Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанда пәтер ұрлығы 39,7 пайызға, ал тонау 22 пайызға көбейген

Дата: 27 марта 2011 в 18:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанда пәтер ұрлығы 39,7 пайызға, ал тонау 22 пайызға көбейген

Пәтер ұрлығы үрейлендіріп тұр... Қоғамдық жасақшыларды көбейту арқылы пәтер ұрлығына тосқауыл қоя аламыз ба?

Осыдан біраз уақыт бұрын Ішкі істер министрлі­гінің көшпелі отырысында ведомоство басшысы Серік Баймағамбетов елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны төмендегенімен, есесіне ұрлық, тонау азаймай тұрғанын айтқан еді. Мәселен, тонау 22 пайызға, ал пәтер ұрлығы 39,7 пайызға көбейген.

Қазір көктем келе жатыр. Құқық қор­ғау­шылардың айтуынша, әсіресе көктем мен жаз айларында пәтер то­наушылардың нағыз жұмысының «қызатын» кезі екен.

Үй иелері жұмыс­қа, демалысқа кеткенде немесе де­малыс күндерін саяжайда өткі­зетін кезде пәтер ұрлығы да көбейетін көрінеді.

Жасер СЫДЫҚОВ, Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары:

– Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда жаса­лынып жатқан қыл­мыстардың ең көбі – пәтер ұрлығы. Қазір біз Пәтер иелері кооперативі (ПИК) басшыларымен тығыз қа­рым-қатынас орнатып отырмыз. Көпқа­батты тұрғын үй подъез­дерінің, жертөлелер­дің, шатырға шығу есіктерін темір есік­термен ауыстыру керектігін түсіндірудеміз. Аудандағы көпқабатты үйлердің 90 пайы­зында домофон бар. Құлып­тардың барлы­ғына арнайы код қойылған. Алайда пәтер ұрлы­ғының орын алуына кейбір тұрғын­дардың өздері кінәлі. Белгісіз аза­маттармен спирттік ішімдіктер ішеді, есік пен терезе­лерді ашық қалдыра­ды. Онымен қоса, домо­фонмен біреулер қоңырау шалса, оның кім екендігін анықта­май жатып есікті аша салады. Осындай сақтық шараларының ескерілмеуі ұрлыққа жол ашып отыр.

Бүгінгі таңда пәтер тонаушылардың пәтерге ену тәсілдері де жыл санап заманауи сипат алып барады

Құқық қорғаушылардың айтуынша, үй иелері діни әдебиет немесе қандай да бір тауар сатушы ретінде келген­дер­ден өте сақ болғаны жөн екен. Өйткені олар үй иесінің көңілін аулай алмаса да, пәтердің жай-күйін бақы­лап, есікке қандай кілт түсетінін, үйде қандай бағалы бұйымдар бар екенді­гін анықтайтын көрінеді. Сондықтан да бір адамның үйге қайта-қайта келіп, қо­ңырау шалуының арты үлкен өкінішке ұрындыруы мүмкін. Себебі қылмыскер­лерге қайта-қай­та қоңырау шалу ауадай қажет. Осы арқылы олар тұр­ғындардың қайсысы қай уақытта үйлерінде болмай­тындығын анық­тайды. Егер пәтер есігін осы «өкілдер­дің» бірі жиі қақса, онда үй иесі дереу сол ұйым­­ға хабарласып, шынында да, осы мекенжайға өз қызметкерлерін жібер­гендігі жайлы ақпарат алғаны жөн.

«Әйтпесе бүгінгі таңда пәтер тонаушылардың пәтерге ену тәсілдері де жыл санап заманауи сипат алып барады. Бір кездері терезе немесе балкон арқылы, кейде тіпті есікті бұзып кіріп жүрген ұрылар қазір құлыпқа сәйкес кілт тауып, ішке енуді әдетке айналдырған», – дейді құқық қорғау­шылар.

Енді мұны қалай тыюға болады? Ол үшін не істеу керек?

Біріншіден, қандай үй болсын ар­найы күзет қызметін пайдаланғаны дұрыс. Сонымен қатар тұрғын үй маңында, аула­ларда, көшелерде және өзге де орындарда жарықтандыру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі де өте маңызды. Үйден ұзақ уақытқа кеткен жағдайда көршілерге кіреберіс есікті сүртіп отыруын, анда-санда үй ішінде шам мен теледидарды жағып, жарнама парақтары мен газеттерді пошта жәшігінен алып отыруын өтінген жөн.

Қыл­мыстың алдын алуға, оның ашылуына едәуір үлес қосқандары болса 30 мың теңге көле­мінде сыйақы береміз

– Сондай-ақ пәтер ұрлығының алдын алудың ең бір тиімді жолы — полиция қыз­метіне көмек көрсететін қоғамдық жасақ­шыларды көптеп тарту. Бұл ретте қария­лардың көмегі өте зор. Зейнет жасында болғаннан кейін олар көп уақытын үйде өткі­зеді. Әрине, олар ұрыны құрықтай алмаса да, дер кезінде бізге хабар бере алады. Бүгінгі таңда ауданда қоғамдық жасақшылар саны 220 адамға жетті. Нәти­же де жоқ емес. Оңды жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Олар­дың арасында қы­ра­ғылық танытқандар болса, қыл­мыстың алдын алуға, оның ашылуына едәуір үлес қосқандары болса, ІІД басшысының атына хат жазып, 30 мың теңге көле­мінде сыйақы береміз. Бұл тек қана пәтер ұрлығына емес, жалпы қоғамдық қауіпсіздікті сақ­тауға пай­дасы зор.

Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:

Мұ­ның барлығы идеология мен әлеу­меттік мәселелердің толық шешіл­ме­ген­дігінен болып отыр

– Шынында да, пәтер ұрлығы қоғамы­мыздың әлеуметтік ауруына айналды. Әрине, қоғамдық жасақшы­ларды көбейту арқылы пәтер ұрлығына біршама тосқауыл қоюға болатын шығар. Бірақ бұл мәселені түбегейлі шешпейді. Адам бұған не үшін барады, неге өзін қылмысқа итер­мелейді? Мұ­ның барлығы идеология мен әлеу­меттік мәселелердің толық шешіл­ме­ген­дігінен болып отыр. Мысалы, кеңес медицинасы мен шығыс медицина­сының айырма­шылығы жер мен көктей. Біздің кеңестен қалған медицина аурудың өзімен күресетін болса, ал шығыс медици­насы аурудың түп-тамы­рын зерттеп барып емдейді. Сондықтан да пәтер ұрлы­ғының алдын алу үшін оны түбегейлі зерттеп, түп тамырын тауып барып, кешенді түрде шешуіміз қажет.

Қалай десек те, елімізде пәтер ұр­лығы басылмай тұр. Оның үстіне, мұн­дай қыл­мыс­тардың ашылу дең­гейі де көңіл көншітерліктей жағ­дайда емес. Яғни пәтер тонаушы­лардың басым көп­шілігі бос­тандықта сайрандап жүр.

Егер алдағы уақытта пәтер ұрылары кәнігі ұрыға айналып, «кәсібін» биыл­ғыдан да күшейтіп жатса, оған таң­данудың керегі жоқ.

Өйткені жолы ке­сіл­­меген, жазаны сезінбеген олар бүгінгі жа­саған қыл­мысын ертең екі есеге дейін ұлғай­туы әбден мүмкін. Қанша дегенмен де халық болып, құқық қорғаушылар болып бірігіп жұмыс істегенде ғана оңды нәтижеге қол жеткі­земіз деген үміттеміз.

Алайда, Мәжіліс депутаты К.Бұрханов айтпақшы, мұның алдын алу үшін оны түбегейлі зерттеп, кешенді түрде шешке­німіз әлдеқайда дұрысырақ се­кілді...

По сообщению сайта Nur.kz

Читайте также