Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақы тазы «Қызыл кітапқа» енудің алдында тұр

Дата: 30 марта 2011 в 17:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақы тазы «Қызыл кітапқа» енудің алдында тұр

Жаһандану заманында әлсіз елдердің ұлттық құндылықтары жойылып, бірте-бірте өзіндік болмыстарынан айырылатыны белгілі. Алпауыт мемлекеттердің саясатымен жасалып отырған осынау зұлматқа жұтылмас үшін не істеу керек? Әрине, сол ұлттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана қарсы тұруға болады.

Осы орайда өз ойын ашық білдіріп, онысын нақты ісімен де дәлелдеп, саятшылықпен айналысып, ұлттық дәстүр-салтымызды дәріптеп жүрген азамат, медицина ғылымының докторы Дамир Абайділдаұлының таза қанды тазы итіне қатысты айтар назына назар аударсақ.

Ұлттық құндылықтарымыздың құжаты жоқ

Өкінішке орай, осы мәселеге қазақ қоға­мы­ның атқарушы органдары енжарлық та­ны­тып жүр­ген жайы бар. Мәселен, көзі ашық жұртшылық көкпарымызды қырғыз­дар ұлттық ойын, қымы­зымызды не­міс­тер, қазыны жапондар ұлттық тағам­да­ры ретінде халықара­лық ұйымдардан құжат алып алғанын біледі.

Ал баршамыз кеуде кере мақ­тан тұтып жүр­ген қаншама ұлттық құнды­лық­тарымыздың әлі күнге дейін құжаты жоқ.

Менің­ше, осы мем­лекеттің негізін құраушы ұлт ретінде әр­­бір қазақ баласы ұлттық құнды­лық­тарды құнт­тап, отансүйгіш болуы қажет. Әйт­песе жоға­­рыда­ғы­лар әзірге мұндай мәні зор мә­се­ле­лерге назар аудар­май келеді. Ал олар кө­ңіл ау­дар­мады екен деп бос қарап отыруға тағы бол­майды. Біздер, яғни таза қанды ат баптап, қазақы төбеттер мен тазыларды жү­гіртіп саятшылық жасап жүрген азаматтар бір­ле­сіп, осы істі қолға алып жүрміз. Бүгінгі күн­ге де­йін жүйелі ғылыми түрде атқарған бір­аз істеріміз бар. Атап айтқанда, әлемдегі та­зы тұқымдас ит­тер тұқымының шығу тари­хын зерт­тей отырып, қа­за­қы тазылардың қа­­лыптасу ке­зең­дерін анық­тауға қол жет­кіз­дік.

Әлемдегі та­зы тұқымдас ит­тер тұқымының шығу тари­хын зерт­тей отырып, қа­за­қы тазылардың қа­­лыптасу ке­зең­дерін анық­тауға қол жет­кіз­дік

Деректерге көз салсақ, тазының әлемдегі тарихы он мыңдаған жылдар бедерінен көрініс береді. Мә­се­лен, араб слюгтерінің шыққан тегін тазымен байла­ныс­тырып, біздің заманымызға дейінгі 8-10 мыңжыл­дық­тарда бар болғанын айтады. Бұл деректің расты­ғын археологиялық қазба жұмыстары кезінде табыл­ған тазы тұқымдас иттердің сүйектері де дәлелдей түседі. Ал 1895 жылы Ресейде жарыққа шыққан Л.П.Сабанеевтің ғылыми еңбегінде мұндай ұшқыр иттердің 6 мың жыл бұрын ежелгі Египетте болғанын жазады. Шығыс ғалымдарының еңбек­терінде қазіргі Қазақстан аумағындағы көшпенді рулардың тазылары өте ұшқыр, алысқа жүгіретін төзімді екендіктері келтірілген. Олай болуы заңды да еді. Өйткені көшіп-қонып жүрген елдің таулы, орманды немесе кең сахара жазығында неше түрлі жүйрік киіктерді қуып, қарсақ, түлкі, қасқыр секілді жыртқыш аңдарды ұс­тауға машықтанған тазылар физиологиялық тұрғыда дами­тыны даусыз. Сон­дықтан біздің қазақ дала­сын­дағы тазылар өзге елдер­дегі ұқсас тұқымдастарынан жан-жақты ерек­шеленіп тұрады.

Тазының әлемдегі тарихы он мыңдаған жылдар бедерінен көрініс береді

Жалпы, ғалымдар Орта Азиядағы та­зыларды үш топқа бөліп қарастырып жүр. Оларды тік құлақ, шашақ құлақ жә­не жарғақ құлақ тазылар деп атайды. Осы­лар­дың ішінде біздің елде шашақ құлақ және жарғақ құлақ тазылар көп тараған. Бұл итке «тазы» атауы бекер берілмеген. Өзге ит тұқымдастарына қарағанда тазы өте таза болады. Оның үстінен ешқандай иіс сезілмейді. Қанша ашығып бара жатса да, өлексе немесе былғаныш тамақ же­мей­ді. Лас жерге жатпайды. Иесіне адал қызмет ететін қасиеті және бар. Бір сөзбен айтқанда, осындай тазалығы үшін тазы атауын иемденгені даусыз. Ис­лам дінінде итті харам санайтыны бар емес пе? Алайда ғұламалардың бірі ке­зінде арнайы түсініктеме беріп, онда мұ­сыл­маншылық тыйымдардың ішінде жал­пы итке байланысты шектеулердің та­зыға қатысы жоқ екенін айтқан. Тазыны да­лада қалдыруға, жерге жатқызуға бол­май­тынын қатаң тапсырған. Үйде ар­найы орын дайындап, астына жұмсақ зат төсеп, тазыны сонда ұстауға өсиет еткен. Жүйрік ат пен тазыны сипалап, тазалаған соң қолын жумай-ақ, намазға отыра беруге болатынын айтқан. Тазыға құнарлы таза тамақ беруді тапсырған. Бұдан тазының жаратылысынан өте таза болатынын анық аңғаруға болады. Мұсылман елдерінде осынау ұшқыр ит аса құнды саналған. Бұл жағдай біздің қазақ арасында да солай қалыптасқан ғой. Тазыны қолы жеткен дәулетті адамдар ұстаған. Үйінде немесе арнайы орын дайындап асыраған. Астына аңның немесе малдың жұмсақ терісін тө­сеген. Таза сүт пен тамақ жасап берген. Ұш­қыр тазы, жүйрік ат, қыран құспен саят­шылық жасаудың кереметі туралы өлеңдер Абай атамыздан бастап, ақын, жы­раулардың талайының жырына арқау бол­ған. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтен бас­тап, көптеген жазушыларымыздың де­ректі әңгімелерінде де қазақ даласындағы та­зылардың ерекше қасиеттері көп жа­зылған. Мәселен, киікті қуып жеткен жүй­ріктігі, қасқырмен таласқан батыл­ды­­лықтары, аңшылық кезінде адамдай ақыл­дылықтары келтірілген.

Орта Азиядағы та­зыларды үш топқа бөліп қарастырып жүр — тік құлақ, шашақ құлақ жә­не жарғақ құлақ тазылар деп атайды

Сан түрлі ерекше қасиеттерге ие тазымызды әлемнің 200-ден аса мем­лекеті мүше халықаралық ұйымның са­рап­тауына салып, төл итіміз ретінде құ­жаттап алуымыз қажет. Бұл ұйым Халықаралық кинологиялық федерация \FCI\ деп аталады. Олардың он шақты талабы бар. Ең бірінші талап – осы ұйым­ға өтініш жазып, мүшелікке өту ке­рек. Екінші – ұсынылып отырған ит тұ­қымының мұрагерлікпен жалғасып келе жатқан өзгешелігі, басқа иттерге ұқсамайтын қасиеті ғылыми дәлелмен берілуі тиіс. Үшінші – өзімізде қазақы тазы ұстаушылардың ұлттық клубы болуы қажет. Төртінші – ұсынылған ит басының тұқымдық стандартқа сәйкестігі болуы керек. Бесінші – ең болмағанда үш атасынан бе­рі жалғасып келе жатқан көрмелерде алған бағасы болуы шарт. Алтыншы – үш атасына дейін ұяластарымен қосылмаған тазылардың тұқымы болуы тиіс. Жетінші – ұсыныс жа­сап отырған мемлекеттің тұқым құ­ру жүйесі мен өмір сүру тарихын дә­лелдейтін базасы болуы қажет. Се­гізінші – мемлекет жыл сайын FCI са­рап­­шыларының көрмесіне тазыларын қатыстыруы тиіс.

Бізде дәл қазіргі таңда осы талаптардың жартысы орындалған. Ал тоғызыншы, ең бастысы – әр аймақта­ғы тазылар тұқымын өсіріп жүргендердің басын біріктіре алмай келеміз.

Егер өт­кен ғасырдың отызыншы жылдары зерт­теуші А.А. Слудскийдің жазуынша, Қазақстандағы 10 мың тазының таза тұ­қымдысы 30 пайыз болса, қазіргі таң­да 1000 тазының таза тұқымдысы 30 па­йызға жетпейді. Қалғандары әртүрлі тұ­қым­дармен араласып кеткен. Алайда оны асыраушылар әрқайсысы өзінің итін таза деп, бір мәмілеге келе алмай жүр. Ең басты кедергі де осы болып тұр. Сондықтан да істі жүзеге асырумен енді арнайы органдар айналысуы тиіс.

Қазақстан Кинологтер одағының (ҚКО) бүгінгі күнге дейін атқарған жұ­мыстарын басшылыққа ала отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бір құ­рылымы қолдарына алатын болса, әр аймақтағы тазы өсірушілерді бір мә­­мілеге келтіруге болады. Қалған та­­лаптарды екі-үш жылда орындай аламыз. Одан кейін халықаралық ұйым есігін қаға береміз.

Бұл тұрғыда эко­номикасы бізден төмен Өзбекстан мен Тәжікстан өздерінің 3 түрлі жергілікті аң­шылық иттерін халықаралық ұйымның са­раптамасына салып, құжаттап алды.

Қа­зақстан бұдан ары кешігетін болса, енді біраз жылда таза қанды тазыны «Қызыл кітапқа» кіргізуге тура келер...

По сообщению сайта Nur.kz