Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қытай компаниялары қазақ фермерлерімен тікелей келіспекші

Дата: 29 марта 2011 в 12:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қытайлықтар қазақ фермерлерімен тікелей келіспекші

Қазақстандық фермерлер қытайлық ауылшаруашылық компанияларымен бірлесе жер игерсе, одан тек қана пайда көреді деп санайды қытайлық консалтингтік компания басшысы мен Қазақстан фермерлер одағының өкілі.

Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Жібек Әжібаева наурыздың 25-і Азаттыққа берген сұхбатында қытайлық Huahe International консалтингтік компаниясы қауымдастыққа қайырылғандығын айтты.

— Бізге олар көмек сұрап келді. Көмек дегенде ауылшаруашылық саласындағы жобасын жүзеге асыруда өздерімен бірлесе жұмыс істейтін фермерлерді тауып беруімізді өтінді. Біз болсақ Қазақстанның фермерлер одағының координаттарын бердік, — дейді радиомызға Жібек Әжібаева. Оның сөзінше, қауымдастық бұл мәселеде тек делдал қызметін атқарады.

Ал Қытай тарапымен бірлесіп жұмыс істей ме, істемей ме, ол әрбір қазақстандық фермердің жеке өз ісі дейді, қауымдастық вице-президенті.

Еске салсақ, өткен аптада халықаралық Huahe International консалтингтік компаниясының жетекшісі, бірқатар қытайлық компаниялар Қазақстанда ауылшарушалығын дамытуға үлес қосуға ниет білдіріп отыр дегенді айтқан еді. Осыдан кейін бірқатар ақпарат құралдары мен қазақ қоғамында бұл мәселе қызу талқыланған.

Оған себеп те жоқ емес. Өйткені оның алдында, наурыздың басында президент Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев өзінің блогында, «Назарбаевтың Бейжіңге соңғы сапары кезінде Қытайға 99 жылға бір миллион гектар қазақ жерін беруге келісім жасады» деген ақпарат жариялаған еді.

Наурыздың 18-і Азаттыққа сұхбат берген қытайлық Huahe International консалтингтік компаниясының президенті Лю Чуаньу мырза, бұл нақты жоба емес, тек өзінің ойы болғандығын айтты. Ол өз сөзінде, бұл ұсынысы жергілікті халыққа ұнамаса, оны іске асырмаймыз дегенді атап өтті.

Huahe International компаниясының президенті Лю Чуаньу бұл нақты жоба емес, тек өзінің ойы болғандығын айтты

Оның сөзінше, өзінің жәй ғана ойын көпшілік журналистер нақты жүзеге асырылмақшы жоба деп қате түсінген. Ол мүлдем басқа тақырып бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында журналистер Қытайдың қазақ жерін ауылшарушылығы өнімдері үшін пайдалануына қатысты сұрақ қойғандығын айтты. Мен сол сәтте тек өз ойымды жеткіздім дейді Лю Чуаньу.

Қытайлық наши этникалық тобына жататын шаруалар астық жинап жатыр. Менің ойымша

Қазақстанда ауылашаруашылығы саласында қарым-қатынас орнатудың болашағы зор.

Сондықтан осы мақсатта қазақ жерлерін пайдалану дегенді мен ойдан шығарған едім. Бұл нақты жоба емес. Ол туралы арнайы келісім де жоқ. Біз тек консалтингтік компаниямыз ғой, бізде ондай ақша да жоқ. Біз тек осы жобаға қызығатын компанияларға көмектесеміз. Егер сіздердің фермерлер осы жобаға қатысуға ниет білдірсе, біз көмектесуге дайынбыз, — дейді сұхбаттасымыз.

Оның сөзінше, ауылшарушылық өнімдерінің ең ірі өндірушісі болып саналатын Қытайдың осы саладағы тәжірибесі мол, сондықтан осы тәжірибені Қазақстанға алып келе отырып, қазақтандық шаруалар мол табыс таппақ.

— Сіздерде жер бар және ауылшаруашылық жағдайларыңыз Қытаймен ұқсас. Бірақ, өнімді шығару мен технологияларыңыз артта келеді. Ал бізде оның барлығы бар. Сондықтан осы жерде бір-бірімізді толықтырып, сіздердің шаруаларыңызға ұрық пен технологияларды ұсына отырып, ортақ пайда табар едік. Қытайда да жер шаруаларға жеке меншікке берілген. Алайда олардың көпшілігі ірі компаниялармен бірігіп жұмыс істейді. Компаниялар шаруаларға ұрық беріп, кейін ол өнім бергенде оны экспортқа шығару жағын ойластырады. Дәл осы жүйені сіздерге де енгізсе деген ой еді. Бұл жобадан алдымен жергілікті шаруалардың жағдайы жақсарады, — дейді Лю Чуаньу.

По сообщению сайта Nur.kz