Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қуандық Сләмғазыұлы. Жалған ғылым жарға жығады

Дата: 24 марта 2011 в 13:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

3 ақпан 2011 ж. №67390

Куандык Е.
Блог авторына: ҚР Бiлiм және ғылым министрi
Санаттар: Білім

ҚР   Білім және ғылым министрі

Б.Жұмағұлов мырзаға

Көшірмесі: ҚР Бас прокурорына

Тәуелсіз ақпарат құралдарына

КТК телеарнасына

ҚР азаматы  Қуандық Есен Сләмғазыұлы,

тарих ғылымдарының докторы, профессор.

А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ»  автор

медалінің иегері. Алматы. Шевченко,121 — 4 п.

Т. 2 92-38-38. /8701 347  0717

Министр мырза!

Бүгінде ҚР Президенті жүргізіп отырған салиқалы саясатқа бөгет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған, өз залалын  күннен — күнге күшейтіп келе жатқан зауал «сыбайлас жемқорлыққа» қарсы тұру міндетім деп санаймын. Тәуелсіздігіміздің кепілі болатын жас ұрпақтың сапалы білім алуына өте мүдделімін. Өйткені жастар біздің болашағымыз, ал болашақ деген ұғым ол жай айтыла салған сөз емес. Оны түсінгісі келмейтіндер тоғышарлар.

«Сыбайлас» жемқорлық — Коррупция — латын сөзі (corruptio)-подкуп, продажность общественных и политических деятелей, должностных лиц-деп шет тілдердің сөздігінде орыс тіліне осылай аударылған. Ал қазақшасы қоғам,  мемлекет қайраткерлері және лауазым иелерінің сатылғыштығы деп түсіндіреді. (Авторы А.Г.Спиркин)  Саясат саласындағы қылмыс болып, лауазым иелерінің қолдарындағы халық сеніп тапсырған биліктері арқылы өздерінің жеке бастарының баюы жолындағы жемқорлық әрекеттері саналады. Сыбайлас жемқорлықтың ең көп тараған түрлері олар, шенеуніктерді пара беріп сатып алу, жең ұшынан жалғасу арқылы өздерінің жерлестерін руластарын туысқандарына, өзіне шын берілген сеніміне кірген адамдарды жоғары қызметке заңсыз сүйреп,  пайдалы қызметтерге орналастыру оларға заңға қайшы материалдық жағдай жасап баюына тікелей көмек көрсету сөйтіп мемлекет мүддесін аяқ асты ету болып табылады. Ректор болып тұрған кезіңізде сіз де, туған ағаңыз Жұмағұлов Қалқаманға ҚазҰУ-дегі тарих ғылымы саласындағы 4 диссертациялық кеңесті қосып басқартып «жағдай» жасадыңыз. Диссертация қорғағандар кезекке тұру үшін «пара»  бергендерін айтып  жүр. Бұл әрекетіңізбен «Мемлекеттік қызмет туралы заңда» көрсетілген талапты бұздыңыз.

Елбасы қазақ елін әлемдік өркениетті 50 мемлекеттің қатарына жеткізу жолында тер төгіп жүргенде, жоғары оқу орындарында сапасыз білім, жағымсыз-жат тәрбие берумен шектелу барып тұрған ұлтқа жасалған қастандық, Президент жүргізіп отырған саясатқа қарсы шығу іштен іріту әрекеті... Сауатсыз ғылым докторлары мен кандидаттары жастардың саяси мәдениетінің, білім сапасының құлдырауына әкелуде.

Қазақстан халқына арналған жолдауында Президент мемлекеттің қауіпсіздігіне, оның таянышына қатерлі «Сыбайлас жемқорлықты, жең ұшынан жалғасқан әділетсіздікті» ауыздықтау жөніндегі мәселеге айрықша мән беріп, басшыларды ондай зиянды құбылыстардың алдын алып, тосқауыл қоюға міндеттеген болатын. Өйткені бұл сорақы әдет, қоғамға бүгінгі билікке көлеңкесін түсіруде деп өкініш білдірген.

Білім беру бүгінде сын көтермейтін жағдайға жетті. Ондағы берілетін білімнің дәрежесінің сапасыздығынан дәрменсіз, аты бар заты жоқ, мәдениетінен, тарихынан, тілінен хабары шамалы ұрпақтың көбеюіне «саналы» түрде жол беріліп отыр.  Ана тіліне сенімі жұтаңдаған, ұлт қадірі мен тағдырына дүбәрә, дәстүрлі болмысымыз бен тұрмысымыздан,  ғибраты мол әдет-ғұрпымыздан адасқан,  бұл қасиеттерден мүлдем айрылу қаупі күшейген кезеңге тап болып отырмыз. Сондықтан, болашаққа саналы қызмет ететін өресі биік,  ұлттық әдет-ғұрпынан сусындаған, білімді жастарды тәрбиелеп оқытудың жаңа әдісін (инновациялық) дереу қолға алып, оған күрделі өзгеріс енгізу ауадай қажет.

Бір ғұлама: «Ақыр заманның адамы «ғалым» болады, ғалымы залым болады» — деп айтқан екен. Осы сөзге қаншалықты сенгің келмесе де, бүгінгі күнгі ғылым саласындағы қоғамды (Қазақстанды) кеулеп алған арсыздық, сыбайластық  пен жең ұшынан жалғасу арқылы ие болып жатқан жалған ғылыми дәрежелер мен атақтар дамыған 50 елдің қатарына жетуге қаншалықты «пайдасын»  тигізетінін көпшілігіміз сеземіз, білеміз. Бірақ үндемейміз өйткені өзімізге зияны тиеді, жаңалықты әділеттілікті қаламайтын консервативті — кертартпа топтың қарсылығына ұшырап, қуғын-сүргінге ұшырайсың. Ал билік әділеттілікті қорғаудың орнына өздері солармен ауыз-жаласып, қолдарындағы билік тетіктерін пайдаланып қолдан «әділеттілік» жасап судан таза, сүттен ақ болып шыға келеді. Оның дәлелі маған бұдан бұрын жазған сырғытпа жауаптарыңыз. Қазіргі тағайындалған ректорлардың бәрінің  артында бізге белгілі «крышалар»  тұр.  Ал оларды арқаланған  ректорлар жоғарғы оқу орындарында «білгендерін»  істеуде. Ғылыми дәреже алу «саудаланатын» болды. 2003-2008 жылдар аралығында республикада ҚР Білім және ғылым министрлігінің дерегі бойынша саясаттану ғылымдары бойынша  170  кандидаттық, докторлық РһD диссертациялар Алматы мен Астанада қорғалған. Оның  41-і шенунік, 100-оқытушылар болса,  12-ғылыми қызметкерлер болған ( №117, 24.09. 2009ж)

Ал көпшілікке есімі таныс бір архитектор қазақстанның ешбір диссертациялық кеңесінде ғылым докторы диссертациясын қорғамай-ақ, тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі дипломын алған. Дипломда министрліктің білім саласын қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Н.Қалабаевтің қолы қойылған. Кәдуелгі «заңды» диплом. Бұл не шенуніктің сатылғаны емес пе? Ал осы кейінгі 7-8 жылда гуманитарлық салада қорғалған диссертациялардың көпшілігінің сапасы сын көтермейді. Студенттердің диплом жұмысынан да төмен. Оған мысал жетерлік.

2009 жылы 22 маусымда (№6 хаттама) Шәкерім атындағы Семей университетінің жанында тарих ғылымдары 07.00.02. мамандығы  бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғайтын Кеңес ОД 14.70.01 ашылып жұмыс істеген еді.  Оның төрағасы болып университет ректоры тарих ғылымдарының докторы Ерлан Батташұлы Сыдықов тағайындалған. Орынбасары оның туысы семейдегі пединституттың ректоры Ескендіров Меир Ғариполлаұлы.

Диссертациялық кеңесті «жеке меншігіне» айналдырып алған оның төрағалары жұртты алдап, оның үстінен пайда табуға әуестенгендер ғылымда алаяқтық жасап жүргендерге соңғы жылдары жолды кеңінен ашып берді. Осындай ғылымда жалғандықты жамылған ғылым докторы болуды мақсат еткен артында мықты (мемлекеттің билік тармақтарында қызметте отырған көкелеріне сүйеніп) сыбайластықпен диссертация қорғап мемлекетке үлкен зиян келтіріп, жұртшылық алдында Елбасына көлеңке түсіруі қиналтады.

Қоғамға, мемлекеттің дамуына тіпті тарихтың өзі үшін де өзекті емес мәселелерді докторлық, кандидаттық диссертацияларға тақырып етіп беріп қорғатуда. Мысалы Шәкерім атындағы Семей университетінің жанында тарих ғылымдары 07.00.02. мамандығы  бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғайтын ОД 14.70.01 Кеңесте қорғалған мына докторлық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстанның далалық облыстарының аграрлық келбетінің өзгеруі: тарихи-географиялық талдау (XIX ғ. II жартысы — XXғ. басы)» Бұл докторлық диссертацияның жетекшісі Е.Сыдықов (кеңес төрағасы). Біріншіден, бұл тарихи мәселемен Е.Сыдықов мырза ешуақытта айналыспаған, ғылыми жетекші болатындай ол саладан білімі жоқ. Екіншіден, бұл диссертацияның мазмұнының тарих 07.00.02. мамандығына шифры келетіндігі үлкен күмән туғызады. География ғылымын тарихқа әкеп теліп, тауыққа үйректің жұмыртқасын басқызғандай сорақы жағдай болды. Бұл жерде оған дауыс берген әріптестерім тарих ғылымының болашақ ұрпаққа жол көрсететін саналы ұлттық тәрбие беретін ғылым екендігін біле тұра оны жағымпаздыққа айырбастай салды.  Үшіншіден, 30 маусымда қорғауға қатысқан диссертациялық кеңестің 09(тоғыз) мүшесінің, 03 (үш) мүшесі қарсы дауыс берді. Төртіншіден, диссертант Шаяхметов Нұрбек мырза өзінің авторефератында көрсеткен тізімдегі 38 еңбектің 05 соавторларға «мінгесіп» жазған да, Диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны жариялануға тиісті тізімдегі-1,2,4,5,10,18,19,20,21,22,24,28,30,33,36 аталған нөмірдегі 15 мақала диссертацияның тақырыбына сәйкес емес, яғни ЖАК-тың (ВАК) талабына да сай болмады. Бұл жерде диссертант ғалым деген атқа жат, ғылми әдепіздікке барған. Ал жетекшсі Сыдықов мырза өзінің қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, сыбайластық әрекетке жол беріп, докторлық диссертация дәрежесіне лайықты емес еңбекті «заңдастырған» сөйтіп мемлекетке, қоғамға  зиян келтіріп отыр .(Дәлел болатын автореферат көшірмесі тіркелді)

Осы кеңес жұмысын басқару барысында Сыдықов ғылымға қиянат жасап, өз мүддесін жоғары қойып қоғамға зиянды талай «жаңалық» енгізіп  тастады. Бұрын Қазақстан көлемінде болмаған «тәжірибе» тарихтан докторлық диссертацияны үш тараумен қорғатты. Ол диссертант Жанбосинова Альбина Советовна тақырыбы: «Репрессивная политика Советского государства в 20-50-е годы  ХХ века».

Байқап зерделесеңіз Қазақстан бойынша тарих пен саясаттану ғылымынан қорғалған диссертациялардың тақырыптарының 80 пайызы қазіргі кезеңде сондай бір өзектілігі, ғылымға қосар пайдасы жоқ қоғам дамуына пайдасы шамалы,  әбден «жауыр» болған зерттеулер.

2010 жылы 26 қарашада осы кеңесте Утеубаев Марат Толеумұртұлының «Языковая проблема в казахстанском образовательном пространстве: история и перспективы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясы «қорғалды», екі адам қарсы дауыс бердік. Тақырыптың аталуының өзі диссертацияның тарих па әлде тіл мәселесіне арналған ба белгісіз, тақырып сауатсыз алынған өзекті мәселе қатарына жатпайды. Ал екінші тарау толығымен партиямен үкімет қаулыларын сол қалпында ешбір талдаусыз тізіп қойған. Барып тұрған сауатсыздық масқара жағдай. Диссертант жетекшісі сараптама мүшесі Алдабергеновтың қолын өзі сырттай рұхсатсыз қойып алғандығы анықталды. Алайда Сыдықов мырза өз лауазымын тағыда асыра пайдаланып өзі іріктеп алған кеңес мүшелеріне «қылмыс» жасатты.

2010 жылы 22  желтоқсанда Мұхатова Данагүл «Түркістандағы этносаралық қатынастар тарихы ((XIX ғ. II жартысы мен  XXғасырдың бас кезіндегі Жетісу және Сырдаия облыстарының материалдары бойынша)» деген тақырыпта докторлық диссертация «қорғады.» Ол күні 22  желтоқсанда Е.Сыдықов облыс орталығы Өскеменге 23 желтоқсанда өтетін атақты республикалық форумға кетті. Диссертациялық кеңестің 13 мүшесінің алтауы болмады. Әзімбай Ғали ауа райына байланысты самолет ұшпай Алматыдан келе алмады. Ресей ғалымдары Ламин В.А., Шеглова Т. Алексенколар мүлде болмады. Ал Ескендіров мырза кеңес жұмысына да, дауыс беруге де қатысқан жоқ, өз жұмысымен кетіп қалды. Сөйтіп диссертация мүшелерінің келу қағазына өтірік қол қойылды.  Кеңестің 5 мүшесі қатысқан жоқ, бірақ дауыс сырттай берілді. Ал диссертант Мұхатова Данагүл аталған диссертациясын өзі жазбаған және бұрын әбден зерттелген мәселе. Дәлел: тізімде көрсеткен архивтерде Мұхатова Д. мүлдем болмаған. Кандидаттық диссертациясын қорғағанына екі жылдай ғана уақыт болған. Авторефератында   «өзім жаздым» деп көрсеткен 31 мақаласының 2-уі ғана  2009 жылдың соңында жарық көрсе, қалған 29 мақала 2010 жылы 8-ай ішінде жазылған.  Сөйтіп диссертант 10 ай ішінде, тіпті бір жылға жетпейтін мерзімде 31 мақала жариялаған.  Жарық көрген мақалалардың мазмұнында ешқандай жаңалық байқалмайды, бірін-бірі қайталаған мазмұны ұқсас мақалалар. Автореферат тізіміндегі 10,11,12,13,14,15 нөмірлі 6 мақала тұтасымен Поиск/ Ізденіс журналының  2010 №3 санында бірақ жариялануы әлемдік тарихта болмаған құбылыс. Осылай ғылымды «ойыншық» еткен адамның артында, қандай көкесі, қандай лауазым иесі тұрғандығы да белгілі. Әзірше оның аты жөнін айтпадық. Көкесіне сүйенген диссертант диссертациялық кеңестің басшыларымен сыбайластыққа барып мемлекетке, тарих ғылымына қиянат жасап отыр. Диссертанттың «дайындаған» диссертациясы бұрындары жарық көрген монографиялар мен мақалалардан қазақшаға аударылып көшіріліп алынған «жұмыс». Тарихқа ғылыми жаңалық емес алаяқтық жасаған  оны егер сіздер бекіткен жағдайда дәлелденіп толық басылатын болады.  Ал «антиплогиаттан» алған анықтамасы бұл ұрлықты ақтай алмайды, өйткені ол диссертациялардың өзара ұқсастығын салыстырудан аса алмайды. Осы шикі диссертацияны, ертең бекітіп диплом берсеңіздер өздеріңіз заң алдында жауапты боласыздар. Осы мәселе жөнінде Елбасы қаңтар айындағы Жолдауында ерекше ескертіп айтқандығын ұмытпаған шығарсыздар.

Ал мына диссертация тақырыптары тарихи жаңалық бола ала ма? «Мұстафа Шоқай көзқарастарының қалыптасуы мен дамуының тарихи негіздері» көзқарас дамымайды ол қалыптасып жетіліп, кеңейеді. Бұл жаңалық емес, осы мәселе туралы бірнеше ғылыми еңбектер бар. Ал «Әмір Қанапин ғалым-педагог, мемлекет және қоғам қайраткері» деген тақырыпқа келсек, аталған кісі ешуақытта мемлекет қоғам қайраткері бола алмайды. Мәдениет министрі болу мемлекет қайраткері дәрежесіне олқы келеді. Партия тарихы институтында қызмет істегендердің, диссертациялық кеңеске мүше болғандардың бәрі тарих ғылымына үлес қоса алмайды.  Ол институтта мен де төрт жыл қызмет еттім, сонда не тарихқа ол кезде мен ештеңе қостым деп айта алмаймын. Ал Қанапин жазған монография «Мәдени революция туралы Лениндік ілім» деп аталады. Қазіргі кезде қоғам дамуында кеңстік жүйеден арылу үрдісі жүріп жатқанда, осы аталған еңбек қаншалықты құнды бола алады? Жұбанышов Т. «Қазақстан банктерінің қайта құру кезеңінде қалыптасуы және даму тарихы» Бұл тақырып тарих ғылымына қатысы қаншалықты, қоғамға тарихқа қажетті сондай өзекті мәселе ме?

Дана қазақ «Ет сасыса тұз себерміз, тұз сасыса не себерміз?«-деген ғой.  Біздің қоғам да бұл мәселені шешуде осындай тұздың күйіне түсіп отыр.  Шындық бар жерде жалғандық бұғып байқап жүрсе, ал шындық жоқ жерде жалғандық шіреніп-шалқып жүретіні сияқты бүгінде ең алдымен етек алып кеткен саясаттағы жалғандықты жою керек.

Қосымша тіркелген материалдар:

1.  Н. Шаяхметовтың авторефераты — 2парақ

2. Д.Мұхатованың авторефераты -2 парақ

01 ақпан 2011 жыл                                                        Е.Қуандық

(1) жауаптар

11 ақпан 2011 ж.

Жумагулов Б.Т.

Құрметті Е.Қуандық!

Аталған хатта баяндалған, Шәкәрім атындағы Семей университетінің жанындағы тарих ғылымдары бойынша 07.00.02 — Отан тарихы мамандығынан қорғаған ізденушілер: Шаяхметов Нұрбектің, Утеубаев Марат Төлеумұратұлының, Мұқатова Данагүлдің аттестациялық істері Комитетке келіп түсті.

Комитетте диссертациялар бірнеше сараптамалық кезеңнен өтеді.  «Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің» нормативтік талаптарына сәйкес аттестациялық істерді қарастыру барысында осы сала бойынша, яғни тарих ғылымдары саласынан халықаралық және республикаға танымал, беделді ғалымдардан жасақталған қоғамдық және сараптамалық (эксперттік) кеңестерде мұқият қарастырылады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған ізденушілердің аттестациялық істерін қарастыру кезінде Сіздің хатыңызда көрсетілген ескертпелеріңіз назарға алынады.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы