Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Фазылбек Әбсаттарұлы. Наурыз қандай мереке?

Дата: 21 марта 2011 в 17:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Соңғы уақыттары Наурыз мерекесін түсіне алмағандықтан, түрлі сенімдегілердің табиғатқа жат пікірлерінен мерекені тойлау форматына қатысты даулар көбейіп кетті. Өйткені мерекені өткізу халықтың көңілінен шықпай жатыр. Себеп, Наурыздың бәрінен де бұрын табиғат мерекесі екенін естен шығарып алғандығымызда. Сол үшін де осындай кедергілерге тап болып отырмыз. Наурыз мерекесі алдымен табиғат құбылыстарына қарап өткізілетін, тойланатын болған. Яғни мерекелеу формасы табиғаттағы құбылыстарды суреттеу арқылы өткізілген. Табиғатқа қарап адамда өзгеріп отырған. Табиғат теңессе адамдарда теңесіп, табиғат жаңарса адамдарда жаңарып дегендей. Сондықтан Наурыз, табиғаттың қайта тірілу, түлеу, жандану уақыты болғандықтан бұл табиғат мерекесі. Табиғатқа көңіл бөлу мерекесі. Түсінікті тілмен айтқанда табиғаттың «туған күні». Қазақтың табиғатқа өте жақын өмір сүргені соншалық табиғатқа табынған кездері болған. Суға, көк аспанға, отқа. Одан қалды ең қасиетті атау — ана сөзін табиғатқа тіркеп айтатын болған. Табиғат-Ана, Жер-Ана деген сияқты. Анамыздың туған күнінде құрметтердің құрметін көрсетіп, қаншалықты маңызды болса, табиғаттың «туған күнін» де құрметімізді көрсетіп, сондай маңызға ие болуы шарт. Табиғатты анасына теңеген біз үшін, табиғат пен қазақ егіз ұғым. Сондықтан қазақ халқы наурызда ең бастысы қоршаған ортаға, экологиялық тазалыққа қатты мән берген. Себебі қазақ халқы «табиғат бізге аманат етіп берілген. Сол үшін біз Алла алдында жауаптымыз» деп сенген. Тіршіліктің көзі суды таза ұстаған, ағынды суға кір жумаған. Бұлақтың көзін ашқан, ағаш егіп, арықтарды тазартқан. Қазақта экологияны таза ұстауға қатысты мақал-мәтелдер де жеткілікті. Көкті жұлма, суға түкірме, жалғыз ағашты кеспе, құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Жайлау мен қыстаудың өзі экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың керемет үлгісі. Жалпы қазақтардың экологияны таза ұстау әдісі әлемде еш теңдессіз. Жанына жақын тұтқан жылқы, судың тұнығын ішіп, шөптің құнарлысын жегендіктен табиғатты таза ұстауға мәжбүр болған. Сондай қасиетті жануармен етене жақын халық та қасиетті.

Наурызда барлық тіршілік жанданып, араласып-құраласа бастайды. Яғни тіршілік басталды деген сөз. Барлық тіршілік араласа бастағанда адамдар неге араласпасқа? Наурыз жаңарумен қатар теңесу күні. Күн мен түннің теңесіп, табиғаттағы тіршіліктер де теңесіп жатқанда адамдар да теңесуі керек. Барлар барымен бөліссін. Таланттар талантын көрсетіп халыққа көңіл күй сыйласын. Жоқ дегенде көңілдерімен бөліссін. Қысқасы барлық мәселе, салада адамдар теңесуге ұмтылсын. Көпшілігіміз «жаңа жылды қалай қарсы алсақ жылды солай өткіземіз» дегенге сеніп жүрміз. Ал біз наурызда — жаңару, теңелу, теңесу күнінде бір адамды қуантсаң жылың қуанышты өтеді дегенге сенейік. Мысалыға:

Осы аталғандарды Наурызда әдетке айналдырсақ екі жақ та риза, көңілі тоқ болады. Берген де алған да. Айналып келгенде осы істеріміз арқылы ниеттеріміз де жаңарады. Осылайша өткен-кеткен, жиналып қалған көңіл кірлерінен арылып, ниеттерін тазартып отырған. Қазақ халқы жетімін тентіретпеген, жесірін жылатпаған, кедейін кеудеден итермеген. Себеп, Наурыз мерекесі осындай теңсіздіктерді реттеп, тепе-теңдіктерді сақтап тұратын. «Жетім мен жесірге бұлақ бол, жоқ-жітікке шырақ бол» деп Наурыз мерекесінде теңесуге ұмтылған. Ал осы тектес шараларды дәстүрге айналдырсақ Наурыз жалпы халықтық мерекеге айналады. Әйтпесе белгілі бір бөлігі ғана тойлайтын мерекеден аса алмаймыз. Мереке көпшілікпен мереке. Қысқасы мереке халықтарды жақындастыратын, достастыратын болуы шарт. Наурыз мерекесін тойламағандар күнә жасағандай сезінетін болуы керек.

Қандай мереке болсын гүлсіз өтпейді. Гүл деген табиғаттың ғажайыбы. Сұлулық пен бейбітшіліктің белгісі. Сондықтан бір-бірімізге қауашақтағы тірі гүл сыйлап, бір-біріміз үшін ағаш егейік. Ағаш еккенің адамдарға таза ауа сыйлағаныңмен бірдей. Табиғатты тазартқаның, түлеткенің өзіңді тазартып, түлеткенің. Сонда күнәң да кешіріледі.

Ендігі мәселе мерекенің мерзімінде. Наурыз мерекесін 1 ай, 10 күн, 1 апта, 3 күн тойлайық деп жүргендер көбейік келеді. Осы кезге дейін той тойлап, мерекелеуден кенде болмаған, одан қалды уақыттан әбден ұтылған қазақ халқы үшін ендігі уақытта мерекелерді көбейте беруге және мерзімін ұзарта беруге еш болмайды. Жаһандану кезіндегі уақыттың тарылып келе жатқанын да ескеруіміз керек. Сондықтан кез келген мерекелерді мүмкіндігінше жинақыланған, ең үздік жақтарын алып, сөлдерін ғана қалдырып 1 күн мерекелеу жеткілікті. Наурыз мерекесінде көрісу деген дәстүр болған. Егер де мерекені бір күннен асырып жіберсек әр күні көрісіп отыруымыз керек пе? Себебі 24 сағат сайын күн жаңарып отырғаны үшін біз күніне бір рет сәлемдесеміз. Яғни әр күн сәлемімімізді жаңартып отырамыз. Ал көрісу дегеніміз жылына бір рет жыл жаңарғанда болады. Егерде мерекені 3 күн тойласақ 3 күн көрісіп жатқанымыз дұрыс болмас.

Сонымен қатар, ата-бабамыз пайда болғалы табиғатпен үндесіп өмір сүріп келеді. Сол заманнан бері табиғаттың қайта тірілу күнін тойлайды. Сондықтан бұл мереке парсылардыкі деген сияқты кірме пікірлер арқылы халықтың санасын шатастыруды тоқтату керек.

Наурыз мерекесінде қоршаған ортамыз таза, табиғатымыз тыныш болсын. Жылдың жаңаруы жақсылықтың жаршысы, бірліктің бастауы болып, ақтарылған ақ тілектер оңғарылсын.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы