Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бұл Мәмбет, қай Мәмбет?

Дата: 29 марта 2011 в 13:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бұл Мәмбет, қай Мәмбет?
(Шу ауданын шулатқан «тарих» хақында)
 
Дүрілдеген той Шу ауданының 80 жылдығына арналған-ды. Сол тойдың құрметіне шыққан «Шу өңірі тарихын», «Шу өңірі энциклопедиясын» ақтарып шықтық. Әрине, ауданның әкімі болған соң Қожахан Жабағиев басшы болады, «тарихты» жазуға сол ауданның тумасы, белгілі тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиевті алыпты.
Тарихты жасаушы адам екені әлімсақтан белгілі. Еліне жақсылық жасаған, Отанына еңбегін сіңірген адамға, әкімнің пендешілікке бой алдырып, «менің қолым да билікке жетті» деп есімін тарихтан көмескілетуі жөн білгендік емес. Кек қайтару, өш алу – мақтаныш болатын жақсы істерді сызып тастаудан қайтпайды. Шу өңірінің бұрынғы тарихында, қазіргі 70-80-нен асқандардың өмір жолы, өсу-өркендеу жолы өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан басталғаны анық. Патшасына қарап бой түзеген уәзірлердей Шу өңірінің азаматтары да бірінші басшыға қарап бой түзеді десек қателеспейміз. Біз, содан да алпысыншы жылдардан басталатын ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сараптаған тұстарын іздестірдік. Өйткені, біздің қосқан үлесіміз осы тұстардан басталады. «1966 жылы мал шаруашылығындағы жетістіктері үшін 95 адам ордендермен, медальдармен марапатталды» деп жазылған. Соның бірі Шу ауданының бірінші хатшысы Жапар Түйебеков болатын. Шу ауданының келбетінің өзгеруі, ауылшаруашылығының шалқуы, өндірістің өркендеуі бір ғана қант зауытының 1963 жылы іске қосылуы қаншама қиыншылықтардан құтқарды. Темір-бетон зауытының салынуы аудан орталығын көріктендіруге, жаңа үйлер, мәдени-тұрмыстық мекемелер салуға, соның ішінде 509 тұрғын үй салынса, оның 292-сі шопандарға арналған. Осы істерде Бірінші хатшының зор үлесі бар еді.
«Тарихта» Бас дәрігер М. С. Абдуллаевтың есімі ілтипатпен жазылған. «Өзінің жеке бастамасы бойынша» 13 аурухана, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 9 перзентхана, 7 балалар ауруханасын қатарға қосса, оған «Денсаулық сақтау үздігі» белгісі емес, Социалистік Еңбек Ері атағын, кем дегенде Ленин орденін алуы керек еді?! Осы жерде Елбасымыздың сөзі ойға түседі. «Бас әкім менмін, қалғандарының бәрі әкімшіктер» деп әзіл ретінде айтсада шындығы сол. Ол кезде аудан басшысы Жапар Түйебеков еді. Түйебековсіз бір мәселе шешілмейтінін көзіміз көрген. «Тарих» бетінен лайықты орнын ала алмағанына, қолдан көмескілентіп, энциклопедиядағы Ленин орденін алғандардың ішіне қоспағаны, тіпті Аллеядағы портреттердің арасына ілінбегені өкінішті-ақ. Жамбыл облысы Атқару комитетінің бірінші орынбасарлығына қызметі көтерілер алдындағы ауданның түгелдей көрсеткіштері облыстағы барлық аудандардан оқ бойы озық тұрған еді.
Одан кейінгі басшылар ұсақталып, істеген істерінің үдесіне жете алмады. Партияның қатаң тәртібінің жібі босап, демократия осы екен деп шатқаяқтағанда кадрлердің басына бұлт үйірілтіп, қадірін кетіртіп, әр маманға компромат жинап үркітіп, қорқытып жапа шектіріп «қолынан жетектеп апарып сотқа беретін халге жеткізді.» Таққа Қарынбаев келді. Іздегенге сұраған, қымқырғанға жымқырған қосылып ауданның бар байлығы хан талапайға түсті. Ол ол ма, монғолиядан 5000 тонна ұнға 1000 жылқы, 70000 қой алатын болып, 5000 тонна ұнды табу үшін біраз совхозды залалға отырғызды. Ал алған мал қайда кетті? Зырьяновскі ет комбинатына 32 килограмнан етке өткізілген болды. Сек, саулық қойлырдың салмағы 60-70 килограмнан келетіні анық. Тірісі, қоңдысы «Қызылтөбе» колхозына жеткендері қайда? Жылқы жарықтықтар да қолды болмаса да жолды болғаны айтпаса да түсінікті болды. Қолды болған дүниелерді іздеуге, қазбалауға елбасымыздың тыйым салғаны да рас. Сыбайлас жемқорлықтың өрбімеске амалы қалмады. Бүгінге дейін ауыздықталмай келеді. Өз қолыңды өзің кесе алмайсың деген осы. Кезегімен Дуалиев келіп таққа бір жыл отырып жер сатумен айналысып ол кетті. Орынына отырған Құсмендиев осы ауданның түлегі еді. «Түк көрмеген түгімен жұтады» дегендей ауданды қан қақсатты. Бұл туралы баспа сөз бетінде көп жазылды. Ауданның көрнекті қалам қайраткері Мәкен Уақ «Азат» газетінде фельетонға бергісіз бірнеше сын мақалалар жариялады. Бірақ құлағы керең билік «бұның қалай» деп әкімнен сұрамады. Сүйенері күшті болған соң Сырдың суы сирағынан келер ме? Бұл күнде «сендер не десеңдер о деңдер, мен үшінші ауданды басқарып отырмын» деп кеудесін қағады. «Меркіт» ауданын шулатса да иегі қисайған жоқ. Енді «Байтал» ауданының шаңын қағып, құмын суыртып қаймағын қалқып жүр.
«Тарих» Дота Қазақбаевтың 1958 жылғы жеті жылдық мектептің оқу ісінің меңгерушісі кезіндегі тәртібін тексеріп, неміс тілін білмесе де, сабақ беріп айлық алды деп кінәләйді. Кулак болып сотталған әкесінің кеңес үкіметіне қарсы өлеңін жариялағанын айыптайды. Кулактың баласы екенін жасырды деп жазғырады. Сөйтеді де «Шу өңірі энциклопедиясында» дәріптеп ҚазССР, СССР халық ағарту ісінің үздігі болған және Абай, Алға ауылдарында ҰОС-нда қаза болғандарға еңселі ескерткіш тұрғызуға ықпал жасады деп мадақтайды..
Алаш қозғалысындағы көсемдердің жүргізген істерін, сіңірген еңбектерін мұрағаттық дәлдікпен тәптіштеп жазғаныңыз қуантарлық еді. «Жазмыштан озмыш» жоқ деген қалмақтарша «Шу өңірінің тарихында» да көшірмешілікке салынып цифырларды, кестелерді қойдай жамыратқаннан не түсінуге болады? Мәмбет Қойгелдиев жазды дегенге сенгім келмегендіктен қолыма қалам алуға тура келді. Сол көгенделген цифырлар кімнің қолымен жасалғанын, кімнің қолымен қожырағанын айтуға ауызы бармаған кім? Доктор, профессор Мәмбет пе, әлде басқа Мәмбет пе?
«Мәмбет, Мәмбет» деп жырлағанымыздан есімізге түседі. «Беласар» колхозының Төрағасы Қабекең «Әзірбайжаннан Мәмбет деген біреу келе жатыр екен, соны күтіп алуға арнайы тапсырма алғанын» айтып кешкі бесінге дейін көл жағасына дайындатып үлгертеді. Іргедегі «Бестерек» колхозының шаруашылығын аралап қайтқан Шымшықов жолшыбай көл жағасына соғып тапсырмасының орындалуын тексере келгенде өз аузынан естігеніміз: «Мұхтар Әуезов атындағы Акедемиялық драмтеатрдың директоры, әрі Бас режиссоры Әзірбайжан Мәмбетовтың» келетінін білдік.
— Басеке, біз олай деп естіген жоқпыз. «Әзірбайжан Республикасынан Мәмбетов деген біреу келе жатыр» деп естідік. Шымшықов шек сілесі қата күліп «онда дайындықтарың жақсы екен» деп қонақтарын күтіп алды. Содан да болар бұл Мәмбеттің, қай Мәмбет екенін білгіміз келгеніне қызығушылығымыздың артқаны.
«Энциклопедиядағы» өкпе назға ұшыраған кемшіліктерді тізе берсе интернет бетіне сыймас. «Айтулы азаматардағы» суреттер бейіт басындағы тасқа жапсырғандай әсер қалдырады. Тірі адам ретінде не қызмет жасағанын жазса айтулы азамат екенін білер едік. Ресторан столының басында бір-екі мүйнеттен сөйлеген ескі лауазым иелері «Мен көше тазалатып Аллея жасадым», «Мен белгісіз солдатқа ескерткіш қойдым», «Мен Төле биді тас тұғырға отырғыздым», Мен Балуан Шолақты, Саттарды ұлықтадым» осылайша қысқа қайырып, ақшасын қалтасынан төлеп, айлық табысына жасатқандай жарапазандап жарыса сөйледі. Сонымен той бітті. «Тарихта» аты аталмай, «Энциклопедияға» суреті салынбай қалғандардың гу-гу әңгімесінде «біз тоқалдан тудық па?» деген суық сөз жүректерін тырналап бара жатты. Обалын Мәмбет көтере ме?
Бағыс ЖАМБЫ
Шу ауданы
 
 
 
 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы