Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді

Дата: 29 марта 2011 в 14:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай республика бойынша ұлттық спорт түрлерінің фестивалі ұйымдастырылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов осылай мәлім етті.

«Әр ұлт, әрбір мемлекет ең алдымен өзінің ұлттық дәстүрін, ұлттық спорт түрін жоғары ұстауы керек. Бұл бағытта да министрлік тарапынан ауқымды шаралар атқарылып жатыр.Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерейтойына арнап ұлттық спорт түрлерінің фестивалі ұйымдастырылатын болады. Шараны Ұлттық спорт қауымдастығы «Нұр Отан» партиясымен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп жүзеге асырмақшы. Бұл ауқымды фестиваль ауылдық өңірлерден бастау алып, аудандық, облыстық деңгейде өтеді.Ақтық сайыс республикалық деңгейде қыркүйек айына таман Өскемен қаласына ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр», — деді Е. Қанағатов.

Оның айтуынша, аталған фестиваль аясында еліміздегі барлық ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өткізумен қатар, осы бағытта көрмелер, конференциялар ұйымдастырылады деп күтіледі.

«Жалпы, ұлттық спорт түрлерінің ішінде көкпарды, қазақша күресті және тоғыз құмалақты әлемдік деңгейге көтеру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Бұл ретте тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты алғаш рет Астанада өтті. Қазақ күресінен де әлемдік чемпионат болғаны белгілі. Сонымен қатар, алдағы уақытта бұқаралық спортқа халықтың басым бөлігін тарту үшін де ұлттық спорт түрлерін дамыта түскен орынды деп санаймыз. Осыған орай, біздің министрлік Ауыл шаруашылығы министрлігімен ауыл спортын дамытуға қатысты меморандумға қол қойған болатын», — деді Е. Қанағатов.

По сообщению сайта Nur.kz