Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Түрмеге 10 келі марихуана тасу әрекетінің жолы кесілді

Дата: 04 апреля 2011 в 09:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 4  сәуір.  ҚазАқпарат  /Ғалымжан  Хасенов/ — Қылмыстық-атқару жүйесі  қызметкерлері  қырағылығының арқасында,  3 сәуір күні   Қарағанды  облысындағы   түзету мекемесінің аумағына  10 келідей марихуана жеткізу   әрекетінің  жолы кесілді.

Бұл туралы   пенитенциарлық  жүйенің баспасөз қызметінен  хабарлады.

Түрме   қызметкерлері     ішкі    әскер  қызметкерлерімен   бірлесіп,     есірткі  тасымалдаушыны   ұстады.   Қарағанды  облысының  тұрғыны, 35 жастағы  азаматты  тінту кезінде      ішіне есірткі  заты салынған үш түйіншек  тәркіленді.

Осының алдында   Павлодардағы қатар режимдегі колонияда да есірткі тасу әрекетінің  жолы кесілді.  Сотталушыға   жіберілген   сәлемдемедегі карамель кәмпиттердің  ішінен    полиэтилен капсулаларына  салынған  героин заты  тәркіленді.  Ал Қарағанды  облысының Көксу кентіндегі  әйелдер  колониясында  сотталушыға   әкелінген  сәлем-сауқаттағы  көк пияздың ішінен   100 грамдай  героин  салынған   үш  түйіншек  табылған

Аталған  фактілер  бойынша     тергеу амалдары  жүріп жатыр.

2011  жылдың бірінші  тоқсанында   режимдік  нысандарға   есірткі    заттарын тасу әрекетінің 79  фактінің  жолы кесілді, деп хабарлады Қылмыстық-атқару  жүйесі комитетінен.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы