Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Ұлы дала әуені» Алматыға келді

Дата: 26 марта 2011 в 13:51 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Ұлы дала әуені» Алматыға келді

Бұдан біраз бұрын АҚШ-тың танымал һәм көрнекті композиторы Энн Ле Барон «Молчание Великой степи — Ұлы Дала әуені» деп аталатын музыкалық кантанта жазып бітірген-ді.

Кеше Алматыдағы «Pіxos» мейманханасында америкалық және қазақстандық өнер иелері журналистермен кездесіп, жаңа туынды туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Алматыда туып-өсіп, бүгінгі күні АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында тұратын дүние жүзіне танымал тенор дауысты жас әнші әрі көрнекті продюссер Тимур Бекбосыновтың пікірінше, «Ұлы дала әуені» деп аталатын бұл туындыны өмірге әкелу үшін композитор Энн Ле Барон үш жылға жуық уақыт тынымсыз еңбек етіпті.

Бір ерекшелігі, шығармада қазақ халқының да, америкалықтардың да, батыс пен шығыстың музыкалық әуезді әуендері де, екі елдің тек өздеріне ғана тән ұлттық әуен-өрнектері айқын байқалады.

— Мен балалық шағымның қызықты күндері өткен Алматымен, сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Бұл жолы менімен бірге америкалық көрнекті кинорежиссер Сандра Пауэрс, көрнекті композитор Энн Ле Баронның көмекшісі Даниэль Коррал қазақстандық өнерсүйер қауымға «Ұлы Дала әуені» атты жаңа шығарманы таныстыру мақсатында арнайы келіп отыр.

Америкалық композитор Энн Ле Баронның «Ұлы Дала әуені» аталатын осынау ғажайып шығармасы Қазақстан мен Америка арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деген сенімдемін.

Ең маңыздысы, әлемде теңдесі жоқ осынау музыкалық шығарма қазақтың ұлттық саз аспаптары — жетіген, сазсырнай, қобыз т.б. музыкалық аспаптарда орындауға арналған. Осы мақсатта біз Алматыдағы ұлттық фольклорлық-этнографиялық «Сазген сазы» ансамблін таңдап алдық, — деп тенор әнші Тимур Бекбосынов жаңа туындының маңызы мен мәніне тоқталды.

«Бұл ретте біздің шығармашылық ұжым «Ұлы Дала әуені» жобасының жүзеге асуына Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры басшылығының көмек қолын ұсынғанына риза.

Бұйыртса, алдағы желтоқсан айында Астанада «Ұлы Дала әуені» шығармасының толық нұсқасын жұртшылыққа ұсынуды жоспарлап отырмыз» — деді Тимур Бекбосынов.

«Сазген сазы» ұлттық фольклорлық ансамблінің жетекшісі Марат Жалбыров:

Бұл шығарманы халқымыздың ұлттық музыкалық аспаптарында орындау алғашында оңайға түспегенін, дегенмен ансамбль мүшелері ерінбей еңбектеніп, күрделі шығарманы ойнауды ойдағыдай игергенін айтты.

Ал Қазақстанға тұңғыш рет қадам басқан америкалық кинорежиссер Сандра Пауэрс:

— Мен Қазақстанды алғаш көріп, өзіме бейне бір жаңа әлем ашқандай күй кештім. Шыңын мәңгі мұз басқан тау қойнауына орналасқан әсем қала Алматыда өмір сүріп жатқан сіздер қандай бақыттысыздар. Жоба туралы айтар болсам, мен өзім түсірген деректі фильмге Қазақстан туралы бейнебаян құжаттарын ұзақ іздедім. Ақыры, сонау Кеңес Одағы кезінде мұрағатта сақталып қалған көне тарихи бейнебаян қолыма түсті. Мұнда ұлттық киім киген егде жастағы бір әйелдің домбыра тартып жатқан сәті бейнеленген. Сұрастыра келсем, бұл тарихи бейнебаянда бейнеленген адам қазақ халқының көрнекті композитор-күйшісі Дина Нұрпейісова екен. Мен бейнебаян арқылы оның домбыра тарту шеберлігіне айрықша тәнті болдым. Сірә, бұл қазақ халқының қос ішекті музыка аспабының құдіреті, кереметтігі болса керек, — деп өзінің таңданысын жеткізді.

Кездесу барысында америкалық кино режиссер Сандра Пауэрс түсірген «Көшпенділердің әні» деп аталатын деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Сондай-ақ кеше кешқұрым Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясының концерт залында америкалық композитор Энн Ле Баронның «Ұлы Дала әуені» музыкалық туындысының тұсаукесері болып өтті.

По сообщению сайта Nur.kz