Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Голливуд жұлдыздары Астанада өнер орталығын ашты

Дата: 25 марта 2011 в 10:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Голливуд жұлдыздары Астанада өнер орталығын ашты

Астанада ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші-сазгер Марат Омаровтың «Талант» халықаралық өнер орталығы ашылды.

Орталықтың тұсауын Голливуд жұлдыздары Марк Дакаскос пен Кэри-Хироюки Тагава кесті. М. Омаровтың айтуынша, аталмыш орталық Бүкіләлемдік «FIDOF» композиторлар қауымдастығымен әріптестік орнатқан. Осы келісімнің негізінде Қазақстан-АҚШ бірлескен фильмдері түсірілмек.

Үздік жобалар шет мемлекеттердегі фестивальдер мен байқауларға қатыстырылады. Сонымен қатар әрбір тоқсан сайын жас дарын иелері АҚШ өңірлеріне шығармашылық турлар жасайды.

«Халықаралық өнер орталығында 20 аталым бойынша сабақ өткізіледі. Вокал, инструменталды, актерлік шеберліктері, домбыра, хореография, фортепиано, гитара, балет биі сынды көптеген бағыттар бойынша өнерпаздар дайындалады. Әрбір дарындымын деген азамат осында өз қабілеттерін дамытып, шеберліктерін шыңдай алады»,-деді М. Омаров.

Осы шараға арнайы ат басын бұрған Кэри-Хироюки Тагава Қазақстан халқына жаңа табыстар тіледі.

«Мен осы елдің болашағына, тамаша жастарына сенемін. Қазақ елі Орталық Азияда көшбасшы мемлекет екені даусыз»,-деп атап көрсетті ол.

 

По сообщению сайта Nur.kz