Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Қызылжар жылу желілері» ЖШС-і алдағы 5 жылда жылу құбырларының 45 пайызын жаңартпақ

Дата: 28 марта 2011 в 09:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ — «Қызылжар жылу желілері» ЖШС-і алдағы 5 жылда жылу құбырларының 45 пайызын жаңартпақ.

Бұл жайлы Алматыда «Орталық-Азиялық электрэнергетикалық корпорациясы» (ОАЭК) АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің  (ЕҚДБ) Екібастұз, Қызылжар, Павлодар қалаларының жылу желілерін жаңарту туралы заем келісіміне қол қою рәсімінде айтылды.

«Жылу құбырларының  бәрі бірдей жаңартылмайды. Алғашқы 5 жылда оның 45 пайызын ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл алдағы уақытта жылу желілеріндегі ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді», — дейді «Қызылжар жылу желілері» ЖШС-нің директоры Андрей Калиничев.

«Орталық-Азиялық электрэнергетикалық корпорациясы»   Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебановтың айтуынша, Еуропалық қайта құру және даму банкінен алынатын 30 мың долларлық кредит еншілес «Павлодар жылу желілері» АҚ мен «Қызылжар жылу желілері» ЖШС кәсіпорындарына беріледі. Ал банк пен Таза технологиялар қоры бірлесіп қаржыландыратын жобаға  10 миллион долларға жуық кредит берілмек. Бұл қаржы желілерді жаңарту инвестициясы мен ақырғы тұтынушылар үшін тарифтердің қолжетімділігі қатынасын оңтайландаруға көмектеседі. ЕҚДБ-нің Муниципиалды және экологиялық инфрақұрылымдар бөлімінің аға банкирі Екатерина Мирошник:«Бұл біздің Таза технологиялар қорымен бірлесіп қаржыландыратын  Қазақстандағы алғашқы жеңілдікті кредиттік жобамыз. Ол ауаға таралатын зиянды заттарды азайтуға өз септігін тигізеді. Өйткені жылу құбырларын  жаңарту арқылы энергетикалық компаниялар жылу желісіндегі  шығынды азайтып көмір тұтынуды айтарлықтай азайтады»,   — деп отыр.

Оның айтуынша, жылу желілерін жаңарту бағытында қазір олармен бірқатар жергілікті атқару органдары жұмыс жүргізуде. Сондықтан алдағы уақытта ЕҚДБ  мұндай жобаларды республиканың  өзге өңірлерінде де жүзеге асыруы мүмкін.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы