Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алтынбек Қоразбаевқа қатысты сот отырысы басталды

Дата: 29 марта 2011 в 12:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алтынбек Қоразбаевқа қатысты сот отырысы басталды

Алтынбек Қоразбаевқа қатысты сот отырысы басталды

Композитор Алтынбек Қоразбаевтың ісіне қатысты тәуелсіз сараптама комиссиясы құрылады.

Алматыда сазгерлер арасындағы алғашқы сот отырысы өтті.

Комиссия құрамына дауласып отырған екі жақтан үш адамнан кіретін болды.

Тәуелсіз топ құрамы 10 күннің ішінде жасақталуы тиіс.

Олар қос әнге сараптама жасап, оның қорытындысын сотқа ұсынады.

Ал, соттың келесі отырысы комиссия қорытындысы дайын болғаннан кейін өтпек.

Алтынбек Қоразбаев – сазгер

«Кеше ғана қолым тиіп, жан-жағын қарап, өзім сараптама жасап көрдім. Марат Ілиясовтың айтып отырған әні — 44 такт. Менікі де 44-46 болуы мүмкін. Соның ішіндегі куплет дейді, қайырмасы, соның бір де бір үтірі келіспейді. Оны нота түрінде мен сотқа әлі дәлелдеп беремін. Ал алты тактысы ұқсайды. Алты ғана, ар жағы өзгеріп кетеді».

Естеріңізде болса, сазгерлер Мұратхан Егінбаев пен Марат Ілиясов Алтынбек Қоразбаевты «Аңсаған ауылым» және «Сарыарқа сазы» атты әндерімізді ұрлады» деп айыптаған еді.

«Қазақконцерт» бірлестігінің төрағасы өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Тараптар өзара мәмілеге келе алмағандықтан, іс Медеу аудандық сотына жетті.

Сотқа дейін Егінбаев пен Ілиясовтың өтініші бойынша Композиторлар одағы сараптама өткізген болатын.

Сараптама Қоразбаевтың орындауындағы «Қызым, саған айтам» және «Сарыарқа» әндерінің екі автор ұсынған түпнұсқаға ұқсастығын анықтады.

По сообщению сайта Nur.kz