Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Павлодарда өткен көшпелі отырыс барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары индустриялық саясат мәселелерін талқылады

Дата: 29 марта 2011 в 09:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ПАВЛОДАР. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ — Кеше Павлодарда ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және аймақтық даму комитеті өзінің көшпелі отырысын елдің индустриялық дамуы мәселесіне арнады.

Оның жұмысына аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, облыстың атқарушы органдарының өкілдері, мәслихаттар депутаттары мен бизнесмендері қатысты.

Мәжілісмендер отырыс алдында өткен жылы инновациялық жобаларды іске қосқан Павлодардың кәіпорындарында болып қайтты. Облыс — индустриялық дамуды жүзеге асырып жүрген елдегі аймақтардың көшбасшысы, мұнда өткен жылы іске қосылған жалпы құны 100 млрд. теңге болатын 30 жобаның барлығы жұмыс жасауда. Жыл аяғына дейін қосымша 34 жоба жүзеге асады.

Республикада Павлодар облысы еңбек өнімділігі бойынша бірінші орында тұр. Өнеркәсіпте жұмыс істейтіндер 11 млн. теңгенің өнімін шығарды, 2015 жылға қарай экономистердің болжамы бойынша бұл көрсеткіш 17 млн. жетеді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы