Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қайролла Ғаблажилов «Жас Алаш» – баба-тарих үні

Дата: 25 марта 2011 в 11:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алаш  ұранды, бөрі текті — қазақтың рухын оятқан қазақ басылымдарының алғашқыларының бірі — «Жас Алаш» газеті. Басылым биыл тоқсанға толып отыр. Бұл — бір қараған адамға мерейтой. Бірақ «Жас Алашты» оқып өскен ұрпақ біледі: газеттің шын бағасын. Қоғам біледі: қазақ үшін қылған қызметінің қадір-қасиетін.

«Жас Алаш» ақпараттық тұрғыда ғана қазақ танымына қызмет қылған жоқ. Ол ұлт руханиятына, тәуелсіздігіне, рухына, елдің елдігіне күрес қылды. Әлі де күресіп келеді...

Кешегі Күлтегін құлыптасында қашалған көшпендінің күлтелі сөзін жалғап, Сақ пен Ғұн ұрпағының сағын сындырмай келе жатқан, Оғыз бен Қыпшақтың оғлан ұлдарының дауысындай болған — «Жас Алаш», ұлт үшін кеше — майдан кешті. Бүгін де от пен судың ортасында. Ата-бабамыздан жалғасқан тектіліктің сөзін сөйлеп жүр басылым. Жүзге, руға тартпай, қара қылды қақ жарып жазып жүрген газеттің ұстанымында туғанға тартпайтын туралық басым. «Жас Алаш» жоғын жоқтағанның — жоқтаушысы, соттан әділдік таппаған халықтың — мұңдасы, биліктен тауы шағылған елдің — есі болып келеді. Қысқасы, ауылдағы шаруа мен Ақордадағы «шаруасы» шайқалған шенеуніктерге дейінгі барлық қазақстандықтардың шерін жазатын, шеменін тарқататын «шежіресі».

«Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» болып жүрген қазақ баспасөзінің айқасқасы — «Жас Алаштың» тоқсан жасына жеткен де, жетпеген де бар. Дәл бүгінгідей демократияны қолдан «жасап» отырған ел үшін тәуелсіз газеттің тәумені шағылмай халыққа жетуі ерлікке баланса керек.

Баба-тарихымыздағы даналар сөзін, жыраулар үнін бүгінге, Алаш ұрпағына қаймағын бұзбай жеткізіп, әділет үшін аламан салып жүрген «Жас Алаштың» жазары көп. Жазып жатқандарының өзі бір мемлекет істей алмайтын, үлкен институт жаза алмайтын рухани дүние. Тәуелсіз үн. Ащы шындық! Әдемі ақиқат!..

Кешегі Кеңес үкіметінің қабырғасын қақ айырған, тәуелсіздікті жан-тәндерімен қалаған 1986 жылдың жастарының бойында еркіндік — «Жас Алаш» сіңірген рух. Иә, басылымды ұзақ жылдар бойы оқып, тоқып өскен қазақтың оянуы. Желтоқсандағы бас көтеру түреннен салған жол емес. Өйткені көшпенді рухын, Алты алаштың жауынгерлік қаһармандығын саф алтындай сақтаған қазақ халқының тәуелсіз сөзі осы басылым болды. Бізге басылымның өткен тарихы таныс. Кеңес үкіметінің өзінде өзге баспасөзден «Жас Алаштың» бойы биік тұрды. Қылышынан қан тамған сол жылдардың өзінде басылым ұлттың, рухтың жоғын айтты, жазды. Әлі де бағытынан танбай келеді. Жасыратыны жоқ, қазір кез келген қазақстандық қоғам бейнесін «Жас Алашпен» өлшейді. Газет бетінтегі ақиқатпен бағалайды.

«Алаш» деген үлкен атты арқалаған «Жас Алаш» газетіне және ұжымдағы барлық журналистерге мерейтой тұсында, жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді болсын демекпін!

Қайролла Ғаблажилов, «Алаш» тарихи зерттеу орталығының президенті

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы