Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ермұрат Бапи. Сайлау мүбәрәк болсын!

Дата: 31 марта 2011 в 13:30

«Өлмеген құлға әлі-ақ жаз» дегендей, коммунист-кандидат көзіне қайта-қайта түсе берген қара қалпағын екі-үш түзеп кием дегенше, сайлауың да келіп қалды. Оның мұнда неғып қалпағын көтере алмай жүргенін ит біліп пе  «каретист» екен. Әлде «карьерист» болайын деді ме?

Бұйығы бұ жұрт Ғани мен Мелс қойған қыран-топан концерттің қызығына да батып үлгермеді: екеуі екі жақта екінші орынға таласып жүргенде, сумаң етіп, сайлау жетті. Енді дауыс беруге барсаң да, жоқ әлде бармаймын деп жер тепкілесең де, болары  болды: екі күннен кейін ескі елбасыңмен еңіреп табысасың.

Бұрынғы еңіреуің қандай болғанын білесің, ендігісі қалай боларын Мәсімов-акаң мәймитіп айтып берді: бұйыртса, осы күзде қымбатшылық қысады. Мәсімовтің күз дегені  арғы мыңқыл. Бергісі  сайлау өткенше қымбатшылықтың ауылын күзге қарай сырғытып қойғаны. Әйтпесе әр облыстың әкімі қазірдің өзінде қызылкөз қымбатшылықты күйек желіктірген бұқадай бұқтырып отыр. Басын босатса, бұқадан бұрын Нұр-көкесі өзін айдайды... (Қызметінен қуады дегенім ғой).

Айтпақшы, қазақтың «айдауы» мен «қууының» айырмасы қайсы: екеуінде де артыңды алға өңгеріп кете алмайсың... Сондықтан айдалмас үшін әкімдер әкіреңмен базардың бағасын басып отыр. Біздегі экономиканың түрі  осы: әлі жеткені әлсізге зорлық қылу.

Дегенмен бұл «бұқа» бірінші халыққа қарғиын деп тұр. «Күйекті» күзге жеткізбей бастайтын түрі бар. Себебі, біз дағдарысты дарытпай өтіп кеткенбіз деп, даңғаза даурыққанымыз бекер болды. Сырттағы қор-мордағы халықтың қаржысын мұндағы жалмағыр «жол картасына» шаша-шаша ол да бітті. Бітпегенде қайтсін,  үкіметте шашуды ғана білетін эко...нойыстар отырса. Бүткіл дүние «Дағдарыс!» деп дүрлігіп жатқанда, ол нойыстар қарсы қауқар қылар, бас-сирағы бүтін бір бағдарлама ұсына алмады. Дегендері: «дағдарыс жоқ, болса да бізді айналып өтеді».

 

Өтті  кепкенінің басы! Ақыры не болды? Дағдарыстың екінші екпіні  қымбатшылық қылқындырды кеп қылкеңірдектен. Басқаны былай қойғанда, нанның бағасын ноқталау науқанның кереметі боп тұр. Ноқтасын сүйреткен эко...нойыстар мен топ-топ менеджердің міңгірін ақылға балаған көкелері де ендігі күні қараң боларын сезді. Апаттың алдын алу үшін, ақыры, ай-күніне жеткізбей сайлау тудыруға мәжбүр болды: бұқа бұрқ еткізгенше  белімді бекемдеп алайын деп.

 

Қымбатшылық дегенің  аштық! Аштық дегенің  апат! Апат дегенің  шатақ: бұқараң бұдан былай бұйығы бола алмайтын сияқты. Африканы аңдыған жұрт арабтан ауып келген исламның жолымен бір жойқын жақындап қалғанын сезеді. Ол сезім ашқарын қоғамның шибұт шабына ши жүгіртсе қайтеміз?!

Ендеше, ішінде құйын қозған, сырты тойған қозыдай томпиған халыққа не дейік?

«Сайлау мүбәрәк болсын!»  дейміз, дүмпусіз дауыспен.

...«Дүмпу» демекші, «мүбәрәктағы» «м»-ны бас әріппен қабылдасаңыз  еркіңіз...

 

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 11 (94) 30 наурыз  2011 жыл

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы