Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ШЫҰ лаңкестікке қарсы күресті күшейтеді

Дата: 29 марта 2011 в 09:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ШЫҰ лаңкестікке қарсы күресті күшейтеді

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық лаңкестікке қарсы күрес құрылымы Кеңесінің он сегізінші мәжілісі болды.

Оған Қазақстанның, Қытайдың, Қырғызстанның, Ресейдің, Тәжікстан мен Өзбекстанның өкілдері қатысты. Делегация басшылары ә дегеннен оңаша отырып күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап алды.

Одан соң мәжіліс кеңейтілген құрамда жалғасты. Мәжіліс барысында аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымның ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің басшыларына арналған баяндаманың жобасы мақұлданды.

Онда атқарар шаруасы бастан асып жатқан маңызды органның өткен жылы атқарған жұмыстары көрсетілген.

Одан соң Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық лаңкестікке қарсы күрес құрылымы атқару комитетінің директоры Жеңісбек Жұманбековтің «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2010-2012 жылдарға арналған өзара ынтымақтаса іс-әрекет жасау бағдарламасының орындалу барысы, лаңкестікке қарсы күрес Кеңес шешімдерінің іске асырылуы туралы хабарламасы» тыңдалды.

Мәжілісте жиырма мәселе қаралды. Солардың арасында 2011 жылы Астана қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары саммитінің, Қытай Халық Республикасында биыл өтетін ХХҮІ жазғы универсиаданың, Шэньчжэнь және Үрімші қалаларында болатын «Қытай-Еуразия» жәрмеңкесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған біріккен іс-шаралар белгіленді, — деді күншығыс елі делегациясының басшысы мәжілістен кейін ұйымдастырылған брифингте.

Соңғы кезде киберланкестік алаңдата бастады

Аталған кеңестің шын мәнінде тындырған істері зор ма деп қалдық. — Халықаралық іздеуде жүрген 71 лаңкес ұсталды. Қазірше бұл дертті жеңдік деп айтуға болмайды. Соңғы кезде киберланкестік алаңдата бастады. Телефон арқылы да елді дүрліктіріп жатқандар бар. Мұндай жағдайлар әлемде кездесіп қалады. Лаңкестіктің қысымы босаңси қойған жоқ.

Қылмыскерлер өз қатарлына жастарды тартуға кірісті.

Лаңкестер діни секталарды да пайдалануға тырысуда. ШЫҰ аумағында да қантөгістер жасалды. Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Ресейдегі лаңкестік әрекеттер бұл дертпен бірлесіп, пәрменді қимылдар жасау керектігін дәлелдеді, — деді журналистердің сұрақтарына жауап бере келе құрылымның атқару комитетінің директоры Ж. Жұманбеков. Мәжілістің соңында тиісті құжаттарға қол қойылды. Олардың арасында

Қытай бастаған үш мемлекет қатысатын «Тянь — Шан — 2-2011» ланкестікке қарсы оқу-жаттығуы да бар.

Кеңестің кезекті келесі отырысын 2011 жылдың 21 қыркүйегінде Қытай Халық Республикасында өткізу туралы ұйғарым жасалды. — Ташкенттегі Кеңес мәжілісі іскерлік, ашық-жарқын жағдайда өтті, — деп бағалады оған қатысушылар. Бұл жолы мәжіліске Қытай жағы төрағалық етті. Естеріңізге сала кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымына биыл Қазақстан төрағалық жасауда. Сондықтан шығар, ұйымның жұмысы жандана түскендей. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлігі мен ынтымағы одан әрі артып келеді.

 

По сообщению сайта Nur.kz