Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Адамға құрмет алыстап бара ма?

Дата: 29 марта 2011 в 14:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Біздің елдің ата заңында мемлекеттің басты байлығы адам екені анық жазылған. Қоғамда осы басты байлық — адамның құны төмендеп, құрметі қалмай барады. Қарапайым тұрмыста, күнделікті өмірде айналадағы жұрттың адамға және оның еңбегі мен құқығына деген сыйластығының сұры қашып кеткенін көп байқаймыз. Күзетші, көше сыпырушы, жүргізуші, күтуші секілді қалыпты жұмысын атқарып жүрген жандарға адамның қоры ретінде қарап, мұрнын шүйірген талай жанды көрдік. Ал, есесіне киімі түзу, көлігі бар жанға иіліп басын жерге жеткізетін бауырларда бар. Сонда біздің бір-бірімізге деген адами сыйластығымыз қайда? Әлде рухани һәм адамгершілік деңгейіміз табан астына түскен бе? Мүмкін біз адамдығымызды ақшаға айырбастаған шығармыз? Әлде екі қолына бір күрек ұстап жанымен жан сақтап жүрген азаматтар адамның қоры ма? Бәлкім біреуді адам есебінен көрмей өзімізді «керемет» сезінгіміз келетін шығар? Қоғамның адамға құрметі құлдырап кеткеніне билік кінәлі ме? Біз қандай едік? Қандай күйге түстік? Қайда барып оңамыз? Міне, Талқы-Форум осы сауалдарға жауап іздейді. Сіз не дейсіз?

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы