Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город

Мұқағали Мақатаев. Наурыз

Дата: 21 марта 2011 в 18:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің — түрі игі.
Бауыры жылып науат-қар,
Бабымен ғана жібиді.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де — арманда,
Арманда — оны көрген де.
Келіп ем өмір — орманға,
Наурыз айы келгенде.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы