Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жасым тоқсаннан асса да, сайлаудан қалып көргенім жоқ — А.Мұқышева, БҚО

Дата: 01 апреля 2011 в 12:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ОРАЛ. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ — Жасым тоқсанның төртеуіне келсе де, сайлаудан қалып көрмеген адаммын. Бұл туралы БҚО-ның Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылында тұратын зейнеткер Ақкенже Мұқышева мәлім етті.

Оның айтуынша, ері, Ұлы Отан соғысының ардагеріДүйсенғали оншақты жыл бұрын дүние салған. Қазір үлкен қызы Гүлжамалдың ұлы, жиені Максим Құспановтың қолында тұрып жатқан әжей алыстағы балаларымен де жиі хабарласып тұрады. «Қолдарына шақырғанмен, қартайғанда туған жерден қалай жырақ кетейін. Ауылда да тұрмыс жаман емес. Үйдегі теледидар, газет өз алдына, ауыл әкімдігінен де адамдар келіп, 3 сәуірде президенттік сайлау өтетіндігін айтқан. Бұрында да сайлаудан қалған жоқ едім. Соңғы жылдары жүріп-тұруы қиындаған қариялардан сайлауком мүшелері дауысты келіп алатын болды ғой. Мен де іштей таңдауымды жасап, әзір отырмын. Ең бастысы, ел тыныш, жұрт аман болып, қазақ елі қарыштап алға баса берсін», дейді А.Мұқышева.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы