Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Павлодар пединститутында ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселесіне арналған ғылыми конференция өтті

Дата: 31 марта 2011 в 10:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ПАВЛОДАР. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ — Павлодар педагогикалық    институтында Қазақстан     және  Ресей ғалымдарының  қатысуымен    ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті,деп  хабарлады     оқу орнының баспасөз қызметінен.

Ұлттық спорттың  тұлғаның  қалыптасуына тигізетін  әсерін талқылаған ғалымдар,  ұлттық спорт түрлерінің әдістемелік проблемаларын,   мамандар дайындау  мәселесін  және  тұлғаны әлеуметтік  бейімдеудегі    дене шынықтырудың ролін     сөз  етті.

«Тәуелсіздік  жылдары      дене  шынықтыру   әр тұлғаны  жан-жақты дамытудың  маңызды факторына айналды», — дейді Қазақтың спорт және туризм  академиясының  кафедра меңгерушісі,  профессор   Ерғали  Мухиддинов.

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан  халқына арнаған Жолдауында,   елімізді  дамытудың  маңызды басымдықтарының   бірі  — қазақстандықтардың     денсаулығын  арттыру  екенін атап  көрсетіп,    спортпен   жүйелі    айналысатындардың  қатарын  30 пайызға  дейін  жеткізу  туралы міндет қойған  еді.

«Спорт ғылымын   дамытпай,     мұндай деңгейге   көтерілу    қиындау», — деп санайды Павлодар  педагогикалық   институтының деканы, профессор  Жанат Үйсін.

Конференция соңында     қазақтың  ұлттық спорты  —   аударыспақ  ойыны көрсетілді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы