Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Үлкен патриоттық сезімді оятатын әндер қажет

Дата: 04 апреля 2011 в 12:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Үлкен патриоттық сезімді оятатын әндер қажет

Қазақстанның жаңа кезеңдегі тарихи жетістіктері тақырыбын паш ететін көркем шығармалар мазмұндық-сапалық жағынан да атына заты сай болуы тиіс.

«Туған жерім менің, Думан-дала елім, Қандай шырын сезім!» Соңғы кездері телеарналардан жиі естілетін ән жолдарының бірі – осы. Былай қарағанда, бәрі тамаша сияқты.

Бірақ бұл әннің сөзі де, әуені де, орындалуы да көтерген тақырыбына лайық деу қиын. Тәуелсіздік, Отан, қасиетті туған жерді жырла дегенде, осындай жаттанды сөздермен, жеңіл-желпі ырғақпен ән шығару керек пе?! Бұл әнге шүйлігіп тұрған ештеңеміз жоқ.

Құдайға шүкір, бізде отаншылдық тақырыбындағы тамаша туындыларымыз жетерлік.

Дегенмен көркемдігі сын көтермейтін әндердің де солармен жағаласып жүргені шындық. Ол дүниелердің өміршеңдігін уақыт шешіп береді десек те, Тәуелсіздік, атамекен, Қазақстанның жаңа кезеңдегі тарихи жетістіктері тақырыбын паш ететін көркем шығармалар мазмұндық-сапалық жағынан да атына заты сай болуы тиіс тәрізді және аты отаншылдық болғанымен, заты ортанқол туындылардың болғанынан болмағаны артық сияқты. Музыка саласы мамандары не дейді?

Бұрын патриоттық әндерді тек кәсіби мамандар ғана жазатын

Артық Тоқсанбаев, Қазақстан Композиторлар одағының әкімшілік жетекшісі: Иә.

– Бұрын патриоттық әндерді тек кәсіби мамандар ғана жазатын. Ал қазір ондай әндерді кез келген адам шығара беретін болды. Ақшасын төлесең болды, патриоттық әнді шығарып бере cалатындар көп. Әрине, егер оның сапасы жақсы болса тыңдауға болады, ал егер сапасы сын көтермейтін болса, біздің сорымызға айналады. Сондай-ақ бір ғана композитордың әндерін қайта-қайта насихаттай бергеніміз де дұрыс емес. Мәселен, патриоттық әндер Қ.Шілдебаевтың «Отан -Ана» деген әні сияқты болса жетіп жатыр. Мұның өзі үлкен патриоттық сезімді оятатын ән дер едім. Ән қалай болса, солай жазыла бермеуі керек. Әнге де қойылатын талаптар бар. Өлеңнің мазмұны, әннің ырғағы тыңдарманның көңілінен шығатындай, нағыз патриоттық сезімді оятатындай болуы керек.

Қазір көркемдік сапасы сын көтермейтін әндер жетерлік. Тіпті сапасы 99 пайызға на­шар әндер бар. Бұрын радио, теле­ар­на­ларда көркемдік кеңес деген болатын. Эфирге шығатын барлық ән осы кеңес­тің сұрыптауынан өтетін. Өкінішке қарай, қазір ондай кеңестер жоқ. Бүгінгі радио, телеарналарда формат деген болады. Барлық ән осы форматқа байланысты беріліп отырады. Ал тыңдарман талғамы көп жағдайда ескерілмей жатады. Сол себепті патриоттық тақырыптағы әндердің де сапасына көңіл бөлінбейтін болды. Бүгінде көптеген елде фонограммаға да шектеу қойылған. Әзірбайжан, Мол­дова, АҚШ-та, Еуропа елдерінде ешкім сахнада фонограммамен ән айтпайды. Ал біз әлі күнге дейін фонограммамен қосақ­та­лып жүрміз. Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Нағима Есқалиева сынды әнші­лер бұрын жанды дауыспен-ақ жұртты дү­ріл­детіп, тыңдармандарын баурап жүрді ғой. Шынын айту керек, бүгінде Қазақ­стан­да жұлдыз болу оңай болып кетті. Қалтасы қампиғандардың ұл-қыздары, жақындары ақшаға клип түсіріп алады да, бір күнде-ақ жұлдыз болып шығады. Сон­дықтан да мен фонограммаға да шектеу қою керек деп есептеймін. Сонда көркемдігі сын көтермейтін әндер өзінен-өзі шетке шығып отырады. Менің екінші ұсынысым, бәлкім, оларда көркемдік кеңестерді қайта құру керек шығар. Әйтпесе қазір қоқыстың барлығы эфирден түспейтін болды.

Құдайберген Бекіш, әнші, ҚР мәдениет қайраткері: Жоқ

– Егер Қазақстанда кішкене ғана патриот­тық ұшқыны бар әндер болатын болса, мен қос қолыммен қолдаймын. Батыстың даңға­за жүз әнін тыңдағаннан гөрі, сапасы төмен болса да отаншылдық тақырыбындағы бір қазақ әнін тыңдағаным артық. Қазір елімізде патриоттық сарындағы әндердің қатары көбейіп келеді. Оның ішінде сапалысы да, сапасы төмені де бар. Бірақ сапасы төмендеу екен деп мен оларды қатардан шығарып тастай алмас едім. Неге? Себебі жаңадан қаз-қаз тұрып келе жатқан еліміз үшін мұндай кез келген ән артықтық етпейді. Біреуі болмаса да біреуі жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосары айдан анық. Сондықтан да, өз басым «көркемдігі сын көтермейді екен» деп әндерді де, олардың орындаушыларын да немесе сол өлеңді шығарған ақынды қоғам­нан ысырып тастауға қарсымын.

Бүлдіршіндерге мек­тепте ұлттық, патриоттық әндерді тың­да­ту керек сол үшін

Біз осы жаңадан көрініп, енді ғана та­лан­ты ашылып келе жатқан адамдардың аяғынан шалып, құлатуға құмармыз. «Бұл өспей-ақ қойсын, бұл әнші немесе ән нашар екен» деп сын тағуға құмармыз. Ал оларды көтеріп, қолдауға келгенде сал­ғырттық танытамыз. Мұрнымызды шүйіріп, теріс айналып кетуге дайын тұ­ра­мыз. Қазіргі жастардың талғамы бөлек. Расын айтқанда, олар жаңаша әндерге құмар. Ал жаңа әндерге жаңа дыбыстар да қосылады. Мұны мен не үшін айтып отырмын? Кейбір азаматтар патриоттық әндер дегенді домбыраны қолына алып, шырқай жөнелетін ән деп түсінеді. Бұл дұрыс емес. Жаңа әндердің ішінде де не­ше түрлі патриоттық әндер бар. Егер осын­дай әндер «Қазақ елім, Қазақстаным» деп тұрса, оны неге қолдамасқа?! Жалпы, «патриот» деген сөз кез келген жерде айтыла бермейді. Мұндай сөз көбіне әндер ар­қылы адамдарға жетеді. Ән арқылы адам­ның жан дүниесіне, ішкі әлеміне қонады. Сөйтіп, адам бірте-бірте патриотқа ай­на­лады. Жаңа «патриотизм» деген сөзді кез келген жерде айта беруге болмайды дедім. Неге? Өйткені қоғамда жалған пат­риоттар да болады. Құр айқаймен адам­дарды патриоттыққа шақырған болады. Ал шын мәнінде құр айқайлаған адам қо­ғам емес, өз пайдасы үшін жұмыс істейді.

Менің ойымша, пат­риотизмді мек­теп жасынан бастап балаларға үй­рету керек. Кішкентай кезінен патриот болып өскен бала үлкейгенде де ел үшін қыз­мет ететін болады.

Бүлдіршіндерге мек­тепте ұлттық, патриоттық әндерді тың­да­ту керек сол үшін. Мәселен, мұндай тәсілді Қытай елінде қолданады. Ондағы ба­лалар кішкене күнінен патриоттық ән­дерді тыңдап өсіп, отаншыл рухта тәр­бие­ленеді. Ал бұл үшін біздің сапасы сын кө­термейді екен деп, патриоттық әндерді қыс­қарта беруімізге болмайды. Қазір мен «Қазақстан – республикам менің» деген ән жазып жатырмын. Мұндай ән менің қоржынымда болуы керек деп ойлаймын. Бұл әннің стилі бөлек. Ол ыңырсып ай­ты­латын ән емес. Әрине, жарыққа шық­қаннан кейін әніме сын айтушылар көп болатынын білемін. Біреу сынар, біреу мінер, енді біреу мақтайтын шығар, бә­рі­бір, ол қазақтың патриоттық әні болып қа­ла береді. Мен өзімді патриот сезінемін. Жал­пы, біз бұрыннан патриотпыз. Елімізді сатып кеткен жоқпыз, әнімізді басқа тілге ауыс­тырып алған жоқпыз. Абайдың зама­ны­нан келе жатқан «әннің де естісі бар, есері бар» деген сөз бар. Сондықтан бұл мә­селені бір күнде шешу мүмкін емес. Сол деңгейге жетіп алайық, сосын, бәлкім, мә­селені түп­та­мырымен шешерміз деп ойлаймын.

Бейтарап пікір

Ақжол Мейірбеков, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Өлеңді ақын жазады. Өлеңнің сапасы ақынның жазу деңгейіне бай­ла­нысты. Егер ақын жақсы өлең жазып, композитор жақсы ән шығарса, тәп-тәуір дүниеге айналады. Қазір жастар неше түрлі әндер жазып жатыр. Олардың барлығын мен құптаймын. Егер біз олардың меселін қайтара беретін болсақ, әнді кім жазады? Керісінше, жастарды қолдауымыз ке­рек, қажет кезде қол ұшымызды беруіміз керек. Егер әндеріміз жақсы бол­сын десек, бір-бірімізді тұқырта бермей, керісінше, көмектескеніміз аб­зал. Өз басым кез келген әнді орындай бермеймін. Өзімнің елге та­ны­мал әндерім бар. Ескендір ағамыздың да елге танымал әндері көп. Оның «Ата­мекен» әні кез келген кештің нүктесін қоятынын өздеріңіз білесіздер. Әри­не, осындай әндер туа берсе, ұлт үшін үлкен ұпай болар еді.

По сообщению сайта Nur.kz