Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Кейбір партиялар кикілжің тудыруы мүмкін

Дата: 01 апреля 2011 в 11:51 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Кейбір партиялар кикілжің тудыруы мүмкін

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бақылаушылары миссиясының басшысымен кездесуде осылай деп мәлімдеді.

Кейбір партиялар сайлау комиссиясына қатысу үшін өз өкілдерін енді ғана ұсына бастады. Ал заң бойынша олардың құқық қорғау органдарында есепте тұрмағандығын, тіркелген тұрғылықты мекенжайына қатысты ақпарат жинау қажет.

Бұған бірталай уақыт керек. Сондықтан сайлау комиссиясы ертең партия өкілдерін тіркеумен айналысатын бас прокуратура, басқа да органдардан қорытынды алып үлгермей, кейін олар тізімге енбей қалуы әбден мүмкін деп отыр.

Ал ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев өз кезегінде сайлау алды шаралардан өрескел кемшілік байқамағанын жеткізді.

Сергей Лебедев — ТМД байқаушылар миссиясының басшысы

«Біз үш апта бойы сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын, барлық шаралардың өтуін бақылап, оң баға беріп отырмыз. Әрине, кемшіліктер бар, жоқ емес. Көбінесе техникалық жағынан. Оның өзінде олардың бірде-бірі не кандидаттың, не сайлаушының құқын шектемейді».

Кезектен тыс сайлауды ТМД-дан 426 байқаушы қадағалайды. Ал миссияның басшысы Сергей Лебедевтің өзі Астана мен Ақмола облысындағы сайлау учаскелерін араламақ.

По сообщению сайта Nur.kz