еңбектерi болса-дағы оның саясаттанушы ретiндегi бiр қыры. Бұл қыры әлi бағасын алған жоқ».
1921-1922-інші жылдары аштықтан 1 миллионға жуық қазақ қырылды. Ашаршылық әсіресе, Торғай облысында қатты жүрді. Ал, сол кезде қазақ халқына көмек беру үшін ұран тастап, жылу жинаған Алаш қайраткерлері болатын. Әлекең 1932-33 жылғы ашаршылықтың алдын-алу үшін де көп әрекет жасаған жан. Әлекеңнің басшылығымен қазақтың мемлекеттік қайраткерлері елге ылаң сала келген Ф.Голощекинді орнынан тайдыру үшін Сталинге оппозициядағы Зиновьев, Каменевтермен бірігеді. Бұл жайында Голощекиннің өзі былай деген екен: «Қазақ қайраткерлері, министрлер Алматыдан шығып Мәскеуге барады да, пойыздан түсіп Кремльге бармай бірден Әлихан Бөкейхановқа барып, содан кейін ғана Кремльге келеді»...
Осындай адамнан қорықпағанда Сталин үкіметі кімнен қорқады? Осындай адамды 1922 жылдан Мәскеуде 1937 жылға дейін үйқамақта отырғызбағанда, ол екі ортада түрмеге отырғызбағанда кімді отырғызады?
Енді Әлекең айтқан ой-пікірлерге құлақ түрейікші.
«Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.
Бостандыққа апаратын жалғыз жол — ұлттық ынтымақ қана.
Басшы әділ болмай — жұрт ісі оңға баспайды.
Болыс болу да қасиет болып па?!
Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!
Жұрт ісін түс көрмей, жаяу жүріп іздеу — мақсат.
Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.
Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден. Білімнен мақсат шықпайды.
Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
Жігіттігі бар жігітті жүдетіп, меселін қайтармаған жөн.
Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса — қазақ халқы соңынан ерер еді».
Бұл асыл сөздердің ешқайсысының бүгінгі күнге дейін өміршеңдігі жойылмағандығы, тіпті ешқашан жойылмайтындығы көзге ұрып көрініп тұрған жоқ па?!
Тарихшы, жазушы, ғалымдарымыз айтқандай Әлекең өз бағасын әлі ала алмай келе жатқаны анық шындық. Сонда да болса ол кісінің орны қандай екенін қылышынан қан тамған сол кезеңде де көрсетуге тырысқан ел азаматтары болған.
Мысылы, жазушы-драматург, жиырмасыншы ғасыр басындағы көрнекті қоғам қайраткері Қошмұхаммед (Қошке) Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты тарихи очеркінде Әлекең туралы былай деп жазды: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды, бұл топты баулыған — Әлихан. Оның қазаққа істеген тарихи қызметі әдеби тіл тууына себеп болды. Өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды».
-Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс — бар қазақтан,

Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, -деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке-дара тұлға болып қала бермек. Нағыз Әлихан Бөкейханов дәуірі енді ғана басталып келеді!

«Жас қазақ үні» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также