Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Арқарға «Қызыл кітап» пана бола ма?

Дата: 01 апреля 2011 в 11:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Арқарға «Қызыл кітап» пана бола ма?

Арқадан ауған арқарға «Қызыл кітап» пана бола ма? Қоршаған ортаның құнды қазынасын қастер тұтқан қауым әрбір жүгірген аң мен ұшқан құсты, өсімдіктер әлемін көздің қарашығындай сақтауға көңіл бөледі.

Ашығын айтайық, осы тұрғыда біз өз жағдайымызбен мақтана алмаймыз. Кезінде иен даланың еркесіне айналған аң мен құстың көбі қазір санаулы ғана қалғандай.

Біразын «Қызыл кітапқа» да енгізіп үлгердік. Талай мәрте мылтық­тың нысанасына жазықсыз жануарды байлап та жібердік. Адамдар тарапынан осын­дай аяусыздық көрген тіршілік иелері аз ғана уақыт ішінде азайып шыға келді.

Осындай аңдардың қатарына арқарды жатқызуға болады.

Тау мен тасты мекен еткен арқар қазір көзге көп ұшыраса қоймайды. Бәлкім, адамнан аяушылық көрмегеннен кейін олар да өз әрекетін жасауға көшкен шығар.

Негізгі қонысы біздің қазақ даласы екен

Арқар – Азия құрлығында мекен ететін жан­уарлардың бірі. Әсіресе Тянь-Шань, Памир, Алтай тауларында кездеседі. Негізгі қонысы біздің қазақ даласы екен. Кең-байтақ дала­мыздың көптеген бөлігінде бар.

Елімізде арқардың үш түрі кездеседі. Алғашқысы – Қара­тау арқары. Олардың саны өте аз.

Жойы­лу­ға жақын десек те болады. Тек Қаратауда ғана таралған. Таудың жазықтау жоталарында бірен-саран көзге ұшырасады. Жалпы саны – 100 басқа жуық. Арнайы қорғайтын орын­дар жоқ. Одан кейінгісі Тянь-Шань тауының қазақ­стандық бөлігінде жүреді. Үшіншісі Солтүстік Қазақстан өңірін мекен еткен. Арқар­лар өздері тіршілік ететін аймақтарға байла­нысты бөлінеді. Алтай тауының біздің еліміз­дегі бөліктерінде де арқарлар көзге ұшыраса­ды. Ал елімізде қанша арқар бар екенін дөп басып айта алмаймыз.

Арқарлар неге азайып кетті?

Ғалымдар бұл тұрғыда зерттеу жүргізіп жүрген шығар. Дегенмен осы мақсатта елімізде нақты жоспарлар жоққа тән. Ол тек аталмыш аңға байланысты ғана емес. Әрбір аң мен құсты қорғауға алғанымыз артық емес қой. Осындай олқылық салдарынан табиғаттың тартуы бол­ған көптеген аң мен құс, өсімдік Қа­зақ­станның «Қызыл кітабынан» орын алуда. Адам­дар тек бір сәттік қызық қуғандарына мәз бо­лады. Ал оның соңында қаншама зардап бар емес пе?! Шындығын айтайық, ондай ол­қылықтың алдын алуға шамамыз келе ме? Өйт­кені ұлан-байтақ даламыздың әрбір қиы­рында жүрген аң мен құсты сала мамандары қор­ғай ала ма? Бұл – заңды сауал.

Өйткені қазір елімізде еріккен екінің бірі – браконьер. Олардың біршамасын қолға түсіріп жатырмыз. Ал құрыққа ілік­пегені қаншама? Иен даламыздағы аң мен құстың нақты санын тап басып есептеп бере аламыз ба?

Ұзақ жылдардан бері Сыр бойының табиғатын зерттеп жүрген биолог Оразбай Қосанов арқарлардың азайып кетуінің басқа да себептері бар екенін айтады. Оның пайымдауынша, қазір бұрынғы бұлақтар көзі азайып кеткен. Сондай-ақ жайылымдық жерлер де тарылып барады. Осының өзі арқарлардың сиреп кетуіне алып келді. Одан қалды, адамдар да жазықсыз жануарды мылтықтың оғына байлап жатыр. Яғни браконьерлік жағдай олардың ажал табуына итермеледі. Өте сақ жануар көбінесе күндіз жайылады. Қасқыр, сілеусін, аю секілді жыртқыш аңдар – олардың негізгі жауының бірі.

Қаратау жоталарында оларға арнайы қорғалу аймақтарын ұйымдастырған артық емес

Оразбай ҚОСАНОВ, биолог:

– Арқарлар еліміздің бірқатар қорықтарында қорғауға алынған. Дегенмен Қаратау бөктерінде жүрген түрлеріне ондай қамқорлық жасалып отырған жоқ. Сол себепті Қаратау жоталарында оларға арнайы қорғалу аймақтарын ұйымдастырған артық емес. Жалпы, бұл таудың сәніне айналған аңға деген ерекше қамқорлық болар еді. Әзірге оған назар аудармай отыр деуге болады.

Жалпы, Қаратаудың арқары өзге түр­лерімен салыстырғанда ірілеу келеді. Еркегі болып табылатын құлжасының салмағы 110 келіге дейін жетеді. Негізінен, биік жерлерге қоныс тебетін аталмыш аңды көргенде ерекше сезімге бөленесің. Ай мүйізінің өзін табиғаттың берген сұлулығы деп таңдай қағасың. Әлемнің әр қиырындағы аң мен құстың ешбірінен бір мысқал да кем түспейтін сұлулығы талай­дың көзінің құртына айналғандығы анық. Қазір туризм саласын дамытуға ерекше мән беріліп отыр.

Ендеше, таудың бау­райында демалыс аймақтарын ұйым­дастырсақ, «біздің табиғат байлығымыз есебінде көрсете алатын аңды қашан аялаймыз» деген сауал бар көкейде.

Оразхан АЙДАРОВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы:

Арқарлар қазақ даласының сәні еді, шындығында...

– Біз зерттеу жұмыстарына байланысты Қаратау бөктеріне талай мәрте бардық. Онда арқардың көп кездесетінін кезінде үлкендерден еститін едік. Дегенмен қазір олар көзге ұшыраса бермейді. Әрине, олардың саны азайып кеткені – өкінішті.

Шетелдерде әрбір аң мен құсты қорғауға ерекше мән беріледі. Олардың азайып кету сырына үңіледі.

Бізде әзірге осындай көзқарас жетіспей жүр. Саны азайған аң мен құсты «Қызыл кітапқа» тіркей бергенмен іс бітпейді.

Қазақта «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар» деген нақыл бар. Шын­дығында да солай. Оларға қамқор­лық танытып жатсақ, арқарлар азайып кетер ме еді? Қыс жылы болғанымен, арқар­ларға деген жанашыр көңіліміз жылы болмай тұрғандығы – аянышты.

Арқарлар қазақ даласының сәні еді, шындығында...

По сообщению сайта Nur.kz