Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сәуір айынан бастап қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» бекетінің жұмыс режимін өзгерту эксперименті қолға алынады

Дата: 31 марта 2011 в 10:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

БЕЙЖІҢ.  31 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ —  Бейжіңде    кеден ісі саласы  бойынша   ақпарат алмасу   жөніндегі Қазақстан    және Қытай кеден қызметтері  жұмыс топтары  жетекшілерінің кездесуі  өтті.

«Қазақстан Республикасы мен  Қытай Халық  Республикасының кедендік  шекарасы арқылы  алып өтілетін   тауарлар  мен  көлік  құралдары  туралы алдын ала  мәліметтермен      алмасу  туралы  хаттаманы»  орындау мақсатында  тараптар  «Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігінің   Кедендік бақылау комитеті мен   Қытай Халық  Республикасының Бас кедендік басқармасының арасындағы  «Ақпараттық   өзара іс-қимылдардың  техникалық шарттарына»  қол  қойды.

Кездесу  барысында  тараптар  сондай-ақ   кеден  қызметтерінің 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап   «Қорғас» өткізу бекетінің  жұмыс режимін   12 сағаттық бес күндік жұмыс  күнінен    жеті  күндік  жұмыс  апталығына  ауыстыру   жөніндегі   тәжірибеге   әзірліктерін   қуаттады. Эксперимент барысында  тараптар   Астана уақыты  бойынша    8:30  бен  20:30-дың   аралығында,   Бейжің  уақыты  бойынша  10:30  бен  22:30-дың аралығында    белгіленген   жұмыс  режимін   қатаң сақтауы керек.    Тәжірибенің     қорытындысы  бойынша    шілде айында жұмыс кездесуі  жоспарланып  отыр.

Кеден одағының  сыртқы  шекара учаскесінде  орналасқан  «Қорғас» бекетінің жұмыс режимін    өзгерту  тәжірибесі     бекеттің өткізу  қабілетін арттыруға,  жолаушылардың және жүктердің қозғалысына,   оның ішінде  транзиттік  ағымдарға   жайлы  жағдай  жасауға мүмкіндік береді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы