Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қайырымды қарт ана орыс баласына домбыра сыйлады

Дата: 02 апреля 2011 в 07:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қайырымды қарт ана орыс баласына домбыра сыйлады

Біз газетіміздің өткен сандарының бірінде (№51, 29 нау­рыз) семейлік жас күйші Михаил Глазырин жай­лы мақала жариялағанбыз.

Талантты бала жай­лы естіп білген оқырманымыз — Қарағанды тұрғыны таяуда оның есепшотына 400 евро аударды. Қызығы сол – қайырымды қарт ана өз аты-жөнін жария қылмауды өтініп отыр.

Қазірде Миша жаңа концерттік домбыраға басқа қалаға тапсырыс беріп те қойды.

«Күй күмбірлейтін құдіретті аспап қолыма тисе, ел сенімін ақтауға барымды салам», – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 19-дағы семейлік Михаил Глазырин қасиетті қара домбырамен 40-тан астам шығарманы мүлтіксіз орындайды.

Тіпті әр күйдің тарихына дейін жатқа біледі. Әсіресе Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Нұрғиса сынды күйшілердің күйлерін тамсана шертеді.

Осындай қазақтың атақты күйшілерінің 40-тан астам шығармасын шалқытуда аянбай тер төгіп жүрген Михаилдың алдағы арманы — музыкалық колледжді ойдағыдай аяқтаған соң, Ќұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, күйшілік өнерін жетілдіру.

Қайырымды ана аты-жөнін ешкімге айтпауды өтінді

Михаил Глазырин, күйші:

– Басында сенбедім. Бірақ анам екеуміз есепшотымды тексергенде таңғалдық. Қуанғаннан анам көзіне жас алды. Сол қомақты қаржы жіберген кісіге алғысым шексіз. Қайырымды ана аты-жөнін ешкімге айтпауды өтінді. Домбыра қолыма тисе, үлкен концерттерге қатысып, бағымды сынаймын. Елдің аманатын арқаладым, енді оған қиянат жасамауға тырысамын. Соған қоса Халықаралық қазақ тілі қоғамының облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Орал Шәріпбай ағаға үлкен алғыс айтамын. Міне, бес жылға жуықтады, ол кісі мені түрлі шараларға қатыстырып, күйшілік өнерімді шыңдауға барын салып келеді. Күй ойнауға дұрыс домбыра әперем деп қанша жүгірді. Қаладағы кәсіпкерлер мен қалталы азаматтардың көбінің алдына да барды. Бірақ күй ойнауға арналған аспаптың қымбат екенін естігенде көбі теріс айналды. Ақыры Орал аға мен жайлы айтып газеттерге сұхбат берді. Ол кісінің де еңбегін ақтауға барымды салам.

 

По сообщению сайта Nur.kz