Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сай­лау қоғам­ның кемшіліктерін көрсетіп берді

Дата: 28 марта 2011 в 12:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сай­лау қоғам­ның кемшіліктерін көрсетіп берді

Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комис­сия­ның аралық есебі таныстырылды.

Басқосуға «Айт-Парк» пікір­сай­ыс клубының төрағасы Нұрлан Ерімбетов, мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезов, қоғам қайраткері Досмұхамет Нұр-Ахмет, жазушы Смағұл Елубай, режиссер Игорь Вовнянко, «Абай-ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қорының» вице-президенті Айдос Сарым, Қарағанды облыстық жазушылар одағының төрағасы Серік Ақсұңқарұлы, «Астана-Бәйтерек» әйелдер клубының президенті Тамара Лавриненко және т.б. белгілі азаматтар қатысты.

Жиын барысында Қазақ­стан­да тіркелген әлемдік байқау­шы­лар институты, отандық және шет­елдік БАҚ өкілдері Қоғам­дық комиссия қызметінің нау­рыз айының 1-і мен 25-і ара­лы­ғындағы аралық қорытын­ды­ла­ры­мен танысуға мүмкіндік алды.

Басқосуды ашқан «Айт-Парк» пікірсайыс клубының төр­ағасы Нұрлан Ерімбетов қоғамдық ко­мис­сия жүргізіп отырған жұ­мыс барысын баяндап өтті. «Біздің байқағанымыз, бүгінде президенттіктен үміткерлер мен олардың үгіт-насихат шарасы жөнінде БАҚ-тарда тең деңгейде жарияланып келеді. Бұл жақсы көрсеткіш», – деді Н. Ерімбетов.

Бұдан кейінгі сөз алған жа­зушы Смағұл Елубай өзінің саяси науқанды бақылау жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде Қы­зылорда қаласы мен қалаға жақын жерлердегі учаскелерде болғандығын тілге тиек етті. «Біз бұрын сайлау барысы және оның ішкі жұмыстарынан хабар­сыз болатынбыз.

Бұл саяси нау­қанға бақылаушы ретінде ара­ла­сып отырғаннан кейін көптеген нәрсені тұңғыш рет естіп, тұң­ғыш рет көргендей болдық.

Біз­дің мақсатымыздың өзі сол еді. Тәуелсіз бақылаушы болғаннан кейін міндет осынау сайлау үдерісінің бүге-шігесімен танысуды көздедік. Қызылорда облыстық сайлау ко­миссиясы 40-қа жуық қоғамдық ұйым мен партиялардың өкіл­де­рін жинады. Солармен комис­сия­ның жұмысы жөнінде сұхбат болды. Бұдан кейін қалаға жа­қын ауылдағы екі бірдей учаскені аралап көрдік. Бір атап өтер­лігі, Қызылорда қаласында сай­лауға дайындық жақсы деңгейде екен», деді жазушы өзінің сө­зінде.

Байқағанымыз, біздің қоғам әлі де азаматтық қоғамға айналмаған

Ал қоғамдық комиссия мү­ше­сі Мұрат Әуезов өзі барған Талдықорған облысына сапары жөнінде әңгімелеп берді. Оның айтуынша, 21-22 наурыз күндері Талдықорғанда сайлау науқа­ны­на дайындық жақсы әсер қал­дырған. «Әрине, бұл жерде президенттіктен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевқа деген оң көзқарас айқын байқалып тұрды. Қалған кандидаттар штабтарының жұ­мы­сы соншалықты байқал­май­ды. Мәселен, Мэлс Елеусізовке арналған бір билбордты көзіміз шалды. Бұдан байқағанымыз, біздің қоғам әлі де азаматтық қоғамға айналмаған. Еліміздің кейбір әлеуметтік тобы ғана сайлау науқанына қатысуда, халық­тың белсенділігі төмен деңгейде. Сондықтан, халық бұл үдерістен сырт қала алмайтынын, елде де­мократиялық қоғам қалыптасуы керектігін түсінуі керек. Жалпы алғанда, біздің сапардан алған әсеріміз жаман емес», деді М.Әуе­зов.

Өз сөздерінде Досмұхамет Нұр-Ахмет қоғамдық комис­сия­ның ішкі тыныс-тіршілігін әң­гі­ме өзегіне айналдырса,

Айдос Сарым саяси науқанға дайын­дық­тың жалпы көрінісі көңіл көншітерліктей болғанымен, кан­­дидаттар штабтары белсен­ді­лігінің төмендігін атап өтті.

Сонымен қатар, бұл күнгі аралық есепте Қоғамдық комис­сияның өңірлерде филиалдары (16 өңірлік қоғамдық комиссия) құрылып, олардың бүгінгі таңда белсенді жұмыс жүргізіп отыр­ғандығы айтылды. Қоғамдық комиссия студент жастардан, зейнеткерлерден, белсенді азаматтардан құралған ерікті-байқау­шы­лар тобын қалыптастырып жатыр екен.

Кезектен тыс сайлауды бақылауды жүзеге асырудың негізгі тетіктері мен қағидалары және әдіс-тәсілдері, байқаушылардың құқықтары мен міндеттері түсінікті тілде берілген «Байқаушының жұмыс дәптері», «Байқаушыға көмек үшін» атты байқаушыларды оқы­ту модулі, сондай-ақ әдісте­ме­лік құралы шығарылыпты.

Студент жас­тар­дың бастамасымен Қоғамдық ко­миссияның (bakylau.kz) сайты құ­рылған

Бұл күні, сонымен қатар, қо­ғамдық комиссия ұйымдас­тыр­ған «Сайлау үрдісіндегі саяси технология: тәжірибе, сараптама және бақылау» атты «дөңгелек үстелдің» тәжірибелігі айтылып, сайлау үрдісінің барлық кезе­ңін­де сайлау заңының бұзыл­мау­шылығын қадағалау мақсатында 17 наурызда бекіген «Әділ сайлау үшін» атты меморандумның оңды тұстары көлденең тартылды.

Сонымен қатар, аралық есепте сайлау учаскелерінің құры­луы мен шекарасының белгіленуі заң шеңберінде жүзеге асы­рылғандығы атап көрсетілді. Бү­гін­де олардың құрамына саяси пар­тиялар мен қоғамдық қоз­ғалыстардың өкілдері енген, оның ішінде сайлауға қатыспай­тын Қазақстанның «Ақ жол» демо­кратиялық партиясы, «Азат» Жалпыұлттық әлеуметтік-демо­кра­т­иялық партиясы, «Руханият» партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, «Қазақстан жас­тарының демократиялық ода­ғы» РҚБ, «Қазақстанның іскер әйел­дер ассоциациясы» ҚБ, «Өн­дірісшілер және кәсіпкерлер ода­ғы» ҚБ бар екен.

Комиссия үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары (Ж. Ахметбеков, Ғ.Қасымов және М.Елеусізов) негізінен Алматы және Астана қалаларына бағыттал­ған­ды­ғын атап айтты. Бұған қоса, Қос­танай, Қарағанды, Ақтөбе, Оң­түс­тік Қазақстан облыстарында үміткерлердің сенім білдірілген адамдары мен қоғамдық штаб­тарының белсенділігі кемшін тү­сіп жатқан көрінеді. Қоғамдық комиссияның өңірлерге барып келген мүшелері Қостанай, Қы­зыл­орда және Жамбыл облыс­тары­ның жекелеген қалалары мен ауылдарында сайлау комис­сиялары әлсіз жарақтан­дырыл­ған деп есептейтіндігін мәлім­деді.

Сай­лау – демократиялық қоғам­ның кемшіліктерін көрсетіп берді

«Ал бұл сайлауға қатысуға кері әсерін тигізуі мүмкін», – дейді қоғамдық комиссия өкіл­дері. Бұған қоса, сайлаушылар тізімдері дұрыс жолға қойыл­ма­ған­дықтан, өңірлердегі сайлау­шы азаматтардың нақты санын білу қиындық тудырып отырған­ды­ғы, сондай-ақ, штабтар мен сай­лаушылар белсенділігінің тө­мен­­дігі де көлденең тартылды.

Басқосуға қатысушылардың ой-пайымдары: «Сайлау үдеріс­тері­не жаңаша өзгерістер енгізіп, жұмыстар жүргізуіміз қажет. Сай­лау – демократиялық қоғам­ның кемшіліктерін көрсетіп берді. Ол үшін бүгінгі заңнамаларға да өзгерістер енгізілуі тиіс», деген ортақ пікірге сайды.

Жиын соңында студент жас­тар­дың бастамасымен Қоғамдық ко­миссияның (bakylau.kz) сайты құ­рылғандығы, бүгінде бұл сайт белсенді жұмыс режіміне көш­кен­дігі айтылды. Мұндай сайттар Ақ­төбе және Қарағанды об­лыс­тарын­дағы филиалдарда да ашылыпты.

По сообщению сайта Nur.kz