Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанда сатириктер қоғамы­мыздың қи­сық, қыңыр жерлерін жазуға қорқа­ды

Дата: 04 апреля 2011 в 11:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанда сатириктер қоғамы­мыздың қи­сық, қыңыр жерлерін жазуға қорқа­ды

Бүгінде сатириктер мен әртістердің бір-біріне өкпесі қара қазандай.

Әртістер «сахнаға лайық сатиралық туынды жоқ» десе, сатириктер «шебер орындайтын актерлер жоқ» деген уәж айтады. Тіпті пародистерміздің өзі саясат сахнасындағы белгілі тұлғаларға пародия жасап, өнер сахнасына алып келуге құлықсыз.

Сондықтан сахнамыз саяси сатираға «шөліркеп-ақ» тұр. Мұның сыры неде?! Елімізде саяси тұлғалардың танымалдылығының төмендігінен бе, әлде танымал тұлғаларға арнап саяси сатира жазатын сатириктердің жоқтығынан ба?

Тақырыпты осы саланың қазанында қайнап жүрген өнерпаздардың талқысына салып көрген едік...Олжас СЫДЫҚБЕК, пародист:

– Иә, бізде саяси сатираның жоқтығы соған лайық саяси тұлғалардың болмауынан туындап отыр.

Саяси сатираның жоқтығы соған лайық саяси тұлғалардың болмауынан

Мен бұл пікірді бұрыннан айтып жүрмін. Саяси сатираның өзі бірнеше жанрға бөлінеді ғой. Соның ішінде пародияға қатысты айтар болсам, біз пародия жасайтын танымал тұлғаларға өте зәруміз.

Пародия жанрының басты талабы – кейіпкер өте танымал болуы керек.

Әртістің бейнелеп жатқан тұлғасын барша халық танитындай болуы қажет. Мәселен, елімізде 14 облыста 14 әкім болса, солардың ешқайсысы танымал емес. Халық олардың аты-жөнін естігенімен, түр-тұлғасы, сөйлеген сөзі, мінез-құлқы халық назарынан тыс. Сондық­тан ол әкімді айнытпай салып тұрғаныңмен, халық «бұл кім өзі?» деп танымай қалуы бек мүмкін.

Сондай-ақ елімізде Мәжілісте – 107, Сенатта 47 депутат болғанымен, олардың ішінде халыққа кеңінен танымалы саусақ­пен санарлық. Халық қалаулыларын түгелдей тани бермейді. Халықпен етене араласып, ел алдына жиі шығып жүрген депутаттар аз болғандықтан, пародия жа­сағанда, халық олардың кез келгенін тани қоймайды.

Тіпті елімізде бір-бір саланың құлағын ұстап отырған қаншама министр­лер бар болғанымен, олардың халық алдында танымал бет-бейнесі жоқ. Одан кейін оларға пародия жасау да мүмкін емес. Саясат сахнасында белгілі тұлғалар болмағаннан кейін, амал жоқ, айналып келіп сол өнер адамдарына пародия жа­сау­ға мәжбүрміз. Халық кеңінен танитын бес-алты адамға айналып келіп қайта-қайта пародия жасай береміз. Дегенмен саяси сатира тек қана сая­саттағы тұлғалармен өлшенбейді ғой.

Сон­дықтан саяси сатираның аяғына тұсау болып тұрған мұнан да басқа жайттардың бо­луы әбден мүмкін. Мен тек қана өзіме жақсы таныс пародия тұрғысынан айтып отырмын. Жалпы, бүгінде сахнада саяси сатираның жоқтығын үлкен сын деуге болады. Сондықтан сатириктеріміз осы олқылықтың орнын толтыруға тырысса, өте дұрыс болар еді.

Алмат САҚАТОВ, әзіл-сықақ әртісі:

Көптеген адам еркін жазуға, еркін сөйлеуге қорқады

– Жоқ, мен бұл пікірге қарсымын. Сая­си сатираның жоқтығын қоғамда танымал тұлғалардың қалыптаспауынан іздеуге болмайды. Нағыз сатирик сахнаға лайық, кәсіби тұрғыдан жоғары туынды жазып, талантты әртіс оны сахнаға алып шықса, тасадағы тұлғаларды халық таныр еді. Заманымызға қарай қазір адамдар дүниеге жақын болып алды. Үлкен үйде тұрып, қымбат көлік мінгісі келеді. Жақсы тұрмысты аңсайды.

Сондықтан адамдардың бойындағы рухани құндылықтан гөрі пенделік жағы басым түсіп жатады. Осыдан келіп көптеген адам еркін жазуға, еркін сөйлеуге қорқады. Бұл сатираға да қатысты.

Шын мәнінде, сатириктерге ешкім «саяси тақырыптарға жазба» деп жатқан жоқ.

Бірақ олардың бойында іштей бір қор­қыныш қалыптасқан. «Басқа пәле – тілден» демекші, ертеңгі күні айтқан сөзім өзіме таяқ болып тимесін деп тайсалатын сыңай­лы. Сатириктер саяси тұлғаларды сатира­лауға, былайша айтқанда, «мазақ­тауға» жігерсіздік танытады. Қоғамы­мыздың қи­сық, қыңыр жерлерін де жазуға қорқа­ды. Осылайша бүгінгі күні баяғының Ос­панхан Әубәкіров, Асқар Тоқмағам­бе­тов­тері жетіс­пей отыр. Егер сатириктер жазатын болса, сахнаға алып шығатын дүние бізде өте көп. Мәселен, түйені түгімен жұтып, шетелге қашып кетіп, шал­қасынан түсіп шырт тү­кіріп жатқан азамат­тардың аты-жөніне қа­зір ел де, сатириктер де құлағдар. Ендеше, неге сахнада көрсет­песке?! Бірақ әзірге оны сатиралайтын адам табылмай тұр. Мұның соңы біздің қоғамда саяси сатираның қалыптаспауына да әкеліп соғып отыр.

Рас, бір кездері осы сатириктеріміздің сах­наға лайық шығармалар жазбауы сал­дарынан өзіміз бірдеңені шатып-бұтып жазып, сахнаға алып шыққан күндеріміз де болды. Яғни сахнаға лайық сатиралық туынды жоқ болғандықтан, әртістер өздері жазуға мәжбүр болатын. Бірақ саяси сати­раны жазу үшін саяси сауатты болу ке­рек. Сондықтан сатириктердің өздері қа­лам тартпаса, біз жеріне жеткізіп жаза ал­маймыз. Осының салдарынан саяси са­ти­раның жоқтығы бүгінгі күні сатирик­терімізге де, әртістерімізге де өте үлкен сын болып отыр.

Бейтарап пікір — Нұржан ТҰТОВ, пародист:

– Өз басым көбінесе пародияны өнер адамдарына жасап жүрмін. Егер саяси тұлғаларға арнап сатириктердің біреуі кәсіби деңгейде сатира жазып берсе, мен оны сахнаға алып шығуға даярмын. Ал өз басым саяси тұлғаларға арнап сатира жаза алмайды екенмін. Ол үшін олардың жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі мен істеген ісіне қанық кәсіби сатирик болу керек.

Саясаткерлердің ішінде әзірге Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке ғана пародия жасалып жүр.

Жалпы, бүгінде саяси сатираның жоқтығына осы тақырыпқа қалам жүгіртетін сатириктеріміздің жеткіліксіздігіне қоса, танымал тұлғаларымыздың тапшылығы да себеп болып тұрған секілді. Сатириктер мен әртістердің бірі «сатиралық туынды жоқ», енді бірі «шебер орындайтын актер жоқ» деп жататыны да шындық. Осы орайда екі шығар­машылық топты бірлесе жұмыс істеуге шақыратын арнайы ұйым болса, мәселе шешілер ме еді деп ойлаймын.

 

 

По сообщению сайта Nur.kz