Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматы облысында биыл үлескердің мәселесі шешілмек

Дата: 28 марта 2011 в 13:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы облысында биыл үлескердің мәселесі шешілмек

Биыл Алматы облысында 2 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешілмек Ағымдағы жылы облыстағы 2 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешіледі деп жоспарлануда.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, оның ішінде «Премьера» тұрғын үй кешені бойынша — 1 973 және «Өмірұзақ» тұрғын үй кешені бойынша 116 үлескер кіреді.

«Жетісу Жаңа Құрылыс» ЖШС директоры Бақтұр Жолжановтың айтуынша, «Премьера» тұрғын үй кешенінің құрылысына республикалық бюджеттен 17,155 млрд. теңге бөлінді. Дегенмен,

2011 жылғы 1 наурыздағы жаңа мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша құрылыстың сметалық құны 21,5 млрд. теңге болады, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары — 20,9 млрд. теңге, абаттандыру 0,6 млрд. теңгені құрады.

«Премьера» ТҮК нөлдік циклдарын салу тұрғын үйдің 28 нүктесін дайындауды қамтамасыз ету 2011 жылдың 2 сәуірінде басталады.

Жобалау-сметалық құжаттамаларының дайын болмауына байланысты «Премьера» тұрғын үй кешенінің құрылысына конкурс үш айға кешіктіріліп жарияланды. Аталмыш тұрғын үй кешенінде 220 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Жалпы, облыс аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жобаға сәйкес, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталулары тиіс

Жиында облыс әкімі Серік Үмбетов аудандар мен қалаларда мектеп, балабақша, аурухана және тұрғын үй құрылыстарын жоспарлаған кезде оған қажетті бос жер учаскелерінің болуына назар аударды.

Бірінші кезекте аудан, қала әкімдері резервте тұрған бос жер учаскелерінің болуына көз жеткізулері қажет. Өйткені, қажетті жер телімдерінің жоқтығына қарамастан, құрылыс жұмыстарын жоспарлап қоямыз.

Нәтижесінде белгіленген жоспардан ауытқып, құрылыс мерзімдері ұзаққа созылып жатады. Жалпы, облыс аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жобаға сәйкес, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталулары тиіс, — деді облыс басшысы.

По сообщению сайта Nur.kz