Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Туған тіл тазартуды қажет етеді

Дата: 27 марта 2011 в 18:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Туған тіл тазартуды қажет етеді

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері қазақ қоғамы үшін мемлекеттік тіл мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда ана тіліміздің болашағына қатысты өзімнің түйген-білгенімді, кейбір ұсыныс-тілектерімді ортаға салсам деймін.

Қазақстан мемлекеті қазақ жерінде орнады. Еліміз қанша көпұлтты болса да, елдің, жердің бүтіндігі мен болашағы ең әуелі қазақ халқының мойнында.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік, яғни баршаға бірдей міндетті тілі – қазақ тілі. Демек, қазақ тілінің тазалығы мен дұрыс пайдаланылуы – мемлекеттік маңызы бар мәселе.

Соңғы кезде тіл тазалығына зиянды құбылыстар етек жайғанын байқай бастадық.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, жарнамада және мемлекеттік маңызды іс-шараларда қазақша атаулардың бұзылып жүргені айқындала бастады. Осыған бірнеше мысал келтіргенді жөн көрдік.

Қазақ тілінің тазалығы мен дұрыс пайдаланылуы – мемлекеттік маңызы бар мәселе

Кеңес дәуірінен басталған бәрімізге белгілі аналар мейрамының атын Халықаралық әйелдер күні деп жүр ғой. Сол атауды қазақ тілі тұрғысынан талдайтын болсақ, күн емес, әйелдер халықаралық болып шығады екен. Сонда «Ол қай әйелдер мерекесі? Халықаралық әйелдердің біздің елге не қатысы бар?» деген сұрақ туары сөзсіз. Шын мәнінде, бұл – орысшадан сөзбе-сөз шала аударма. Қазақша болса Әйелдердің халықаралық күні болмас па еді?

Тағы бір мысал:

Жинақтаушы зейнетақы қоры дейді. Тіліміздің ережесіне жүгінсек, «зейнетақы» сөзінің алдында тұрған «жинақтаушы» сөзі сын есім қызметін атқарып, зейнетақымыз жинақтаушы болып шыға келеді. Бұл қатені «Зейнетақы жинақтаушы қор» деп қазақша неге айтпасқа? Орысшадан сауатсыз аударманың тағы бір мысалы: «Жетінші қысқы Азияның ойындары» деген атау. Талдайтын болсақ, Азиялар саны жетеу және олардың қысқы деген түрі бар екен. Соны неге орысшадан «Азияның жетінші қысқы ойындары» деп дұрыс аудармасқа?

Енді жарнамаға келсек...

Қалаларымыздың көшелерінде мынадай қате жазулар көп кездеседі: «дүкені Самал магазин». Шамасы, жарнама бақылайтын мемлекеттік мекеменің басты талабы жарнамалық жазулар қазақ тілдісінен басталуы тиіс деген болар. Дұрыс-ақ, алайда бұл жазуларды сол күйі оқитын болсақ, олар қазақшадан басталмақ түгіл, қазақ тіліне мүлде жуымайды да! Дүкен иелері ақша үнемдеймін деп қазақша және орысша жазуды біріктіріп бергенде, жарнамаға жауапты қызметкерлер онысына рұқсат бере салады. Бұдан басқа толып жатқан мекеме аттары да солақай жазылған: «Мемлекеттік өртке қарсы күрес» мекемесі атына сай тек мемлекеттік нысандардағы өртпен күреседі екен, Мемлекеттік құтқару қызметі де жеке адамдарға көмектеспейтін болып шығады.

Осылай тізе берсе, көптомды қалың кітап толып қалар еді. Өкінішті-ақ!

Сонда сан ғасырлап жиналған тіл байлығымыз осы заманғы сауатсыздардың кесірінен біржола жойылып кетпек пе?

Өзге өркениетті елдер өз тілдеріне айрықша мәртебе беріп, оны заңымен қорғап қойған.

Ендеше, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы тұсында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін бүгінгіден де биіктете түссек, ұлтымыздың ұтары көп болар еді.

По сообщению сайта Nur.kz