Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жүкті әйелге бір мезгілде екі операция жасалды

Дата: 04 апреля 2011 в 15:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жүкті әйелге бір мезгілде екі операция жасалды

Атырауда тұңғыш рет жүкті әйелге бір мезгілде екі операция жасалды.

Жүз адамның бірінде сирек кездесетін «Марфан синдромы» сырқатына ұшыраған жүкті әйелге кесар тілігі мен жүрегіне жасалған операция сәтті өтті.

Атырау облыстық перзентханаға жедел жәрдеммен ауыр халде жеткен 30 жастағы Маринаның жатырындағы жеті айлық баланы аман сақтап қалу үшін облыстық перзентхананың бас дәрігері Ұлжан Хасанова қалалық аурухананың білікті мамандарының көмегіне жүгінген.

Нәтижесінде қалалық аурухананың білікті кардиолог мамандары Мейрам Нұғыманов пен Салтанат Жетібаевалар жүкті әйел Марина Бердіғалиеваның қан қысымының тым жоғары болу себебін анықтауда жүрегін тексеріп, оның сирек кездесетін «Марфан синдромы» сырқатына шалдыққаны туралы нақты диагноз қойған.

Медицинада мұндай сырқатпен шалдыққан сырқаттарды дереу ота жасап емдемесе адамды ажалдан арашалау мүмкін емес.

Сондықтан мамандар облыстық перзентханада жатқан жүкті әйелді қалалық аурухананың кардиология бөліміне жатқызып, екі операцияны бір күнде жасады.

Ең алдымен облыстық перзентхананың бас дәрігері Ұлжан Хасанова әріптестерімен бірге жүкті әйелге кесар тілігін жасап, салмағы 1 кило 640 грамм, бойы 38 см 7 айлық қыз баланы аман алып қалды. Содан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасының шақыртуымен келген Астанадағы ұлттық ғылыми медициналық орталықтың кардиохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Серік Мендіқұлов басшылық еткен және құрамында перфузиолог Әсемгүл Сүйіналина мен атыраулық мамандар бірігіп жас ананың жүрегіне операция жасады.

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Атыраудағы операцияны бейне конференция арқылы көріп отырды

Атыраудағы операцияны бейне конференция арқылы көріп отырған Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен Ұлттық ғылыми медицина орталығының директоры Абай Байкенжиндер тарапынан атыраулық дәрігерлердің жүкті әйелге диагнозды дұрыс қойып, нақты шешім қабылдап, ана мен баланы аман алып қалудағы біліктіліктері жоғары бағаланды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығының орынбасары Дина Камелованың айтуынша, казіргі күні жас ана Марина қалалық аурухананың кардиологиялық бөлімінде ем алып жатса,

Еркежан есімді кішкене бөбек облыстық перзентханада дәрігер мамандардың бақылауында.

Алдымен Алланың, содан сон дәрігер мамандардың біліктілігі арқасында аман қалған ана мен бала жақын күндері бір-бірімен табысатын болады. Екі операцияны бастан өткерген Маринаның да, салмағы 2 килоға жеткен Еркежан да өздерін жақсы сезінуде.

По сообщению сайта Nur.kz