Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ҚР Президенттігіне кандидат Ғани Қасымов әкімшілік басқарудың «қысқа» жүйесін құруды ұсынды

Дата: 31 марта 2011 в 21:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Серік Сабеков/ — ҚР Президенттігіне кандидат Ғани Қасымов облыстық әкімдікті таратуды ұсынып отыр. Бұл пікірін ол бүгін Астанада өткен онлайн желідегі конференция барысында мәлім етті.

«Мен әкімшілік басқарудың түсінікті әрі «қысқа» жүйесін құруды ұсынамын. Үкімет — министрлік — аудандық әкімдіктер», — дейді Ғ.Қасымов және ол өзінің көппартиялық парламентті  жақтайтынын атап айтты.

Ғ.Қасымовтың айтуынша, қазір облыстар мемлекет кезінде мол қаржы салғандықтан аяқтан тік тұрған, енді өздері ақша табуы тиіс.

«Мемлекеттің қаржысы мен көмегі ауылдарға жіберілуі керек. Біз бір-екі жыл ішінде ауылдарымыз Эстония, Франция мен Жапониядағы сияқты шағын қалашыққа айналатындай қайта құратын боламыз», — деп уәде етті ҚР президенттігіне үміткер.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы