Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақтың үздік блогшылары анықталды

Дата: 25 марта 2011 в 14:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақтың үздік блогшылары анықталды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Алматыда қазақ блогшылары бас қосып, І құрылтайын өткізді.

Тұңғыш рет өткізілген шараға Қазақстанның әр өңірі мен Қытай, Моңғолия, Германия, Франциядан ат арылтып келген 150-ден астам блогшы қатысты.

Блогшылардың қатарында ҚР Парла­менті мәжілісінің депутаттары, саясаткер­лер, журналистер, ІТ мамандары бар.

Екі күн бойы өткен басқосуда жаңа медиа, блог жүргізу, дамыту тақырыптарымен қатар, «Интернеттегі авторлық құқық», «Блог арқылы табыс табу», «Сайттарды дамыту», сайттар мен блог жұмысына ұялы телефон, бейнекамера, фотоаппараттарды қолдана отырып, жылдам ақпарат тарату, қазақ сайттарын дамыту тақырыптары талқыланды.

Блогшылардың жаңа жоба­лары көпшілік назарына ұсынылды. Соны­мен қатар оларға Еуропадан келген белгілі мультимедия маманы Дин Кокстың шебер­лік дәрісін өткізіп, жылдам ақпарат тарату жолдарын үйретті.

Тұңғыш құрылтай аясын­да өткен тағы бір тұңғыш блогшылар байқауында жылдың ең үздік блогшылары анықталды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша «Ең көп жаңаланатын блог» аталымы бойынша блогшы, журналист Өркен Кен­же­бектің «Оrkenegro» блогы, «Ең көп тал­қыланатын блог» аталымында Дінмұхам­мед Зиядиннің «Қисық» атты блогы, «Ең пайдалы тақырыптық блог» аталымында Эльвира Нұрбаеваның «Аспаздық» блогы, «Ең үздік ақпараттық блог» аталымында блогшы, журналист Асхат Еркімбайдың «Өрімтал» блогы, «Ең үздік ақпараттық-технологиялық блог» аталымында жур­налист, блогшы Ербол Азанбектің «autokaz» блогы, «Ең үздік саяси-әлеуметтік блог» «Алаш айнасы» газетінің тілшісі, журналист, блогшы Бүркіт Нұрасылдың «akiyk» блогы, «Ең сауатты блог» аталымы бойынша Ерлан Оспанның блогы үздік аталды.

Сонымен қатар Моңғолияда тұратын кішкентай қандасымыз Лашын «Ең жас блогшы» ретінде марапатқа ие болды.

Ал «ең үздік оқырман» болып, қызылордалық блогшы Асқар Базарбаев танылды. Үздік блогшыларға шараның демеушілері «Nokia» компаниясы ұялы телефон сыйға тартса, «Қазақтеле­ком» АҚ бір жылға тегін «Мегалайн» қызметін ұсынды, сонымен қатар НР компаниясы түрлі-түсті принтер мен нетбук сыйлады.

Сонымен қатар құрылтай барысында старт-ап байқауы өткізіліп, үш үздік жоба анықталды. «Болашақ» бағдарламасы бо­йын­ша Германияда оқитын студент Сағын Қалдыбековтің «Ана мен бала» сайты, Талғат Байназаровтың «Geogebra» жобасы, Ербол Серікбайдың «termin.kz» сайты, моңғолиялық қандасымыз Өмірбек Қа­бай­дың «kazlife.com» сайты үздік деп танылып Kcell/GSM Қазақстан компаниясы тарапынан 100 мың теңге мен «Қазақтеле­ком» АҚ тарапынан тегін хостингке ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

150-ге жуық блогшы қатысып, өз жобаларын таныстырды, өзекті мәселелерді талқылады

Асхат ЕРКІМБАЙ, құрылтайдың үйлестірушісі, блогшы, журналист:

– Биылғы құрылтайдың басты мақсаты – блогшылардың бір-бірімен танысып, өз ойларын ортаға салып, жобаларын таныстыруы, сондай-ақ үздік блогшыларды анықтап, оларға дем беру болатын. Бұл тұрғыда құрылтай өз мақсатына жетті. 150-ге жуық блогшы қатысып, өз жобаларын таныстырды, өзекті мәселелерді талқылады. Арнайы маманның шеберлік сабағын тыңдады. Сонымен қатар биылғы жылдың ең үздік блогтарын анықтап, марапатталды.

Үш жобаға 100 мың теңге сыйақы, тегін хостинг берілді.

Бұл жобалар жақында қазақ сайттарының қатарына қосылуы тиіс. Блогшылар­дың басқосуын дәстүрлі түрде ұйымдастырып тұрмақпыз. Алдағы мақсат – шетелдегі ІТ саласының мамандары, блогшылар, журналис­тердің басын қосу, бір-бірімен пікір, тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

По сообщению сайта Nur.kz