Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

2002 жылдан бері Ресей тұрғындары 2,2 млн адамға азайды

Дата: 31 марта 2011 в 15:11 Категория: Новости экономики

2002 жылдан бері Ресей тұрғындары 2,2 млн адамға азайды

Осы аптада Ресейдің бүкіл ақпарат агенттіктері мен БАҚ-тары халық санағы жұ­мыс­тарының алдын ала мәлі­метін жариялады.

Алайда жағдай қуанарлықтай емес. Бұдан 9 жыл бұрын, яғни 2002 жылғы санақпен салыс­тырмалы түрде қарағанда, Ресей халқы 2,2 миллион адамға азайған көрінеді.

2002 жылы көрсеткіш 145,17 мил­лион болса, 2011 жылғы са­нақ­тың барысы 142, 9 мил­лион адамды көрсетіп отыр. Нақтылай айтқанда, Ресей халқының саны 2 миллион 260 мың адамға кеміген.

Ал мұның себебі неде? Ресей статистика агенттігінің төрағасы Александр Суринов­тың пікіріне қарағанда, халық санының азаюының басты себебі, миграциялық көшкінге байланысты туындап отыр.

Халықтың басым көпшілігі «жайлы жер іздеп» кеткен. Бірақ оны «жазғырып» отыр­ған билік жоқ.

Қайта жер-жаһанға кеткен отандастарын елге шақыру, орналастыру бағытында арнайы мемле­кеттік бағдарлама қабылдады.

Бірақ «елім-жерұйығым» деп ота­ны­на асығып, қоныстанып жат­қандар тым сирек. Екінші­ден, Ресей халқының ара­сында бүгінгі таңда өлім-жітім өте көбейіп отыр. Үшіншіден, жалғызбасты аналардың да саны артып, туу мүлде азайды. Халық саны өсімімінің тоқ­тауының бір себебі де осында жатқан сияқты.

Бірақ «елім-жерұйығым» деп ота­ны­на асығып, қоныстанып жат­қандар тым сирек

Әсіресе, Ресейдің Қиыр Шығысында тұратын тұрғын­дар­дың саны күрт қысқарған көрінеді. Бұл түсінікті де шығар. Өркениеттен тым алыс­­та және табиғаты тым қа­тал аймақта өмір сүріп жат­қан халыққа ең алдымен жағ­дай қажет.

Атап айтар бол­сақ, Магадан облысының тұр­ғындары 14,1 пайызға азайса, мұнайлы Тюмень, Ямало-Ненецк, Ханты-Мансийск автономиялы округтеріндегі тұрғындардың саны өскен.

Ал бүгінгі таңда Мәскеу қа­ла­сын­да 11,5 миллион халық тұрса, Санкт-Петерборда 4,849 адам тұрады.

Дағыстан мен Ше­шенстанның халқы 15 пайызға, Ингушетия тұр­ғын­дарының саны 11 пайызға артқан.

Бұрынғы санақпен салыс­тыр­малы түрде қарағанда, Ресейде ерлер мен әйелдердің арасында арасалмақтың қа­шықтағаны байқалады. Атап айтқанда, бүгінгі таңда Ре­сейде 66,2 миллион (46,3 пайыз) ерлер тұрса, әйелдердің саны 76,7 миллионды (53,7 пайыз) құрап отыр.

Ресейде ерлер мен әйелдердің арасында арасалмақтың қа­шықтағаны байқалады

Ал 2002 жылғы ерлердің саны 46,6, ал әйелдердің саны 53,4 пайызды көрсеткені белгілі. Мамандар ерлер санының өспей тұрға­нын олардың арасында өлім­нің көп орын алғанымен тү­сіндіріп отыр. Ал қала мен ауылда тұра­тын­дардың арасында айтар­лықтай өзгеріс жоқ. Қазір Ресей қалаларында халықтың 73,7 пайызы (2002 жылы -73,3) тұрады. Бұл деректер алдын ала берілген мәліметтер. Бірақ қалай айтқанда да Ресей хал­қының өсім бермей отырғаны билікті шын мәнінде алаң­датып отырғаны анық.

По сообщению сайта Nur.kz