Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Дін саясаттың құралына айналса, ол жақсылыққа апармайды

Дата: 25 марта 2011 в 16:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Дін саясаттың құралына айналса, ол жақсылыққа апармайды

Мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас тек заң негізінде қаралуы керек.

Бұл жайында бүгін Парламент Сенатының депутаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім «Мемлекет пен дін қарым-қатынасы модельдерін жасау жолындағы ізденіс» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлім етті.

Оның айтуынша, сол заңның орындалуын өкілетті және басқарушы органдар қадағалап отыруы керек.

«Бұдан ары қоғам мен дін деген мәселе шығады. Бұл жерде заңдылық болғанымен бұрыннан қалыптасқан дін туралы түсініктер бар. Қоғам дінге деген өзінің көзқарасын ешқашан жоймаған. Дін — мәдениет. Елбасы әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің басын қосып, 3 съезд өткізген кезде үнемі «дін — бұл мәдениет» деп айтқан кезі болды. Дінді мәдениет деп түсінген жөн. Еліміздегі діндер мәдениетті түрде жұмыс істесе, ол біздің бағытымызға сай дін. Егер мәдениетсіз дін болатын болса, оған қарсы болса, онда оны біз дін деп санамаймыз», -дейді Ғ.Есім.

Елбасы әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің басын қосып, 3 съезд өткізген кезде үнемі «дін — бұл мәдениет» деп айтқан кезі болды

Сондай-ақ ол дін деген өзінің бойындағы, табиғатындағы асыл қасиеттерін алып шыға білу керектігін айтады. «Егер тарихи бір қалыптасқан келеңсіз түсініктер болса одан арылу керек. Мемлекеттік органдар бұл жайында хабардар болып, идеологиямен шұғылданатындар бұны білуі қажет», -деп атап өтті өз сөзінде Сенат депутаты.

Ғ.Есім дін саясаттан тыс, тек қоғамда болуы керектігін жеткізді.

«Адамның дүниеге келуі, өмір сүруі, өлім мәселесінде дін болады. Егер дін саясаттың құралына айналып кететін болса, ол жақсылыққа апармайды. Өкінішке орай бізде дінді саясаттандыру мәселесі көрініс беріп қалады. Бұны тоқтатуымыз керек, оның басты жолы заң және сол заңның орындалуы», -дейді ол.

Профессор бізде дін жөнінде заң бұрын қабылданғандығын, қазіргі уақытта ол жетілдіріліп, Президенттің қарауына қайта жіберілгендігін айтып өтті.

 

По сообщению сайта Nur.kz