Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Киіз үйдің қадірін ұмытып бара жатқан жоқпыз ба?

Дата: 22 марта 2011 в 07:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Киіз үйдің қадірін ұмытып бара жатқан жоқпыз ба?

Бағзы заманнан көшпелі тіршілікте өмір сүрген қазақ халқына киіз үй өте қолайлы баспана еді. Ерте кездің ескі шежіресін жадына тоқыған қазыналы қарттарымыз оның 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін айтады.

Киіз үй бір жерден екіншісіне көшкенде тігу мен жығуға өте қолайлы болды. Қысқасы, ұлан-ғайыр даланың арғы-бергі қиырына қоныс аударып үйренген қазақ халқы үшін одан қолайлы баспана жоқ-ты. Қазір ата-бабадан аманатқа айналған жәдігерді тек мақтаныш тұтамыз.

«Тек» деген сөзді текке айтып отырған жоқпыз. Өйткені ғарышпен екі араны күнделікті жол етіп алған бүгінгі кезеңде біздің өткен тарихымызға көз жұма қарай бастағанымыз жасырын емес.

Осы күндері мейрам кезінде ғана ақ шаңқан киіз үйлер көзге түскені болмаса, қалған уақытта мұражайдан суретін көретін мұрағатқа айналып бара жатыр емес пе?!

Әңгіменің ашығын айтайық, қазір қазақ елінде оны жасайтын адамдар кемде-кем. Рас, кезінде алтын қолды шеберлер аз болған жоқ. Тіпті кешегі ұлттық ұстынымыз ұмытыла бастаған кеңестік кезеңде де Қазақстанда киіз үй жасайтын арнайы кәсіпорындар жұмыс істегені белгілі. Қазір ше? Олардың барлығы да көзден ғайып болды. Бү­гінгі таңда қолыңа шам алып іздесең де, киіз үй жасайтын шеберлерді таба қоюың – екіталай нәрсе.

90-жылдарға дейін Сыр өңірінің Жа­ңа­қорған ау­данында осындай баспана жа­сауға көңіл бөлінді. Аталмыш аудандағы Қал­­ғансыр елді мекенінде киіз үй жа­­салған еді. Қазір сол адамдардың бар­лы­ғы жұмыссыз қалды. Болмаса күн­де­лік­ті күйбеңмен тіршіліктің басқа түр­ле­рін кәсіп етіп жатыр. Ал біз болсақ, оны сырт­тан сатып алуға мәжбүрміз. Әрине, «кі­сі­де­гінің кілті аспанда» бо­ла­тыны тағы да бел­гілі. Қарақалпақ же­рінде жасалатын киіз үйлердің ең ар­заны 3 мың АҚШ дол­ла­­рынан кем емес.

Жарылқасын КЕНЖЕБЕКОВ, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты:

– Рас, киіз үйді қарақалпақ аға­йын­дардан удай бағаға сатып алатын бол­дық. Біз үшін ол тек мейрамда керек дү­ние секілді. Жаз айларында оның ішін­де тынығудың өзі керемет емес пе? Жал­пы, оны туризм саласында пай­да­лануға әбден болады. Біріншіден, ше­тел­ден келген меймандар біздің ұлттық байлығымызды бағалайды. Екіншіден, біз осы арқылы өзіміздің ұрпағымызды тәрбиелей аламыз. Үшіншіден, бүгінгі күні саны азайып бара жатқан алтын қол­ды шеберлерден көп құпияны үй­реніп аламыз. Қысқасы, киіз үй біздің ұлтымыздың бренді емес пе? Өкінішке қарай, оған қазір ешкім көңіл бөліп отыр­ған жоқ. Өткеніміздің тамырына бал­та шауып жатқан секілдіміз. Бір ғана киіз үйдің босағасынан шаңырағына де­йінгі бөлшектердің жүзден астам ата­уы бар екен. Қазекем ол турасында 500-ден астам мақал-мәтелді артта қал­ды­рып­ты. Яғни киіз үйді зерттейтін бол­сақ, талай-талай томға айналар еді.

Рас, бүгінгі ұрпақ киіз үйді ұлттық мей­рам кезінде ғана көреді. Сондықтан олар ішіндегі бұйымдары жайында мардымды ештеңе айта қоюы екіталай. Тағы да айта кетерлігі, киіз үй бөлшектерінің қандай ағаш түрлерінен жасалатыны жөнінде бүгінгі буын түгіл, орта жастағы адам­дар­дың өздері де жөнді ештеңе біле бермейді. Осылай кете берсе, ертеңгі ұрпақ оны тек ин­тернет пен теледидардан ғана көреді емес пе? Киіз үйдің сүйегі кереге, уық, ша­ңырақ пен есікті үйшілер арнайы жасайды. Олар­дың айтуынша, ағаш қаңқасы үйеңкі мен талдан дайындалады. Ал киіз үйдің ағаш есігі мен есіктің маңдайшасы, та­бал­ды­рық және өзге бұйымдарына самырсын ағашы кәдеге жаратылады. Қызығы, киіз үйге шеге қолданылмайды. Тіпті оның құ­ра­мында сына да болмайды екен.

Рас, бүгінгі ұрпақ киіз үйді ұлттық мей­рам кезінде ғана көреді

Сайділда СӘДУАҚАСОВ, Сырдария ауданындағы қолөнер шебері:

– Менің аталарым да аймаққа бел­гілі ұста адамдар болды. Оны Тереңөзек маңайындағы жұрт әлі де жақсы біледі. Олар кезінде киіз үй жасаумен де айналысты. Бұл тіршілікке өзім де көңіл бөлдім. Өкініштісі, қазір киіз үйге қа­жетті шикізат көздері де азайып кетті. Бұрын Сырдың жағасында үйеңкі, самырсын және талдар көп еді. Бүгінгі кезеңде ол ағаштар мүлдем азайып кеткен. Ме­нің ойымша, біз, аға буын, осы кә­сіп­тің қыр-сырын қазіргі жастарға үйретуіміз ке­рек. Оны кәсіптік мектептер жанынан құ­рамыз ба, осы жағын ойласқанымыз орынды болар еді.

Ата-бабаларымыз ақ шаңқан киіз үй­лерді Ақорда деп атап жататын.

Оның сыры мынада секілді. Аталмыш ардақты дүниеміз арқылы ұлтымыз дүниетанымы қалыптасты. Қазір ғаламдық деңгейде жаһандану жүріп жатқан уақытта біз ұлттық ұстынды сақтап қаламыз десек, осындай құндылықтарды өз деңгейінде бағалай білгеніміз абзал. Өркениетті өмірдің көшіне ілескен елдер де өзінің өткенін өзге жұртқа әспеттеп көрсетіп жатады. Біз ше? Әзірге осы жағы олқы соғып тұрған жайы бар...

Керек дерек

Кереге санына қарай киіз үйлер 3-4 қанаттан 30 қанатқа дейін барады.

Олардың кеңдігі 3,5 метрге жетсе, биіктігі 1,7 метрге жетеді.

По сообщению сайта Nur.kz