Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматыда автобус парктерінің 10% ғана жаңартылған

Дата: 02 апреля 2011 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматыда автобус парктерінің 10% ғана жаңартылған

Алматыны экологиялық таза қала атауға әсте ауыз бармайды. Өйткені қала атмосферасына жыл сайын 237 мың тонна зиянды заттар тарайды.

Мұның ішінде көлік құралдарынан 190 мың, жылу көздерінен 23 мың, жеке сектордағы тұрғын үйлерден 16 мың, өнеркәсіп орындарынан 3 мың тонна зиянды қалдық ауаға бөлінетін боп шықты.

Мұндай ресми мәліметті Алматыда өткен «Экологиялық таза қаланың көлік жүйесі» аталатын семинарда қала әкімі Ахметжан Есімов жария етті.

Әлбетте, экологиялық ахуалдың нашарлығын қарапайым халықты қойғанда, әкім де мойындап отыр. Мойындағаннан бөлек, сол ахуалды жақсарту жолдарында семинар барысында сөз етті.

Ауаның, негізінен, көлік құралдарынан ластанып жатқанын сөз еткен әкім бұл ретте бірқатар кешенді жобалар іске асырылып жатқанын жеткізді. Қазірдің өзінде нәтиже жоқ емес екен.

Көлік инфрақұрылымын жақсарту шараларының нәтижесінде ауаға таралатын зиянды заттар 19,9-дан 17,9 пайызға кеміпті. Алда өзге де міндеттер тұр.

Мәселен, автомобиль майларының сапасын қадағалау мен көлік құралдарының тексеруден өтуіне қатаң көңіл бөлу қажет. Өйткені қаланың өзіндегі 500 мыңнан аса автокөлікке күн сайын шет облыстардан келетін 200 мың көлікті қосқанда, олардан бөлінетін улы газдар қалаға үлкен жүк түсіреді.

«Дені сау» көлік болса бір сәрі, жылы да, сыны да ескірген көліктер әлгі жүкті бірнеше есеге ауырлатады. Бұдан бөлек, әкім 1-жылу электр орталығы толығымен газға көшірілетінін де айтты.

Алдағы 2 жылда «Қазтрансгаз» компаниясы енді жеке секторды газдандыруды толық аяқтауы тиіс.

Қала экологиясы үшін бұл да жұбаныш. Қала әкімі алда тұрған кешенді міндеттерді сөз еткеннен кейін Еуропа қайта құру және даму банкінің сарапшысы Сандуғаш Бейсенбекова қаладағы автобус тасымалының жұмысында кемшіліктер орын алып жатқанына тоқталды.

Соңғы 5 жылда қала автобус парктерінің тек 10 пайызы ғана жаңартылыпты, қалғандарының сапасы сын көтермейді

Оның айтуынша, қала басшылығының автобус тасымалына әр 3 жыл сайын өткізетін тендер жүйесі жақсы нәтиже беріп отырған жоқ. Өйткені әр автобустың қызмет ету мерзімі 7-12 жылмен есептелетіндіктен, жолаушы тасымалдаумен айналысатын операторлардың жаңа жобаларын қаржыландырудан лизингтік компаниялармен коммерциялық банктер бас тартып отырған көрінеді. Себеп — олар операторлардың тұрақты табыс көрсеткіші болғанын талап етеді. Ал бар болғаны 3 жылға тендер жеңіп алған операторда қандай тұрақты табыс кепілдемесі болмақ. Осының нәтижесінде соңғы 5 жылда қала автобус парктерінің тек 10 пайызы ғана жаңартылыпты, қалғандарының сапасы сын көтермейді.

Бүгінде автобус парктерінің 15 пайызының ғана өзінің техникалық қызметкерлері және базасы бар

Бүгінде автобус парктерінің 15 пайызының ғана өзінің техникалық қызметкерлері және базасы бар. Қалғандарында қызмет көрсету сапасы төмен.

Ешкім қаржыландырмайтын болғандықтан, шығынды өтеу мақсатында олар жолаушы санын шектемеуге мәжбүр. Одан арғысы белгілі, автобуста қысылған жолаушылардың операторларға деген сенімі төмендейді. Ал операторлар қосымша қаржы көзі болмағандықтан, жаңа автобус сатып алуды мүлде ойламайды да. Тіпті ойлағанның өзінде 3 жылдан соң, қайта тендер өткізілетін болғандықтан, мұндай қауіпті қадамға барғысы да келмейді. Тендерден жеңіліп қалса, шығынның көкесі сонда болады ғой. Сондықтан біз қала басшылығы мен операторлар арасында ұзақмерзімді келісімшарт жасалуын талап етеміз.

Келісім ұзақ мерзімге жасалған кезде операторлар лизингтік компаниялар арқылы қосымша қаражат көзін тауып, өз капиталын автобус парктерін жаңартуға жұмсауға мүмкіндік туғызар еді, — дейді Еуропа қайта құру және даму банкінің сарапшысы.

По сообщению сайта Nur.kz