Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елімізде коммуналды шаруашылық жаңғыртылады

Дата: 29 марта 2011 в 14:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Елімізде коммуналды шаруашылық жаңғыртылады

Солтүстік өңірдің жылумен қамту желілерін жаңалауға көлемді қаржы тартылды.

«Алдағы 10 жыл ішінде еліміздегі жылу тасымалдаушы операторлар ауаға көміртегінің тарауын 130 мың тоннаға дейін қысқарта алады». Бұл туралы өткен сенбіде солтүстік аймақты жылумен қамтамасыз етуші орталық жүйені жаңарту үшін берілген несиенің келісімшартын ресми тіркеуге арналған арнайы баспасөз мәслихатында мәлімделді.

«Бұрынғы посткеңестік мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да энергетикалық ны­сандардың тозуы 80 пайызды құ­рай­тындығы, соның салдарынан мұндағы шығынның 30 пайызға өсіп отырғандығы белгілі. Біз бұл ретте жамап-жасқау жұ­мыс­тарын жүргізіп келеміз. Алайда оны­мен бұл саладағы мәселе түбегейлі ше­шіл­месі анық. Біз осыған дейін әртүрлі институттармен ұзақ жұмыс істедік.

Бірақ соның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкі ғана жылумен қамтамасыз ету саласындағы мәселеге тыңғылықты дайын­дық пен түсіністік тұрғысынан келді.

Біз аталған банктен шарттары бір-бірімен тығыз байланысты 40 миллион долларды құ­райтын екі заем алып жатырмыз. Нақ­ты­рақ айтқанда, біріншісі – 30 мил­лион доллар, жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 4,5 пайыз, берілу мерзімі – 13 жыл, қал­ған 10 миллион долларды жылдық сый­ақы мөлшерлемесі 0,71 пайызбен 20 жылға осы банктің «Таза технологиялар қоры» бөлімшесінен алудамыз. Әрі олар бастапқы үш жылда бізді мазаламайтын болады.

Міне, осындай айрықша жеңілдігі бар арзан несиеге қол жеткізудің арқа­сын­да біз еліміздің солтүстік өңірінің жылумен қамтамасыз ету желісін толықтай жа­ңа­лауға қол жеткіземіз деп үміт артып отырмыз», – деді «Орталықазиялық электр энергетикасы корпорациясы» АҚ дирек­торлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов. Оның айтуынша, осы көлемді қаржы тартылған инвес­ти­ция­лық жобаны жүзеге асыруда алдағы 10 жыл ішінде еліміздегі жылу тасы­мал­дау­шы опе­ра­торлар ауаға көміртегінің тарауын 130 мың тоннаға дейін қысқарта алады екен.

Жалпы, ОАЭК бұл көлемді қаржыға Сол­түстік Қазақстан облысының ірі өнер­кәсіп ошақтары орналасқан Екібастұз, Пав­лодар және Қызылжар қалаларының жылумен қамтамасыз етуші орталық жүйе­сін жаңалайтын инвестициялық жобаны жүзеге асырмақшы.

Модер­ни­за­циялау барысында жылу энергиясының құбыр желілерін күрделі жөндеуден өткізу, оның қажетті жерлерін жаңасымен алмастыру, жылу есептегіш құралдарын орнату және шағын стансалардағы бақы­лау жүйесін жаңарту жұмыстары жүр­гі­зіледі деп күтіліп отыр. Бұл арада еліміздің жылумен қам­тамасыз ету жүйесін мо­дер­ни­зациялау 2011 және 2014 жылдар ара­­лығын қам­ти­тын­дығын еске сала ке­те­лік.

Екатерина МИРОШНИК, Еуропалық қайта құру және даму банкінің аға банкирі:

– Біз мұндай жобаға қатыс­қа­ны­мыз үшін қуаныштымыз. Өйт­ке­ні ол әлеу­меттік жоба болып та­бы­лады. Яғни осы істің нәтижесінде халыққа көр­се­тілетін қызметтің сапасы артады. Бұл – «Таза тех­но­ло­гиялар қорынан» үл­кен же­ңіл­дік­пен несие тартылған ТМД-дағы, оның ішінде Қазақстандағы бірінші жоба. «Таза технологиялар қоры» – ауаға көміртекті бөлуді азай­та­тын жобалар үшін жеңілдік шарт­та­­ры­мен несие ұсынатын халық­ара­лық қор.

Игорь ТАТАРОВ, «СевКазэнерго» АҚ бас­қармасының төрағасы:

– Бүгіндері Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі аталған салаға көптеп қаржы бөліп жатыр. Дегенмен жекеменшік жылумен қамту желілері қаржы жа­ғы­нан тапшылық көріп келеді. Осы жа­ғы­нан алғанда, Еуропалық қайта құру және даму банкінің берген заемы бү­тін­дей жаңалау жүргізіп, жаңа тех­но­ло­гияларды енгізуге толық мүмкіндік береді деп айта аламыз. Мемлекет та­ра­пынан қабылданған Тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық бағ­дар­ла­масы аясында жүзеге асырылатын ша­ралармен қатар, осындай қосымша істерді атқаруда біз еліміздегі жылумен қамту желілерінде нық тәртіп орнатуға қол жеткіземіз деп үміттенеміз.

Электр қуатының тарифі алдағы жылдары 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін

«Тарифтерді көтеру керек. Олай ет­пейінше болмайды. Бұл осы заемға бай­ла­нысты нәрсе емес. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазір еліміздің барлық өңірі бойынша электр және жылумен қам­ту желілері мен стансаларында күрделі жөндеу мен жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екіншіден, қалталы азаматтар электр қуатын үнемдеуге онша құлықты емес. Әрі елімізде есептегіш құралдар орнатпаған азаматтар да бар. Егер тариф көтерілетін болса, халық­тың басым бөлігі жылу мен электр қуатын үнемдеп, аз шығындалу үшін есептегіш құралдар орнатуға мүдделі болады», – дейді «Павлодарэнерго» АҚ бас­қар­ма­сының төрағасы Анатолий Дука.

Сондай-ақ ол жоғары тариф әлеуметтік әлсіз топтың қалтасын қақпауы керек екендігін ескертіп, бұл ретте Үкімет пен энергетиктер осы топты әлеуметтік қорғаудың тетігін әзірлеп жатқандығын да айтты.

Алайда жылдағы инфляцияға, басқа да фак­тор­ларға байланысты тарифтің соңғы 5-10 жыл ішінде өзгеріссіз тұрғанын естен шығармау керек

«10-15 пайыз деген, бір қарағанда, кө­лемді цифр болып көрінуі мүмкін. Алайда жылдағы инфляцияға, басқа да фак­тор­ларға байланысты тарифтің соңғы 5-10 жыл ішінде өзгеріссіз тұрғанын естен шығармау керек», – дейді бұл ретте «СевКазэнерго» АҚ басқармасының төр­ағасы И.Татаров.

Міне, мамандардың тарифке қатысты көз­қарасы осындай болды.

«Бүгінгі қол қою рәсіміне жағдай жа­сап, қолдау көрсеткен Елбасымыз бен Үкіметке ризашылығымызды білдіреміз. Осы күнге дейін біз сырттан көлемді қаржы тарта алмадық. Таяуда «инвестиция ор­нына – тарифтер» деген шарты бар, энер­гетика саласына арналған жаңа заң қа­былданған болатын. Міне, соның нәти­жесінде бүгін осындай мемлекеттің ке­пілінсіз, қымбат емес, ұзақ мерзімге белгіленген көлемді несиені тартуға қол жеткізіп отырмыз. Оны біз мақтан етеміз», – деп қорытындылады аталған баспасөз мәслихатын «Орталықазиялық электр энергетикасы корпорациясы» АҚ дирек­торлар кеңесінің төрағасы Алек­сан­др Клебанов.

Дерек пен дәйек

«Орталықазиялық электр энергетикасы корпорациясы» АҚ Қазақстандағы ірі кіріктірілген энергетикалық компания болып табылады. Оған Павлодардың ЖЭО-2 және ЖЭО-3, Екібастұздың ЖЭО, Қызылжардың ЖЭО-2 секілді төрт жылу электр орталығы, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысының электр желілері, Павлодар, Екібастұз және Қызылжар қалаларының жылу желілері кіреді. Сонымен қатар Павлодар, Қызылжар, Астана қалаларында сатушы компаниялары бар.

 

По сообщению сайта Nur.kz