Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елімізде сатып алулар электронды жүйеде іске аса бастады

Дата: 23 марта 2011 в 09:10

Елімізде сатып алулар электронды жүйеде іске аса бастады

Электронды сатып алу жүйесінің ерекшеліктері бар. Тапсырыс беруші мен өнімін ұсынушының арасындағы делдалдың қызметін электронды жүйе атқарады. Сыбайласқан жемқорлықтың тамырына бір жола балта шаптық деуге әлі ерте, дегенмен.

Былтырдан бастап елімізде мемлекеттік сатып алулар электронды жүйеде іске аса бастады. Үкіметтің көздегені ақпараттық технологияның көмегіне жүгіне отырып, қазынаның қыруар қаржысын үнемдеу болатын.

Биліктің бұл ойы іске асып, былтыр бюджет қаражатының жиырма пайызы үнемделді. Жаңа жүйенің артықшылығы тек бұл емес. Бұрын тендер қалтасы қалыңдар мен қолы ұзындардың құрығына түсетін майлы шелпек болса, қазір бұл шаруада бармақ басты, көз қыстыға жол жоқ.

Тапсырыс беруші мен өнімін ұсынушының арасындағы делдалдың қызметін осы электронды жүйе атқарады.

Сыбайласқан жемқорлықтың тамырына бір жола балта шаптық деуге әлі ерте, дегенмен, осыған дейін еш алаңсыз «биені бүгімен түйені түгімен» жұтып келген жемқорларлар тіксінетін тосқауыл пайда болды. Мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесі мемлекет үшін сөзсіз пайдалы.

Бірақ, ел мақтаған электронды жүйе бәріне бірдей тиімді болмай шықты. Көпшіліктің көз айымына айналып үлгерген «Наз» би ансамблі. Соңғы уақытта өнер жұлдыздарының шалқыған шабытпен сахнаға шығуы мұң болып барады. Даудың басы электронды мемлекеттік сатып алу желісінде.

Шығармашылық адамдарының мемлекеттік сатып алуға қатысы қанша дерсіз? Жаңа заң шыққалы өнер ұжымы сахна киімдерін тіктіру үшін мемлекеттік сатып алудың электронды желісіне тапсырыс беретін болды. Бірақ, ансамбльдің жетекшісі Хадиша Ағыбаеваның айтуынша сайт арқылы сұранысты өтейтін ісмерлерді табу мүмкін емес.

Хадиша Ағыбаева, «Наз» би ансамблінің жетекшісі:

Кішкентай ТОО-ларға үлкен ансамбльдің сұранысын өтеу мәртебе шығар, бірақ олардың бәрі сахна киімі қалай тігіледі,біздің кәсіби ерекшеліктеріміз қандай болады, мүлде түсінбейді. Сайтта жүргендердің бәрі – ақшаның артында жүргендер. Жастар театрының жетекшісі Рашай Мұхамедиярдың да бас ауруы осы. Электронды желі арқылы тапсырыс алған кәсіпорындардың тіккен киімдері кәдеге аспай, нәтижесінде талай шығарма сахналанбай қалған.

Рашай Мұхамедияр, Жастар театрының бас әкімгері:

Электронды жүйе біреулерге тиімді шығар, бірақ дәл өнер адамдары үшін емес. Госзакупка өтпей қалды деп қалай қойылымды тоқтата берсек, театр тұлғалары қайдан пайда болады бізде. Электронды мемлекеттік сатып алу сайтына барлығы 5 млн. лот пен 1,5 миллоннан артық хабарландыру ілінген. Ал, тапсырыс берушілерден 10 млн. өтініш келіп түскен.

Соның ішінде тек 1,5 миллон өтініш бойынша келісім шарт бекітілген.

Тапсырыс беруші мен сұранысты өтейтіндердің өзара жылдам тіл табысуына тағы бір кедергі бар. Электронды порталдың қазақша тілі күрмеліп-ақ тұр. Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: Барлығы тегіс орыс тілінде жазылған. Бұл тек тілдің кемшілігі ғана емес, бұл қазақ тілді бизнес өкілдерінің интернетке кіріп, өзіне қажетті тауарларын таба алмайтынын көрсетеді. Бұл жерде бір біріне сәйкес емес, заңсыз бәсекелестік. Электронды порталдағы Мәжіліс депутатының назарын аударған келеңсіздік жалғыз бұл емес. Халық қалаулысының пайымдауынша, кейбір пысықай шенеуніктер мемлекеттің қаржысын қарпып қалу үшін ретін тауып айласын асырғысы келеді.

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қызылордада жарыққа ақша жинайтын кәсіпорын наурыз айында он компьютерді жүз сексен мың теңгеден сатып аламыз дейді, желтоқсан айында енді он компьютерді үш жүз елу мың теңгеден сатып аламыз деп хабарландыру берген. Техника қымбаттап кетті ме, жоқ. Менің ойымша, жыл аяғында қалған ақшаны қалтаға салудың амалын жасайды. Ақпараттық жүйеден мемлекет қаржысына қол сұғудың небір көрінісіне куә болуға болады. Бірақ, құзырлы органдардың қазір құрығы ұзын. Электрондалған сатып алудың арқасында мемлекет 2009 жылы 6 млрд теңге, ал былтыр 32 млрд теңге үнемдеді. Дегенмен, кәсіпкерлерге қолайлы қылу үшін автоматтандырылған жүйені әлі жетілдіру керек дейді мамандар. Екатерина Никитинская, «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасы төрағасының орынбасары: Кейбір кездері желіге келісім-шартта көрсетілмеген талаптар қойылады. Мысалы үшін қызмет көрсетумен айналысатын кейбір тасымалдаушылардан қажет емес құжаттарды, банктің анықтамасы мен қосымша мәліметтерді талап етеді. Біз сауданы ұйымдастырушылардың өздері заңда көрсетілген тәртіппен жұмыс істесе екен дейміз. Электронды мемлекеттік сатып алу орталығы автоматтандырылған желінің кемшілігін жүйелеуге кірісіп те кетті. Себебі, 2012 жылдан бастап біртұтас экономикалық кеңістік аясында Қазақстан, Ресей және Беларус елдеріне мемлекеттік сатып алу желісі ортақ болмақ.

Қуат Сұлтан, «Электронды коммерция орталығы» ЖШС мемлекеттік сатып алу әдістемелері депатраментінің директоры:

Осыған орай Кеден одағы шеңберінде мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгерістер әзірленіп жатыр. Кемшілікті болдырмас үшін енді электронды конкурс, электронды аукцион ұйымдастыру жоспарланып отыр. Себебі аукцион он-лайн режимде өтетін болғандықтан, сатып алу ісінде шынайы бәсекелестік артады. Бұл шараларға Ресей мен Беларус мемлекеттерінің де өкілдері қатыса алады. Электронды порталдың игілігін ең әуелі жергілікті халық көру тиіс. Сондықтан, автоматтандырылған желіге көпшіліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету – басты міндет.

Эдвинс Парупс, мемлекеттік сатып алу ісі бойынша халықаралық сарапшы:

Біздер аймақтарда болдық, электронды жүйені қолдануды үйретуді қажет ететін адамдар өте көп. Жүйенің болғаны жақсы, бірақ шалғайда ғаламтор желісі іске қосылмаса, жақсы жүйеден не пайда? Әзірге, веб-портал іске қосылғалы бері мемлекеттік сатып алу желісіне тіркелгендер саны 92 мыңнан асады.

Соңғы айда сайтты 2 млн азамат пайдаланған. Олардың дені – ел тұрғындары. Қалған 50 мыңы ресейлік және 5 мың украин азаматы осы электронды желідегі ақапаратты кәдесіне жаратқан.

Мамандардың болжамынша, келер жылдан бастап автоматтандырылған жүйе біртұтас экономикалық кеңістік аясында үш елге ортақ болса, онда сайттың қызметін пайдаланушылардың саны артады. Оған дейін отандық кәсіпкерлер бәсекеге төтеп беруге сақадай сай болу керек.

По сообщению сайта Nur.kz