Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қайрат Жолдыбай. Білім ордаларында хиджаб киюге заңмен тыйым салу керек пе?

Дата: 20 марта 2011 в 14:50

Біз сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келген мұсылман халықпыз. Сондықтан қазір жастардың, соның ішінде қыз балалардың өз дініне бет бұрып жатқандығы қуанарлық жағдай. Ал әйел затының дініміздің талабы бойынша киінуі — парыз. Құран кәрімнің «Нұр» сүресінде бұл анық айтылған.

Меніңше, қыздарға бұл жөнінен күштеп тыйым салудың орнына басқа жол қарастыруымыз керек.

Ата-бабаларымыз еш уақытта «бiздiң дәстүр-салтымызда орамал тағу жоқ» деп қасиеттi Құранның бұйрығына қарсы шықпаған. Керiсiнше, өздерiнiң мәдениетiне, әдет-ғұрпына, дiлiне сай етiп небiр әсем киiм үлгiлерiн жасап шығарған. Олардың Құран талаптарына қайшы келмеуiн басты назарда ұстаған. Негiзiнде, мұсылманша киiмдi қазақыландырып киюге шариғат бойынша рұқсат. Өйткенi Құранда парыз етiлген киiм үлгiсi «қара, жасыл түстi болсын» деген секiлдi нақты әрi қатаң форма көрсетiлмеген. Олай болса, әйел баласы өзiнiң дене бiтiмiн қатты кескiндемейтiн, денесiн көрсететiндей жұқа емес және жүзi, екi қолы, тобықтың төменгi жағынан тыс басқа барлық жерлерiн жабатындай кез келген киiм үлгiсiн таңдап киюiне болады. Демек әйел баласының Құран өлшемдерiнен шықпау шартымен сәндi әрi өзiне жарасымды, эстетикаға сай киiм киюiне еркi бар. Олай болса, бүгiн де заман талабы мен ұлттық түсiнiгiмiзге сай мұсылманша киiм үлгiлерiн тiгуге неге болмасын?

Өкiнiшке қарай, бүгiнгi таңда сәукеленiң бiр ғана түрiн көрiп жүрмiз. Ал негiзiнде, қазақта шариғатқа сай сәукеленiң небiр түрлерi болған. Келін болып түскеннен кейін киілетін кимешек түрлері де осы «хижабтың» ұлттық нұсқасы. Сондықтан аяулы қарындастарымызға заман талабы мен ұлттық түсінігімізге сай мұсылманша киім үлгілерін тігіп ұсыну бүгінгі қалыптасып отырған жағдайды шешудің ең тиімді жолы деп ойлаймын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қыздарының қазіргі эстетика мен шариғат талабына сай, ұлттық нақыштары бар озық киім үлгілерін анықтау мақсатында дизайнерлер мен осы сала мамандары арасында арнайы бәйге жариялауды жоспарлап отыр.

Тағы бір ескеретін жайт шариғат шарттарына сай киімді міндетті түрде «хижаб» деп атау шарт емес. Тіпті қажет те емес. Қазақ бұл сөзді мүлде қолданбаған.

Елбасымыз кеше ғана Түркістан қаласында өткен зиялылармен кездесуінде хиджаб туралы ашық көзқарасын білдірді. Бірақ заңмен тыйым салу туралы айтқан жоқ. Жалпы заңнан басқа қандай жолдармен хиджабқа тыйым салуға болады?

Елбасымыздың бұл тұрғыда айтқан бұл сөзін мұсылман қыздардың шариғат бойынша киінуіне түбегейлі қарсы көзқарас деп түсіну — асығыстық. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы мұсылмандыққа қарсы емес екендігін сол сөзінде де, өзге сұхбаттарында да білдіріп жүр. Ал Елбасының «қарсымын» дегені қыз балалардың жалпы ислам талабы бойынша киюінуіне емес, кейбір елдеріндегідей қап-қара түсті хижаб үлгісі мен тек көзді ғана ашық қалдыратын паранжаға байланысты болуы мүмкін. Себебі біздің халық мұндай киім үлгісін ешбір кезеңде кимеген. Қара түс қазақ халқында қайғы жамылғанда ғана киіледі.

«muftyat.kz» сайты

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы