Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Оралда академик А.Черекаевты еске алуға арналған шара өткізілді

Дата: 29 марта 2011 в 09:31 Категория: Новости науки

ОРАЛ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ — Орал қаласында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик, Социалистік Еңбек Ері Алексей Черекаевты (1932-2010) еске алу кеші өткізілді.

Ақ Жайық жағасында дүниеге келген А.Черекаев Мәскеуден жоғары оқу орнын бітіріп, ғылым кандидаты атағын алғаннан кейін «Аңқаты» асыл тұқымды мал зауытын басқарды. Артта қалған шаруашылықты алға шығарып, жұмыс көрсеткіштерін, еңбеккерлерінің тұрмыс деңгейін бұрын болмаған деңгейге көтерді. Қазақтың ақбас сиырын өсіріп қана қоймай, жылқы мен егін шаруашылығын да қатар дамытты. Ауылда жаңа ғимараттар, тұрғын үйлер салып, жолды түзеді, ауыз су мәселесін шешті. Осындай зор табыстар нәтижесінде «Аңқаты» зауыты Ленин орденімен марапатталса, оның директорына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Зауыт директорлығынан Қазақстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасарлығына бірден көтерілген А.Черекаев кейін Мәскеуде ғылым саласында жемісті еңбек етті. Әсіресе, оның етті ірі қараны өсіру бағытындағы ұсыныс-пікірлері, тәжірибесі бүгінгі таңда да маңызын жойған жоқ.

Алексей Черекаевтың осындай еңбектері жөнінде замандасы Бисен Жұмағалиев, облыс әкімінің орынбасары Ербол Ғұмаров, кезінде «Аңқаты» зауытын басқарған Мағауия Зайнуллин және басқалар әңгімелеп, қайраткер академиктің есімін мәңгі есте қалдыру керектігін айтты.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы