Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жерді ќайтарып алу шаралары (Рахымгожина У.Н., Павлодар облысыныњ мамандандырылѓан ауданаралыќ экономикалыќ сотыныњ судьясы)

Дата: 30 марта 2011 в 11:11 Категория: Новости экономики

Жерді қайтарып алу шаралары

 

Рахымгожина У.Н

Павлодар облысының

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының

судьясы

 

Жер – кез келген халық үшін негізгі табиғи байлық көзі болғандықтан, оны пайдалануға байланысты мәселелер ерте кезден бастап өзекті мәселелерге айналды.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе, бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесі меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін. Бырақ, бұл кезеңге учаскені игеруге қажетті уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мумкіндік бермеген өзге де мән-жайларға байланысты учаскені мақсаты бойынша пайдалану мумкін болмаған уақыт кірмейді.

Жер учаскесін алып қою туралы талап-арыз меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап –арыз қойылғанға дейін кемінде бір жыл бұрын учаскені мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін және осы уақыт ішінде жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскені мақсаты бойынша пайдалану жөнінде қажетті шаралар қолданбаған жағыдайда ғана берілуі мүмкін.

Қазіргі таңда мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтардың және шарушылық қожалардың меншігінде көптеген жер учаскелері берілген.

Бырақ, сот тәжірибесе сүйенсек, көптеген жер учаскелері тиісті мақсатында ұзақ мерзім ішінде пайдаланылмайды, көбінесе жер ипотекалық немесе басқа да несиелер алу үшін қолданылады өйткені жердің нарықтық құны тиімді.

Алайда жер учаскелерін тиісті мақсатында ұзақ мерзім ішінде пайдаланбау жер заңнамасының мақсаты мен міндеттеріне сай келмейді, себебі жерді ұзақ уақыт пайдаланбау оның тозуы мен бүлінуіне, құнарлығын жоюға және қолайсыз зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін.

Қазіргі таңда жер учаскесін алып қою туралы талап-арыздар сотқа көптеп түсіп өз шешімін табуда. Арыздар негізінен жергілікті мемлекеттік жер қатынастары бөлімдерінен және жергілікті әкімдерден түседі.

Жер учаскесінің қайтарып алудың тағы бір шарасы ол жерді Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдалану.

Егер учаскені пайдалану Жер Кодексіне немесе Қазахстан Республикасының өзге де заңдарына белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлылығының едәуір төмендеуіне не экологиялық жағыдайдың едеуір нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін. Жер учаскесін алып қою туралы талап — арыз Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделінген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап арыз беруден кемінде үш ай бұрын меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұылуын жою қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін ғана және осы мерзім ішінде меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскені пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағыдайда берілуі мүмкін.

Егер меншік иесінің немесе жер пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскені нысаналы мақсатқа сай пайдаланбауында болса, алып қою туралы талап –арыз бергенге дейін жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган учаскенің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өтініші бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе бойынша учаске орналасқан жердегі облыстың (қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына ұсыныстар жіберуге міндетті. Бұл жағыдайда учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе оң шешілмеген кезде ғана жерді алып қою туралы талап – арыз берілуі мүмкін.

Жерді алып қоюдың тағы бір түрі — ол жерді мемлекеттік мұқтаждары үшін қайтарып алу.

Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бойынша жер келесі жағдайларда мемлекеттік мұқтаждары үшін қайтарып алынады:

1. халықаралық міндеттемелер;

2. қорғаныс қажетіне, ерекше қорғалатын табихи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи — мәдени мақсатқа арнап жер беру;

3. учаскенің астынан пайдалы қазбалардың кен орнының табылуы;

4. жол салу, электр тарату, байланыс желілері мен магистральды құбырларды тарту, сондай-ақ осы объектілерді орналастырудың басқа мүмкін нұсқалары болмаған кезде мемлекеттік маңызы бар басқа да объектілер салу;

5. құлау (қирау) қаупі бар апатты және ескірген тұрғын үйлерді бұзу;

6. қалалармен өзге де елді мекендердің бас жоспарлары, аумақты аймақтарға бөлу схемалары және белгіленген тәртіппен бекітілген өзге де қала құрылысы немесе жерге орналастыру құжаттамасы негіз болып табылады.

Жерді алып қоюдың тағы бір түр — жерді тәркілеу. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 254 бабына сәйкес, тәркілу дегенеміз — меншік иесінің жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшін мүлкінің санкция түрінде тегін, әрі ықтиярсыз алынуы. Жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою немесе меншік құқығының мәжбүрлі түрде тоқтатылуының кейбір түрлерінде келтірілген шығындар өтелмейді. Себебі, жер учаскесін алап қою алдын ала үшінші тұлғаға немесе мемлекетке келтірілген шығындарды өтеу үшін жаза ретінде жүзеге асырылады.Тәркілеу кезінде мүлік мемлекет меншігіне ақысыз түрде алынады және алудың негізі болып келесі жағыдайлар танылады; 1) жер иесі қылмыс жасаған жағдайда 2) жер иесі басқа бір құқық бұзушылық жасаған жағыдайда. Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшін қажетті, сотталған адамға жеке меншік құқығымен тиеселі немесе оның ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, онда үйі мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер учаскелері, сондай-ақ өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қажетті жер учаскелері Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару заңдарында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленбеуге тиіс.

Тәркіленген жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылады. Тәркілеу объектісі болып табылатын мұндай жер учакелері не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

Если вы нашли ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Использование материалов возможно с сохранением активной ссылки на автора и издание.

По сообщению сайта Zakon.kz