Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Рысбек Дәбей. Ұлттық эстетиканың символы

Дата: 28 марта 2011 в 11:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Адамзат қауымы ес біліп, етек жапқаннан берi көктен түскен төрт кiтаптан бөлек, жан сұлулығын сақтап қалу, жетiлдiру жолындағы iзденстер көркем шығарманың айшықты тiлiмен немесе музыканың нәзiк ноталарымен аманатталды. Қарап отырсақ, сол Ұлы мұрат жолындағы талпыныстар бүгінгі күні саяз тартқан секiлдi. Бұл ақырзаман белгiлерiнен тән адасудан қазақ халқы да онша алыс емес. Әңгiменi осы тақырыпқа бұрдық....

Омар Жәлелұлы, дінтанушы:

— Жалпы эстетика — бірінші орында тұратын сұлулық туралы ілім. Бізде көбінесе эстетика туралы сөз болса, оны бос әурешілік, әуейілік деп қарайтын адамдар да кездеседі. Нобель сыйлығының иегері Иосиф Бродскийдің швед академиясында сөйлеген сөзінде: «Эстетикалық сезім, эстетикалық таным — адамның этикалық яғни адамгершілік танымының алдында жүреді. Мысалы, өмірге келген жас сәби бір адамға құшақ жаза ұмтылып, бір адамнан зерезеп болып қашады. Негізі екеуінде танымаса да, эстетикалық түйсікпен адамның жақсы не, жаман екенін айыра біледі. Сондықтан адамның бүкіл адамгершілігі, кісілігі — эстетикалық сезімінің қалыптасуына байланысты» деп пікір айтады. Осы пікірді қазақ мәдениетімен салыстырсақ, Абайға жүгінеміз. Қазақта өлең деген сөз бар. Өлең — әрі ән, әрі сөз болып саналады қазақ үшін. Ендеше ән мен сөздің адамның эстетикалық сезімін қалыптастыратыны даусыз мәселе. Абайдың:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең, — дейтіні адамның осы дүниеге келгеннен бастап, тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірі — өмір. Өмір болғанда қаюанша жүріп күнелтетін жай өмір емес, өмірдің қызығы — бәрі өлеңмен болады дегенді меңзейді. Яғни, адамша өмір сүру эстетикалық сезімге байланысты деп отыр хакім.

Қазір қазақтың эстетикалық танымы сынған, мертіккен сыңайлы.Ұлттық эстетиканың іргетасы деп жыраулар поэзиясын алайықшы, Ақтамберді айтады:

Арудан асқан жар бар ма,

Жылқыдан асқан мал бар ма?

Биенің сүті сары бал,

Қымыздан асқан дәм бар ма?

...Жылқы қолдан тайған соң,

Қызығы кетер күлкінің.

Қыздың көркі құлпыда,

Жігіттің көркі жылқыда.

Осы өлеңнен байырғы қазақ танымының бір үлгісін байқауға болады. Қазақ эстетикасының символы — жылқы болған. Бұдан туындайтын бүкіл асыл сезімдер ой еркіндігі, сұлулық, тазалық, такапарлық, дегдарлық еді. Эстетикалық өлшем боп отырған жылқы — қазақ жігітінің көркі-тұғын. Бұл эстетикалық ұғымдар, дүниені қабылдау қалпын бұзбай он тоғызыншы ғасырға дейін келген еді. Отарға қалай айналдық, қазақтың эстетиқалық талғамы саналатын жылқы тұғырынан түсті. Абай оны жан-жүрегімен сезінді. Мына өлеңін қараңыз:

Осы қымыз қазаққа,

Мақтаның ба, асың ба?

Қымызды басар артынан,

Ет даяр ма қасыңда?

Бұл «бұрын қазақ қымыз ішсе ақсүйектігіне, дәулеттілігіне сүйенетін. Енді орыстың отарына айналған соң бастан дәурен кетті. Дәрменсіз, кедейлігіңді есіңе ал» деген ескертпе еді. Абыз қазақтың ендігі өмірінің көрінісін «жуасты мін де, айран іш» деп көрсетеді. Көрдіңіз бе, қазақтың эстетикалық талғамының сыңған кезеңі тым әріде. «Қызылшыл сезім, жас қымыз — бір үлкен борыш басыңда». «Бұрын «қызылшыл сезім, жас қымыз» — ұлттың эстетикалық сезімін қалыптастыратын дүниелер болса, енді борышқа айналды, заман өзгерді, бұрынғы сән салтанатыңды, қымызға бөртіп ән айтатыныңды көтермейді» дейді Абайлық таным. Мына дүниеге суық ақылдың көзімен қарайтын, далалық ұлы сұлулықтың басына нәубет келгені «ой көзімен қарасаң, қойдан жылқы асыл ма» дан да анық байқалып тұр. Қазаққа қашан кой жылқыдан асыл боп еді? Брақ басқа келген нәубет заманға бейімделіп, қалай болған күнде де ұлтты сақтап қалуға ғана тыраштануды жолға қойды. Сұлулық символы түбірімен өзгерді. Біз неге жылқыны мысал ғып отырмыз?  Мәні тым тереңде. Кезінде ағылшындар үндістерді жою үшін «бизондарды құртсаң, үнділер де жоғалады» деген ұран тастаған. Үйткені олалрдың эстетикасы, этикасы, батырлығының бәрі бизондарға байланысты болған. Қазакты құрту үшін отарлық саясат жылқыны мансұқтады. Жылқы мінез халық эстетикадан айрылып, ой мінезді қазаққа өзгерді. Қазір біз бейсаналы түрде жылқыны қалпына келтіруге талпынып жатырмыз ғой, жылқымен бірге қазақтың эстетикалық сезімі, арман-мұраты, еркіндігі тұғырына қонады. Бұл бір мәселе.

Әуезовтың «Абай жолын» оқып отырсаң қазақ қандай? Қызылды жасылды киінген қыз-бозбалалар, астарында құйрық жалы сүзілген сайгүлік. Жұрт шат-шадыман, ән-күйі әуелеген, кеш бойы алтыбақан аясында сауық құрған жастар. Кезінде бұны оқыған сыншысымақтар «мына романды қарап отырсаң, қазақ коммунизмде өмір сүріпті, сонда қазаққа совет үкіметінің керек болмағаны ғой» деп жерден жеті қоян тапқандай, Әуезовты сүріндірмек болған. Абай, Мұхтар дәуірінде қазақ толық қанды эстетикасымен өмір сүрді. Жақсы әндер айтты, сәнімен, мәнімен киінді. Совет үкіметі кезінде қыл аяғы бұрын қазақ қаралы күндерде ғана киетін қара түсті де талдап жатпайтын болды. Бұның бәрі ұлттың эстетикасы су аяғы құрдымға беттегендігінің, төмендегендігінің белгілері ғой. Бізге бәрі дұрыс құсап көрінетін, көп елей бермейтін осындай ұсақ нәрселердің бәрі ұлттық эстетикаға әсер етеді. Ұлттық эстетиканың төмендеуі тіпті демографияға ықпал жасайды. Сұлулықты сезіну қуаты төмендеген адам немесе қоғам белсіз, бедеуге айналады. Аңызға айналған ессіз ғашықтар бүгінгі қоғамда неге жоқ? Әрине, бәрі өмірге суық ақылдың көзімен қарайды. Эстетикалық сезімнен гөрі матерялдық жағдайың қалай, соны басты орынға қояды. Кәрі қыздар мен сұр бойдақтардың сабылып жүргенін де тудырған жағдаяттар осы. Оны тарқатып айтсақ, әңгіме алысқа кетер.

Ерлан Төлеутай, өнертанушы:

— Осы күні өнердің барлық саласында эстетиканың төмендеуі үрдісі байқалады. Ал енді оның ең сорақы жағдайы музыка өнерінде қалыптасып отыр. Қайта әдебиеттің эстетикалық мұраттарына адал жазушы, қаламгерлер, М.Мағауин, Ә.Кекілбайлардың жолын қуған жас ақын-жазушыларымыз бар. Бұл сала бойынша салыстыра қарасақ, түңілетіндей, үміт үзетіндей күйде емеспіз. Мені алаңдататын музыка өнеріндегі азып-тозу процессі. Музыкаға деген эстетикалық өлшемдердің төмендеуі тобырлық мәдениетті қалыптастырды. Оның себебі тоқсаныншы жылдардан бастап біздің музыка өнеріне өте үлкен рухани қысым жасалды. Батыстық даңғаза әуендерді насихаттайтын «Азиа дауысы», «Жас қанат», «Super star» т.б жобалар жастардың талғамын бұзды. Музыкада пайда болған осы ағыммен, тобырлық мәдениетпен тыныстаған буын қоғамдық жұмыстарға араласа бастады. Билікке келіп жатыр. Ұлттық музыкадан нәр алмаған осы буын өте талғамы бұзылғандар. Қазір қайда барсаңда даңғаза әуендерге байланып, маталған жастарды жолықтырасыз. Бұның зардабын қазақ қоғамы әлі тартатын болады. Үйткені бұларда әлгіндей бір кісілік, адамгершілік, ұлттық мінез-құлық, қимыл-қозғалыс, сөйлеу мәнері бейшара жағдайға аяқ басты. Басқа саланы қайдам, музыкадағы эстетикалық талғамның азуы, шетелдік музыка ағымының қазақ қоғамына күшпен таңылуы — кейінгі жас буынның қазақ музыкасын, ұлттық сарындарды менсінбейтін, өгейсінетін жағдайға ап келді. Бұл өте қауіпті дерт. Ұлттық эстетика өз дәстүрімен дамымай ұлтпыз деудің өзі артық. Сосын тәнге әсер ететін музыкалардың белең алуы, жанды, жүректі қозғамайтын, сананы әлдилемейтін әуендерге шырмала бастағанымыз, тіпті ұлттан бұрын адамға тән қасиеттерден жұрдай қылытын құбылыс. Бұның аяғы неге апарып соғарын Құдай білсін? Өнерді дүние табудың, даңққа жетудің құралы қып алдық. Бұрын өнерпаз өнерге қызмет жасайтын, сол жолға өзін арнайтын. Ал қазір керісінше боп кетті. Өнердің ұстанымына кереғар үрдістер алға озды. Ішкі таным тұрғысынан эстетикалық көзқарастар төмендеп, дүние қоңыздыққа бет бұрдық. Өзегі жоқ адамдар ұлттың «қалаулысына, сазгеріне» айналды. «Белдеусіз үй болады, белгісіз би болады» деген бабамыздың айтқаны айнымай келді. Эстетикалық талғамның бұзылуы рухани азғындыққа апара жатыр. Қазір өмір туралы терең философияға құрылған ән не музыка жазылмайды. Масқара емес пе? Төмендеудің бұдан артық шегі жоқ. «Адам құлақтан азады» деген сөз бар, сол азудың ең қауіптісі де осы.

Дайындаған Ырысбек Дәбей, «Қазақ әдебиеті» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы