Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Шымкентте медициналық кешендер шығарыла бастады

Дата: 24 марта 2011 в 09:40 Категория: Здоровье

Шымкентте медициналық кешендер шығарыла бастады

Оңтүстік Қазақстан облысында жылжымалы медициналық кешендер шығарыла бастады.

2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді жоғары деңгейде ұйымдастыруға бағытталған.

Шымкентте ауыл аймақтағы халықтың денсаулығын дер кезінде тексеруден өткізуге болатын елімізде бірден-бір жылжымалы медициналық кешендер шығарыла бастады. Қазір 16 кешен облыстарға жөнелтілді.

Бұл жылжымалы медициналық кешенде тұрғындар денсаулығын тексеріп қана қоймай, дәрігердің кеңесін тыңдап, керек болса жеңіл ота да жасауға болады. Медициналық жабдықтардың барлығы шетелдікі.

УЗИ аппараттары бар, тіс дәрігерінің кабинеті, терапевт дәрігер, ЛОР, окулист мамандары шалғайдағы ауылдардың тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсете алады.

Бір сапарда бірнеше ауылдың адамдарының денсаулығын тексеріп қайтуға болады. Төтенше жағдай кезінде таптырмайтын медициналық орталық, — дейді мамандар.

Дәулет Қатешов, «Казмедприбор» ЖШС директоры:

— Ауылды жерде, таулы жерде электр энергиясынсыз 72 сағат жұмыс жасай алады. Алыс ауылдың тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге, сапалы медициналық зерттеу жүргізуге, биохимиялық анализ алуға арналған.

Қазақстандағы бірден бір Еуропалық сертификат алған медициналық жабдықтар шығаратын кәсіпорынның бүгінде 200-ден астам түрлі өнімі ауруханалар мен емханаларға жеткізілуде.

Кәсіпорында аудан орталықтары үшін реанимомобиль де жасалуда

Лесбек Тезекбаев, жұмысшы:

— Біздің жасап жатқан заттарымыз біреулердің өмірін сақтап қалады. Мен соған қуаныштымын, себебі оған менің де үлесім бар. Біздің тауарларымыз әлемдік талаптарға жауап береді. Оны алыс-жақын шетелден келіп, тексеріп тұрады.

Кәсіпорында аудан орталықтары үшін реанимомобиль де жасалуда. Көліктің өзін ғана сатып алып, оны медициналық жедел жәрдем көлігі етіп жарақтай алатын мүмкіндіктері бар.

По сообщению сайта Nur.kz