Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қызылорда каратэшілері еліміздің чемпионатында 4 алтын медаль алды

Дата: 01 апреля 2011 в 13:01 Категория: Новости спорта

ҚЫЗЫЛОРДА. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ — Ақтөбе қаласында болып өткен каратэ-до шито-рюден Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының спортшылары табысты өнер көрсетті. Оған Астана, Алматы қалаларынан 500-ге жуық спортшылар қатысты. Қызылорда облысының спортшылары осы сайыстан 16 жүлде алып қайтты. Бұлардың арасында 4 алтын, 8 күміс және 4 қола медальдар бар.

Жарыс бағдарламаға сәйкес каратэнің кумитэ және ката түрінде өткізілді. Сыр бойынан барған саңлақтар арасында Нуриман Деней (8-9 жас, кумитэ), Диана Досқали (12-13 жас, кумитэ), Мөлдір Жаңбырбай (12-13 жас, кумитэ) және Меруерт Төреғали (16-17 жас, кумитэ) бірінші орынды жеңіп алды.  Сол сияқты Ақмарал Бекназар (8-9 жас, кумитэ және ката), Салтанат Ұбатжан (16-17 жас, кумитэ), Рүстем Мұсалдаев (6-7 жас, ката), Мұрат Ертаев (16 жастан жоғары, ката), Меруерт Төреғали (16 жастан жоғары, ката), Дәуірхан Мұхтаров (12-13 жас, кумитэ) және Зәуре Піржанова (18 жастан жоғары, кумитэ) финалда ғана ұтылып, екінші болды. Үшінші орынға  Абылайхан Мұхтаров (16 жастан жоғары, ката), Аслан Шорман (10-11 жас, кумитэ), Марта Ким  (10-11 жас, кумитэ) және Айбек Мереев (18 жастан жоғары, кумитэ) табан тіреді.

Чемпионат мамыр айында Таиландтың Банкгок қаласында өтетін Азия біріншілігіне іріктеу турнирі ретінде өтті. Осы сайыста 1,2 орын алған спортшылар енді осы құрлық додасына қатысады.

Команданы жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Тағыберген Жанәлиев, спортшылардың жеке жаттықтырушылары Рүстем Әбжәмиев, Уәлихан Алдоңғаров, Берік Құдайбергенов, Талап Әбдіраманов, Еркін Боханов және Нұрбол Тойшыбаев дайындады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы