Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жергілікті мамандар жерде қалмайды

Дата: 31 марта 2011 в 15:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жергілікті мамандар жерде қалмайды

Атырау аумағында соңғы кездері әлемдік талаптарға сай келетін ірі жобалардың жүзеге асырылып жатқандығы өңірдегі еңбек нарығына да оң әсер етті.

Теңіз кенішіндегі және «Болашақ» зауытындағы құрылыс жұмыстарына тек жергілікті жастар ғана емес, республиканың өзге облыстарынан да адамдар тартылды. Әйтсе де, Солтүстік Каспий жобасына қатысты жерүсті жұмыстары мәреге таяу. Мердігер мекемелер атқарған жұмыс көлемі аяқталып келеді.

Сондықтан, қысқартулар басталып та кетті. Алайда, жергілікті атқарушы билік ешкімді де назардан тыс қалдырмай, бәрінің де қызметпен қамтылуын көздеп отыр.

Облыстық әкімдік пен «Синопэк Инжиниринг Казахстан» компаниясы филиалының басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою кезінде де алдымен жергілікті мамандардың мүддесі қорғалды.

— Өткен жылы еңбек нарығында біраз күрмеулі жәйт қалыптасты, – деді рәсім барысында облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ, – «Болашақ» зауыты құрылысынан жергілікті 11,5 мың адам босады. Шұғыл шаралар нәтижесінде солардың 70 пайызын өзге жобаларға тарттық. Өзгесі заң бойынша өтемақысын алуда. Оларды да жұмыссыз қалдырмаудың жолын қарастырудамыз.

Биыл да Солтүстік Каспий жобасына қатысты жерүсті жұмыстарынан тағы да 11,5 мың жергілікті мамандар қызметтен қысқарғалы тұр.

Біздің міндетіміз – осы адамдарды да жұмыспен қамту. Қазір Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары басталды. Осы істің негізгі мердігері «Синопэк Инжиниринг Казахстан» компаниясына жергілікті екі мың шамалы жасты орналастырмақпыз. Бұл да оңай болған жоқ. Зауытта жүзеге асырылатын шаралардың ауқымды екендігі де рас. Олар толымды тәжірибені де қажет етеді. Сол себепті қытайлық компания жұмысшылардың 15-20 пайызға жуығын сырттан шақырмақ болған-ды. Әрине, оларды да түсінуге болады. Зауытты жаңғырту шарасы үлкен міндетті жүктейді. Бірақ, біз компания басшылығымен сөйлесіп, сырттан келетін қызметкерлер санын 10 пайызға дейін азайттық. Демек, 90 пайызы қазақстандықтар болмақ. Өзге де жоспарланған шаралар бар. Сонда биыл «Болашақ» зауыты құрылысынан қысқартуға ілігетін жергілікті жастардың 80 пайызға жуығын қызметпен қамтуға болады.

Одан әрі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Еркін ШПАНОВ еңбек нарығында қалыптасқан қазіргі жағдайға шолу жасады. Оның айтуынша, «Синопэк Инжиниринг Казахстан» компаниясы бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарына бүгінгі қажеттілік 1710 адам екен. Мамандықтар мен кадрлар саны компания басшылығымен келісілген. Жобада бос жұмыс орындарының мол қалыптасуы биылғы тамыз-қыркүйек айларына тұспа-тұс келмекші. Сол кезде қабылдау да көп болуы тиіс.

Болашақ» зауыты құрылысынан жергілікті 11,5 мың адам босады

Қазір мұндағы бастапқы жұмыстарды атқарып жатқан алты мердігер мекемеде 408 адам еңбек етуде. Олардың 29-ы ғана – қытайлықтар, өзгелері – қазақстандықтар.

Атырауда жүзеге асырылмақшы интеграциялық газ-химиялық кешен бойынша біраз адам жұмыспен қамтылмақ. Оның тапсырыс берушісі – «Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк» компаниясы. Ал, негізгі мердігер ретінде «Синопэк Инжиниринг Казахстан» компаниясы белгіленген. Қазір мұнда төрт қосалқы мердігер бастапқы жұмыстарды жасап жатыр. Яғни, жол салынып, ауыз су мен электр желісі тартылуда. Келешекте «Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк» компаниясы басшылығымен де осындай өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қою жоспарланған. Оларға қойылатын талап та алдымен атыраулық жастарды жұмыспен қамту болмақ.

Басқосу барысында негізгі шара жүзеге асырылып, өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға жергілікті атқарушы билік атынан облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ пен «Синопэк Инжиниринг Казахстан» компаниясының филиалы жағынан өндіріс директоры Чжэн ФУЦЯН қол қойды.

Меморандум талаптарының орындалуы жұмыстан қысқарған 1710 азаматын тұрақты қызметпен қамтуға мүмкіндік береді

— Аталған Меморандум талаптарының орындалуы, – деді Бергей Сәулебайұлы қол қою рәсімі аяқталған соң, – облыстың жұмыстан қысқарған 1710 азаматын тұрақты қызметпен қамтуға мүмкіндік береді. Осы мәселені шешуге белсене қатысқаны үшін «Синопэк Инжиниринг Казахстан» компаниясы басшылығына алғыс айтамын. Осындай маңызды әлеуметтік құжаттар осында жұмыс жасап жатқан өзге де инвесторлармен рәсімделетініне сенімдімін.

Бірақ, бұл – үлкен шараның бастамасы ғана. Шетелдік инвесторлар алдына Елбасы тартып отырған біраз мәселе бар. Алдымен, бизнестің әлеуметтік міндетті талабы орындалуы шарт. Әрине, бұл өз алдына бөлек талқыланатын мәселе. Алайда, қазірден бастап құлағдар ету де артық емес.

Екіншіден, инвесторлар жүзеге асырып жатқан әр жобада қазақстандық мазмұн сақталуы тиіс. Бірінші кезекте жергілікті адамдар жұмысқа алынып, осында өндірілген өнімдер мен қызмет түрлеріне тапсырыс берілуі шарт. Қосалқы мердігер ұйымдардың өздері де жұмысқа атыраулықтарды тартуды қалыпқа енгізуі керек.

Мамандығы ұқсас және шеберлігі тең болса, республиканың өзге өңірлерінен келгендермен салыстырғанда жергілікті жастарға басымдық берілуі қажет. Міне, осы талаптар мүлтіксіз орындалғанда ғана біз сіздермен жақсы әріптес бола аламыз.

Ал, «Синопэк Инжиниринг Казахстан» компаниясы филиалының өндіріс директоры Чжэн Фуцян өз сөзінде осы шараны ұйымдастырғаны үшін облыстық әкімдікке алғыс айтты.

— Бізге әлемдік жобаларға толымды тәжірибе жинақтаған шебер мамандар қажет. Сондықтан, олардан бас тартпаймыз. Әрі осындай кадрларды ұсынып отырған жергілікті атқарушы билік басшыларына рахметімізді айтамыз. Мұнда іргелі жобаларды жүзеге асыруға келген инвестор ретінде егеменді елдің барлық заңдылықтарын сақтап, талаптарын орындауға уәде береміз, – деді ол.

…Міне, облыста жұмыссыздық мәселесін одан әрі оңтайлы шешуге бағытталған тағы бір шара осылай жүзеге асырылды. Енді жергілікті жастардың өздері де биік талаптар үдесінен шығып, алға ұмтылғандары абзал.

По сообщению сайта Nur.kz