Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ашық хат. Қазақстан «Ұлттық» Телерадиосына ұлтқа жанашыр басшылық қажет

Дата: 25 марта 2011 в 12:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚР Президентіне!

ҚР Үкіметіне!

ҚР Ақпарат және Байланыс Министрлігіне!

ҚР Әлеуметтік қорғау және Еңбек Министрлігіне!

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарына!

 

АШЫҚ ХАТ

Қазақстан «Ұлттық» Телерадиосына  ұлтқа жанашыр басшылық қажет

Басынан дауы арылмаған «Қазақстан» Ұлттық Телерадиосының кейінгі жылдардағы  ұлттық, кадрлық,  кәсіби-шығармашылық, қаржылық  саясаты тынысымызды тым тарылтып жіберген еді. Әсіресе бүгінгідей,   Мемлекетімізді  қазақтандыруға,  ал, ақпараттық ахуалымыз қазақтілді аудияторияны кеңейтуге өте-мөте зәру болып отырған шақта. Тәуелсіз Қазақстандағы  көше толы, кеңсе толы орысшамыз аздай, енді «Қазақстанның» да эфирі орысшасы мен қазақшасы мидай араласып кеткен жобаларға толып кеткеніне   қарап, қай елде өмір сүріп отырғанымызды анықтаудан қалып бара жатқан кезімізде тіл мәселесіне қатысты  зарыға күткен шешімді сөзді   Президенттің  аузынан  ақыры естідік-ау! Оған дейін «Ұлттық» арна 100 пайыз қазақша сөйлеуге  тиісті деген мәселені көтергендердің барлығы да қазақтың жауына айналып, айдың күннің аманында қудалауларға ұшырап тынып еді...Хош делік. Бірақ, «Қазақстан» Телердаиосының Басшылығының қазіргі тұрпатына қарап, «Ұлттық» Арнаны қалай мүдіртпей қазақша сөйлетпекпіз? деген  сауал туындайды. Қазақтандыру деген сөз әуелі қазақтілді ақпарат өкілдерінің жұмысына тыныс ашу,  қазақтілді кадрларды көбейту, қазақ тілді бағдарламаларға бөлінетін қаржыны көбейтуден  тұратын болса, Басқарма жүргізген 2010 жылғы қараша айындағы қысқарту науқанына қарап, дәл бір қазаққа жасалған «осы замандық геноцид» деп бағалауға болатындай. Қазірде «Ұлттық» арнаның экранында кез келген жобаның қазақша орысша жарысқан баламасы  толып жүр: «Сен сұлу» (қазақша, орысша), «Меншікті Мекен» — «Личная территория», «Көршілер» — «Соседи», «Алтын таға» (аралас тілде), «Заң алаңы» — «Территория права», «Айналайын» (аралас тілде), «Қазақстан-Менің Елім » (қазақша-орысша) «Мой Қазақстан», т.б.  Ұлттың дәстүрлі өнерді насихаттауға айырықша көңіл бөлуге тиісті  «Ұлттық» арна  «Сегіз қырлы» секілді  халықтық жобаға  түскі мезгілде орын бөліп, есесіне, екі тілде сөйлейтін, «Пай-Пай Шоу»,  «Екі жұлдыз», «Айналайын», «Сен сұлу» секілді қостілді көшірме жобаларға миллиардтап  қаржы шашудан, оларға айырықша мәртебе беруден аянбады. Есесіне,  Ұлттық идеологияға жұмыс жасап келген «Көкпар», «Мәдени мұра» сияқты жобалар жабылып жатты.  Сөйте тұра,  «Қазақстан» Телерадиосының Басқарма   төрағасының орынбасары Ләззат Танысбай  Президенттің алдында «100 пайыз қазақшаға көшуге дайынбыз» деп ақталғанына қарап несімен дайын екендігін түсіне алмадық. Жетекші арнамыздың  көзге түсер кадрларына да, эфиріне  де үздіксіз жасалып келе жатқан  мақсатты «шабуылдардың» соңын  2010 жылдың қараша айында 150-дей   кәсіби журналисті «қаржы үнемдеу керек» деген желеумен қысқарту да сол дайындықтың бір түрі ме?  100 пайыз қазақша сөйлеуге жасалған  дайындықтың сыйқы осы ма? Қазақтілді ақпарат құралының тынысын кеңейтуді  қазақ журналистерінің кәсіби шығармашылық жағдайын жасаудан бастамаушы ма еді?  «Қазақстанның» бүгінгі жобалары өзінің жылдар бойы сақталып келген классикалық форматына сай емес, отбасылық көңілашар немесе музыкалық арнаға сәйкес. Бұған дейін салиқалылығымен танылып келген «Қазақстанның» бүгінде шетелден ұрлаған жобалары аздай, енді «Ел»  продюсерлік орталығының  ойлап тапқан «Қазақтың 1000 әні» жобасын  «Қазақтың 100 әні» жобасына айналдырып,  дап-дайын  идеяны атымен қоса ұрлаудан қымсынбады. Бейне бір  ойлау қабілетіміз тоқтап қалғандай, 20-30 жыл бұрынғы «Кеш жарықты» қайталауға көшті.    Қысқасы,  кілең көшірме, қайталау ток -шоудан алдына жан салатын түрі жоқ.  Телеарна Басшылығы қит етсе, бетке ұстайтын «Геллап Медианың» зерттеу компаниясының сауалнамасына қатысушы 70 пайызы орыстілді, 30 пайызы ғана қазақтілді көрерменнің жауабы «Ұлттық» арнаның шынайы рейтингін анықтай да алмайды, анықтауға да тиісті емес! Айтпақшы, енді 100 пайыз қазақшаға көшсек, онда рейтингті анықтайтын респонденттерді де 100 пайыз қазақтілділерге ауыстыру қажет болады.

Осы «Қазақстан» РТР-ның құрамында жұмыс жасайтын 90 жылдық тарихы бар  Қазақ радиосы! Қазақ радиосының эфирінен кейінгі кезде беріліп жүрген кейбір әндердің көркемдік эстетикалық деңгейіне қарап, бүкіл радиода музыкадан сауаты бар бір де бір продюсердің немесе жетекші кадрдың жоқ болғаны ма деп таңғалуға тура келеді. Шындығында да солай. Бүгінде Қазақ радиосы аталған саладан хабарсыз басшы қосшылардың күн көретін мекеніне айналып кетті. Соңғы  төрт жылда төрт рет жаңаланған Басшылықтың төртеуі де  радио саласында бұған дейін  тәжірибесі болмаған кездейсоқ кадрлар. Барлығы да төбеден түскендей, не Президент Әкімшілігінің не, Министрліктің «күштеп таңуымен» пайда бола кетеді. Қазақша майын тамызып сөйлейтін шебер журналистердің үні эфирден азайып бара жатқандығы  өтірік емес. Не  жаңашылдық  жоқ, не  бағдарламалардың бұрынғы жоғары көркемдік деңгейі де жоқ. Солай болмай қайтсін? Сонымен қоса, бүкіл бір Қазақ радиосына бөлінген жылдық қаржы «Екі жұлдыз» сияқты әлем-тапырық жобаға бөлінген қаржыдан бірнеше есеге аз . Радиожурналистердің жалақысы әлгі атышулы  оңтайландырудан кейін 40 000 теңгеге дейін азайып, барлық әлеуметтік түрлі көмектерден айырылды.  90 жылдық радиомұраларды сақтап отырған «Алтын қордың» атын  өшіріп, оны жеке статустық мәртебесінен айырды. Қазақ радиосының қанжығасына  «Жыл Адамы-Алтын Адам», «Алтын Жұлдыз» сияқты халықтың мойындауымен берілген  сыйлықтарды бұйыртқан кәсіби журналистердің маңдайына «өндіріске қажетсіз болып қысқару» мазағын бұйыртты...  Мәселе онда да емес шығар,  бірақ, Қазақстан «адам құқын құрметтеуімен»  күллі Әлемге үлгі болып, мақтауға қарқ болған әйгілі желтоқсанның бірінен бастап қызметінен әділетсіз айырылған журналистердің құқын таптаған  Басқарма Басшылығының бұл әрекетіне қарап, бейне бір қазіргі Президенттің саясатына қарама-қайшы жұмыс жасап  жатқандай әсер алуға болады екен... Осындай нақтылы түрде орын алып отырған мәселелерге қарап, Қазақ радиосына да заңды түрде назар аударатын  уақыт  жеткенін көрсетеді.  Түптеп келгенде, мұндай жағдайлардың барлығы да «Қазақстан»  арнасы, «Қазақ радиосы» секілді қазақ үшін стратегиялық маңызы зор ақпараттық жүйені  қалыптасқан бағытынан жаңылдырып, ұлттың  дауысы болып отырған қарашаңырақтың үнін біртіндеп көмескілендіруге жеткізді. Кез келген жетістікке жету қиын, бүлдіру оңай. Осыншалықты ала құла деңгейге түскен жетекші телерадионы енді бірден дәл қазіргі Басшылықпен аяғынан тік тұрғызу мүмкін еместігіне бүкіл қазақтың көзі жетіп отыр.   Ең жанға батып, ішіңді ашытатын тағы бір мәселе осы Басқарманың қаржылық мәселелесі. Отандық БАҚ-тың ішіндегі ең бай Басқарманы басқарып отырғандардың «қаһарына» іліккен «құрбандардың» бір жылда табанынан таусылып жүріп алатын  жалақысы  сондағы   басшы  мырзалар мен ханымдардың   бір айда  алатын жалақысын шамалайтыны ақиқат.  Онсыз да күнін зорға көріп жүрген қазақ   журналистерін топ-тобымен қысқартқан соң, іле-шала 2011-жылдың жаңа жыл қарсаңында олар  әлгі миллиондаған жалақыларына қосымша сол көлемде  қомақты жаңа жылдық сыйақыларын қалтасына басты. Қысқартудан аман қалған журналистердің 90 пайызы әлеуметтік пакетттерсіз аз-маз тиын тебенге жұмыс жасайтын болады.  Есесіне, бір бірінің желкесіне мінгескен кілең басшы қосшылардың саны жеткілікті. Демек,  бұл тек сондағы қызметкерлердің ғана жанайқайы болып қалмай, бүкіл қазақ  халқы, қазақтың зиялы қауымы болып  бірігіп көтеретін мәселеге айналды!  Сондықтан:

1. Тәуелсіздігімізге  20 жыл толу қарсаңында қазақ тележурналистикасының қарашаңырағы Қазақстан «Ұлттық» телерадиосының басында орын алған  мұндай жағдай Елдігімізге үлкен сын! Ашық хатқа үн қосқысы келетіндер болса, біздің шынайы жанайқайымыз бен жанашырлықпен жазған үндеу хатымызға үн қосуға шақырамыз.

2. «Ұлттық» телерадионың  іс қағаздарының 90 пайызға жуығын кілең орыстілділер орыс тілінде  жүргізіп отыр. Отандық іргелі жобалар атымен жоқ, кілең көшірме, жаңа идеялардың сұлбасы да көрінбейді, соңғы бес алты жылда бір де бір тарихта қалатын деректі фильм жасалған жоқ.  Демек,  «Қазақстан» Ұлттық Телерадиосының бүгінгі жағдайы салаға лайық Басшылыққа зәру! Басқарманы басқаруға  ұлттық құндылықтарға мұрын шүйіріп қарамайтын, тілі  қазақ, қазақ дейтін ұлы халықтың қажетіне  жұмыс жасай алатын, ұлттың зиялы қауымымен,   түсінісіп, санаса білетін кесек Тұлға қажет!

3. Қазақ радиосының базалық жағдайы халықаралық радио жасауға сай болса да, 40-тан астам журналисті штаттық қысқартуға түскенде ара түсуге жарамаған қазіргідей қара басынан аса алмайтын «қуыршақ басшылар» қарашаңырақ радиомыз күні ертең   «Хабар», «Ретро-ФМ»   секілді «жеткіншек» радиолардың қатарына еніп жатса да мыңқ етпейтіні белгілі. Оның алғы шарттары жасалып та кетті. «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиосы да  ұрпақ қамын ойлай білетін басшылықты қажет ететін жағдайда.

4. «Национал Бизнес» журналы жариялаған көрсеткіш бойынша  «Қазақстан» РТРК 2010 жылғы жылдық кірісі бойынша Қазақстандағы ең бай әрі  ірі 500 мегиахолдингтің ішінде  181-ші позицияда тұр, жылдық кірісі 53,6 миллион $ (8 миллиард теңге). Осыншалық ен-тегін қаржының көрермен халық пен ондағы қызметкерлердің мүддесіне қаншалықты әділетті немесе әділетсіз жұмсалғанын тексертуді сұраймыз.

5. 2010 жылдың қараша айында өткен «қысқартудан» соң   негізгі жұмыс күшін көтеріп отырған қатардағы қызметкерлердің бір жылда алатын жалақысын бір айда алып отырған қаптаған шенеуніктер қалды да,  күнкөрістік қана мөлшердегі аз-маз напақаға қыруар жұмыс жасап келген нағыз кәсіби кадрлар кетті.  Еңбектік те, адами да, әлеуметтік те  құқы тапталған қазақ  журналистеріне  жасалған әділетсіз шешімді  ҚР Еңбек Кодексі мен оңтайландырудың шынайы мақсатына сәйкес қайта қарап, тексертуді сұраймыз.

6. Қазіргі 100 пайыз қазақша тарайтын «Балапан» арнасы деген арнаның аты ғана. 50 пайызы шетелдік өнімдердің аудармасынан тұрады. Қазіргідей шым шытырық кадрлық жағдаймен енді  «Мәдениет» арнасын қалай келеге келтірмекші? Кез келген жетістікке жету үшін әуелі кадрлық мәселені   жырғатып  алу қажет.

7. «Ұлттық» арнаның экраны  эстрадалық әндер мен  әртіс-жүргізушілерге толып кетті. Бейне бір тек солардың насихатшысындай.  Дәстүрлі өнерімізді, дәстүрлі журналистерді  насихаттауға айрықша  басымдық бергеніміз жөн болар.

8. Қорыта айтқанда, «Қазақстан» РТРК-ының қазіргі ұлттық, кадрлық, қаржылық, кәсіби шығармашылық саясаты Ұлттық Идеологияға, Мемлекеттік Кадрлық саясатқа, ҚР Еңбек Кодексіне, БАҚ-ды дамыту принциптеріне, Конституциялық талаптарға сәйкес  емес. Тәуелсіз Қазақстанның «Ұлттық» арнасы жетекші ұлтқа жұмыс жасауға,  Мемлекеттік қаржы баршамыздың игілігімізге жұмсалуға тиісті!

Дулат Исабеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Мәдениет» журналының Бас редакторы, Мекемтас Мырзахмет ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, Әшірбек Сығай ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, сыншы, Амангелді Айталы философия ғылымдарының докторы, профессор,   Ақсұңқар Ақынбабақызы, радио саласы бойынша «Жыл Адамы-Алтын Адам-2010» сыйлығының, «Дарын» Жастар Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақ радиосының» бұрынғы бас сарапшысы, Асылы Османова «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамдық қозғалысының төрайымы, Мырзан Кенжебай, «Мәдениет» журналы Бас редакторының орынбасары, Хайролла Ғабжалилов «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті, Болат Атабаев «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі, Бейбіт Қойшыбаев Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, Нұрболат Сұлтанғазы «Қазақстан» телеарнасы «Таңшолпан» бағдарламасының бұрынғы редакторы, Гүлжаһан Қасымжанова, «Қазақстан» телеарнасының бұрынғы режиссеры,  «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері, Қадиша Сейітқұлқызы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Қазақстан» телеарнасының ардагері, Халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Алма Серікқали «Қазақ радиосының» редакторы, Нұртай Лахан «Қазақ радиосының» бұрынғы редакторы, Базаралы Мүптекеев Қазақ радиосының бұрынғы «Алтын қор» бөлімінің аға операторы, Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген  әртісі, қайраткері, Айгүл Үлкенбаева ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Сәуле Жанпейісова ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қошқарбек Тасбергенов ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Карима Сахарбаева ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор,  Тілеулес Құрманғалиев әнші, Мұрат Әбуғазы ҚР мәдениет қайраткері, Рымкеш Жұмаділова ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Зәкір Асабаев жазушы,  Алмат Исәділ ақын, Бақыт Беделханұлы ақын,  Хасен Қожа Ахмет «Азат» қозғалысының төрағасы, Гүлбахрам Жүніс «Тәуелсіздік қырандары-халық қаһармандары» қозғалысының төрайымы,  Ұзақбай Доспамбет жазушы, Құрал Тоқмұрзин жазушы, Гүлжанат Шонабай «Үшқоңыр» газетінің Бас редакторы,   Бауыржан Қалиолла ақын, Қажымұқан Ғабдолла тәуелсіз журналист, «Жас өркен» баспасының, «Түркістан», «Ана тілі» басылымдарының бір топ журналистері: Қ.Қайым, Б.Дәулетбаева, А.Ахмет, Г.Зейнуллина, Ж.Нармаханова, Б.Мәжитов, Динара Мыңжасарқызы, Гүлзина Бектасова, Ақниет Оспанбаева, Бектұрған Лақадыл, Серікбол Хасан, Серік Үсен, т.б.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы